Ердоған: Қатыгез Нетаньяху мұсылмандардан қажетті сабақ алады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i84406-Ердоған_Қатыгез_Нетаньяху_мұсылмандардан_қажетті_сабақ_алады
ParsToday - Түркия президенті Газадағы сионистік режимнің қылмыстарына сілтеме жасай отырып: «Бұл режимнің қатыгез премьер-министрі мұсылмандардан қажетті сабақ алады», - деді.
(last modified 2026-05-27T12:45:16+00:00 )
Maм 27, 2026 17:47 Asia/Almaty
  • Ердоған: Қатыгез Нетаньяху мұсылмандардан қажетті сабақ алады

ParsToday - Түркия президенті Газадағы сионистік режимнің қылмыстарына сілтеме жасай отырып: «Бұл режимнің қатыгез премьер-министрі мұсылмандардан қажетті сабақ алады», - деді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Құрбан айттың келуімен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қатты сынға алып, Газа халқымен ынтымақтастық білдіріп, оны қатыгез адам деп атады.

Газадағы жағдайға тоқтала отырып, ол былай деді: «Өзімнің және ұлтымның атынан осы Құрбан айт мерекесін, қайғы-қасіретпен қарсы алып отырған барлық бауырлар мен апа-қарындастарыма, әсіресе Газадағыларға ең күшті ынтымақтастық хабарламаларымды жолдаймын және оларды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.

Ыстамбұлдағы Чамлыжа мешітінде Құрбан айт намазын оқығаннан кейін, Ердоған тілшілерге Газадағы соғыс Түркиядағы және бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін Құрбан айт мерекелеріне әсерін тигізді.

Сионистік режимнің Газадағы соғыс қылмыстарының жалғасуына тоқтала отырып, ол: «Нетаньяху деген атпен танымал тиран әлем мұсылмандарынан қажетті сабақ алады», - деді.

Сионистік режим Америка Құрама Штаттарының қолдауымен 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторының тұрғындарына қарсы жойқын соғыс бастады, бірақ мақсаттарына соғыс арқылы жете алмады және ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтатуға келісуге мәжбүр болды.