Сандерс Нетаньяхудың АҚШ-тан әскери көмек алудың жаңа айла-шарғысына қарсы
ParsToday – Вермонт тәуелсіз сенаторы АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешеніндегі Израильдің ықпалын күшейтетін Конгресте қарастырылып жатқан заңға қарсы болатынын мәлімдеді.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Вермонт тәуелсіз сенаторы Берни Сандерс жексенбі күні X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында былай деп жазды: «Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху американдықтардың Израиль соғыстарын қаржыландырудан шаршағанын біледі. Сондықтан қазір ол Пентагонның бірлескен өндірістік келісімшарттарында әскери көмекті жасыру үшін Конгресспен бірлесіп жұмыс істеп жатыр».
Сандерс Нетаньяху АҚШ көмегін азайту ретінде ұсынған ұсыныс іс жүзінде АҚШ салық төлеушілерінің көбірек ақшасын Израильге бағыттауға әкелетінін ескертті.
Ол: «Бұл болмайды!» деп баса айтты.
АҚШ Ұлттық қорғаныс туралы заңына енгізілген бұл ережеге тағы екі конгрессмен, Ро Ханна мен Томас Масси, қарсылық білдіргені айтылады.