Малайзия премьер-министрі: ешқандай израильдікке Малайзияға кіруге рұқсат жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i85050-Малайзия_премьер_министрі_ешқандай_израильдікке_Малайзияға_кіруге_рұқсат_жоқ
ParsToday - Елдің сионистік режимді мойындамау жөніндегі тұрақты саясатын атап өткен Малайзия премьер-министрі Малайзияда Израиль азаматтары анықталса, олар ешқандай жеңілдіксіз депортацияланатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-07-16T17:05:18+00:00 )
Шіл 16, 2026 16:29 Asia/Almaty
  • Малайзия премьер-министрі: ешқандай израильдікке Малайзияға кіруге рұқсат жоқ

ParsToday - Елдің сионистік режимді мойындамау жөніндегі тұрақты саясатын атап өткен Малайзия премьер-министрі Малайзияда Израиль азаматтары анықталса, олар ешқандай жеңілдіксіз депортацияланатынын мәлімдеді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибраһим сәрсенбі күні тілшілерге: «Барлық қауіпсіздік агенттіктері мен лауазымды тұлғалары Израиль азаматтарының Малайзияға кіруі мүмкін екендігі туралы хабарламаларды тексеріп жатыр, және бұл елдің үкіметі олардың келуіне рұқсат бермейді», - деп қосты.

Ол былай деп баса айтты: «Малайзия Израиль режимін танымайтындықтан, Израиль азаматтығы бар адамдардың Малайзияға кіргені анықталса, бұл адамдар дереу елден қуылады».

Малайзия премьер-министрі сонымен қатар: «Бұл мәселе бойынша тексерістер жүріп жатыр және жауапты органдар қосымша мәліметтерді жариялайды», - деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемелер Малайзияның Джохор штатында басқа елдердің төлқұжаттарын пайдаланатын кейбір Израиль азаматтарының болуы мүмкін екендігі туралы хабарламалар жарияланғаннан кейін жасалды.

Малайзия Израиль режимімен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ елдердің бірі және әрқашан Палестина ісін қолдайтынын және бұл режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге қарсы екенін мәлімдеді.