Пәкістанның Қорғаныс министрі: Ислам елдерінің сионистік режимге қарсы бірлігі өте маңызды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i85198-Пәкістанның_Қорғаныс_министрі_Ислам_елдерінің_сионистік_режимге_қарсы_бірлігі_өте_маңызды
ParsToday - Пәкістанның Қорғаныс министрі сионистік режимге қарсы ислам елдерінің бірлігінің қажеттілігін атап өтті.
(last modified 2026-08-08T13:46:20+00:00 )
Там 08, 2026 18:46 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Қорғаныс министрі: Ислам елдерінің сионистік режимге қарсы бірлігі өте маңызды

ParsToday - Пәкістанның Қорғаныс министрі сионистік режимге қарсы ислам елдерінің бірлігінің қажеттілігін атап өтті.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф ислам елдері НАТО сияқты келіспеушіліктерді ысырып қойып, бір-бірімен бірігіп, интеграциялануы керек, бұл ретте қолданыстағы сауда мәселелері мен екіжақты келіспеушіліктерден тысқары шығуы керек деді.

Ол: «Израильге қатысты ислам елдері бірігіп, бір-бірімен интеграциялануы керек»,- деп қосты.

Асиф сионистік режим мен оның саясатына қарсы тұру үшін «ислам елдерінің бірлескен жауабы» қажет деп: «Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мұсылман елдеріне ешқандай пайда әкелмейді»,- деп мәлімдеді.