Барселона клубының француз қорғаушысы: Палестинаға бостандық
https://parstoday.ir/kz/news/world-i85370-Барселона_клубының_француз_қорғаушысы_Палестинаға_бостандық
ParsToday – Жюль Кунде, Барселона футбол клубының француз қорғаушысы тағы да Палестинаны қолдайтынын білдірді.
(last modified 2026-09-16T09:36:53+00:00 )
Қыр 16, 2026 12:38 Asia/Almaty
  • Барселона клубының француз қорғаушысы: Палестинаға бостандық

ParsToday – Жюль Кунде, Барселона футбол клубының француз қорғаушысы тағы да Палестинаны қолдайтынын білдірді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Жюль Кунде, Барселона клубының француз қорғаушысы америкалық рэпер Маклемордың өткір және мағыналы сөзін қайта жариялап (репост жасап), спорт және әлеуметтік желілердің назарын аударды.

Маклемор бұған дейін осы мәлімдемелерді жариялаған, онда оның Палестинаға қолдау көрсету жөніндегі саяси ұстанымдарының салдарлары туралы айтылған еді.

Маклмор былай деп жазды: «Палестинаға бостандық. Егер осы сөздер мені сахнадан айырса — әрі сол арқылы назарды қайтадан Палестина мәселесіне аудартса, — онда бұл менің мансабымдағы ең сәтті сапар болмақ».