БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сионистік режимнің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптады
Қаз 13, 2026 12:09 Asia/Almaty
ParsToday - БҰҰ өкілі мен осы халықаралық ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері сионистік режимнің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптады.
ParsToday Иранның Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілінің орынбасары Клаудио Кордоне мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сирияға қатысты өткен отырыста Израиль режимінің осы елге жасаған шабуылдарын айыптап, агрессияны тоқтатуға шақырды әрі Дамасктың егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттігін баса айтты; алайда Америка Құрама Штаттары сионистік режимді қолдай отырып, тек Дамаск пен Тель-Авив арасындағы диалогқа шақырумен ғана шектелді.
Тегтер