Бітім келіссөздерінің бұлыңғыр болашағы
(last modified Sat, 04 Jun 2016 12:56:56 GMT )
Маусым 04, 2016 18:56 Asia/Almaty
  • Бітім келіссөздерінің бұлыңғыр болашағы

Палестиналық күрескер топтар Палестинаның мәселесін шешу үшін Париж конференциясын өткізуді Палестина халқының мүдделеріне қайшы шара деп атады.

Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысы, Исламдық джиһад қозғалысы мен Палестинаны азат етуге арналған халықтық майдан ортақ мәлімдеме жарияланып: «Францияның Палестинада бейбітшілік орнатуға бағытталған жобасы палестиналықтардың ұлттық принциптерін бұзады, оның мақсаты Израильмен бітімге келу туралы мәнсіз келіссөздерге қайта оралу болып отыр»,-деп баса айтты.

Бұл топтар Құдсты жаулап алған режиммен күресудің жалғыз жолын онымен қарсыласуды жалғастыру санап: «Бітім келіссөздері сионистік режимнің мүддесін көздейді»,-деп жариялайды.

Палестиналықтар Францияның халықаралық бейбіт конференция өткізуге бағытталған шарасын Палестина халқын алдарқату және олардың құқықтарын, соның ішінде босқындардың өз отанына қайтып оралу құқығын ұмыттыру үшін жасалып жатқан әрекет деп бағалады.

Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитетінің мүшесі Ахмад әл-Маджлани да Париж конференциясының басталуына білдірген реакциясында: «Сионистік режимнің Палестина жерінде бейбітшілік орнату үшін ешқандай бағдарламасы жоқ»,-деді.

Палестинаның мәселесін шешуге бағытталған Париж халықаралық конференциясы жұма күні өз жұмысын бастады.

Францияның Сыртқы істер министрі де өз сөзінде: «Израиль мен Палестина арасында тікелей келіссөздер өткізудің еш пайдасы жоқ»,-мойындады. «Париждегі бітім» деп аталатын халықаралық келіссөздерді өткізуші Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро ретінде жұма күні: «Франция израильдіктер мен палестиналықтарға келіссөздерді бір нәтижеге жеткізуге көмектесуді қалайды»,-деп уәж айтты.

Франциялық орталар «Франция Израиль мен Палестина арасында бітім келіссөздерін қайта бастаудың жолын табу мақсатында Парижде әлемнің алпауыт елдері Сыртқы істер министрлерінің басын қосты. Алайда осы конференцияға қатысуға Израиль мен Палестина өкілдері шақырылмады, мұндай конференция жеңілістен басқа нәтиже бермейді» деп мәлімдеді.

Басқыншы режимнің одақтасы АҚШ әрдайым қос жақтың тікелей келіссөздер өткізуін қолдап, «бейбітшілік орнату» деп аталатын көпжақты жобаларға қарсылық білдірген жағдайда Франция Израиль мен Палестина өкілдерінің қатысуынсыз халықаралық конференция өткізді. Айта кету қажет, Париж конференциясы жайында көп жарнамаланды, алайда көптеген ақпарат орталарының пайымдауынша, Францияның Израиль мен Палестина автономды құрылымы арасында бейбіт диалогты қайта бастау талпынысы жеңіліске ұшырайды, өйткені Израиль оның ықтималды нәтижелеріне көңіл аудармайды.

Осы аяда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы да Париж конференциясында: «1993 жылы сионистік режим мен Палестина автономды құрылымы арасында қол қойылған «Осло келісімінің» орындалатындығына қатысты үміт үзіліп барады»,-деп мойындады.

Париж конференциясына қатысқан Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерико Могерини бітім келіссөздерінің болашағы мен араб елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынасы туралы өз пікірін білдірді: «Біз бір нәрсені таңуға күш салып жатқан жоқпыз, алайда аймақтық және халықаралық әрекеттер жасалмай, тараптар келіссөз үстелінің басына келмейді»,-деді. Могерини сионистік режимді де палестиналықтарға қатысты ұстанымдары, соның ішінде қалашықтар салу ісі үшін сынға алып: «Қалашықтар салу ісін ілгерілету, палестиналықтардың үйлерін қирату, қатыгездік пен арандатушылық саясаты бізге бітім келіссөздерінің болашағының шынымен-ақ жоғалып бара жатқанын айқын көрсетіп отыр»,-деді.

Тегтер