Иранды террорист деп атау - Батыстың екіұшты саясатының белгісі
(last modified Sun, 05 Jun 2016 15:55:46 GMT )
Маусым 05, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Иранды террорист деп атау -  Батыстың екіұшты саясатының белгісі

Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ- тың мемлекеттік департаменті тарапынан Иранның террорист деп аталуын Батыстың екіұшты саясатын көрсетеді деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда мәліметтерді сараптау ұлттық форумының өткізілуі аясында Америка тарапынан Иранның террорист деп аталуы туралы айтқан сөзінде: «АҚШ кезінде басқыншылық соғыста Баас режимін ұйымдастырушы болып, Саддамға ақпарат беріп тұрды. Саудиялықтардың қаражатымен аймақтағы кейбір елдерді жабдықтар жеткізу үшін өз уысында ұстады. Сондай- ақ «Монафеғин» ұйымын Баас режимінің қол шоқпары ретінде қалыптастырды.

Алайда америкалықтар ешқашан «Монафеғин» лаңкестік тобын террористер тізіміне енгізген емес. Олар бүгін де ДАИШ-ты көзір ретінде пайдаланып, сионистік режимді қорғап, негізгі стратегиясы үстемшілдікпен жауласу болып табылатын Иран ислам республикасын террористер тізіміне кіргізеді» деді.

АҚШ- тың мемлекеттік департаменті өткен бейсенбі күні жариялаған есебінде дәлелденбеген уәждерді қайталап, Иранды лаңкестікті қолдап отыр деп айыптады.