Маусым 08, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Мысыр ұшағы төтенше жағдайда Өзбекстанға қонды

Каирдан Бейжіңге қарай бет алған Мысырдың EgyptAir әуе компаниясының ұшағы "бомба қойылды" деген қауіп салдарынан төтенше жағдайда Өзбекстанға қонды.

Каир әуежайының қызметкерлері осы ұшаққа бомба қойылған деген ескерту алған соң ұшақ қонуға мәжбүр болды. Осы мәлімет бойынша, ішінде 118 жолаушысы болған ұшақ төтенше жағдайда Өзбекстанның Үргеніш қаласына қонған соң ішінен барлық жолаушы шығарылып, тексеру шаралары басталды, бірақ ұшақ ішінен еш жарылғыш зат табылған жоқ.

Тегтер