Израильге Америка тарихындағы ең үлкен әскери көмек ұсыналатындығы жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i9091-Израильге_Америка_тарихындағы_ең_үлкен_әскери_көмек_ұсыналатындығы_жарияланды
Вашингтондағы Америка еврейлері комитетінің әлемдік қоғамындағы Американың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райс Американың Израильге беретін жаңа көмегінің шамамен 40 млрд долларды құрайтынын айтып: "Бұл көмек Израильге әуе флотын заманауиландырып, зымырандық әлеуетін күшейтуге жағдай жасайды" деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 09, 2016 10:20 Asia/Almaty
  • Израильге Америка тарихындағы ең үлкен әскери көмек ұсыналатындығы жарияланды

Вашингтондағы Америка еврейлері комитетінің әлемдік қоғамындағы Американың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райс Американың Израильге беретін жаңа көмегінің шамамен 40 млрд долларды құрайтынын айтып: "Бұл көмек Израильге әуе флотын заманауиландырып, зымырандық әлеуетін күшейтуге жағдай жасайды" деп мәлімдеді.

АҚШ үкіметі 2016 жылы сәуір айында Сенат мәжілісінің қысымымен өз тарихындағы ең үлкен көмегін сионистік режимге беруге міндеттеме қабылдады. Вашингтон мен Тель- Авив жуықта 2018 жылы қолданыс мерзімі аяқталатын келісімшартты ұзартуға және 10 жылдық келесі бір келісімшартқа қол қою туралы келіссөз өткізді.

Америка тарапынан сионистік режимге 40 млрд долларлық әскери көмек ұсынылатындығын жариялау Ақ Үйдің Израильге бас иіп отырғанын көрсетеді. Америка жыл сайын өз одақтастарына қаржылай және қару-жарақпен көмек көрсетеді. Осы көмектердің ең қомақтысын Израиль алады. Американың Израильге әскери көмектерінің көлемін Мысыр сияқты өзге елдерге ұсынылатын көмектермен салыстыруға болмайды. АҚШ америкалық салық төлеушілердің қаржатынан 3 млрд доллардан астамын жыл сайын қайтарымсыз әскери және экономикалық көмек түрінде сионистік режимге ұсынады. Қазіргі кезде АҚШ көптеген экономикалық қиыншылықтарға тап болып отыр, алайда ешқашан сионистік режимге беретін көмектерінің көлемін азайтқан емес. Америка Джордж Буштың президенттігі кезіндегі келісімшарт бойынша Израиль режиміне жылына 3 млрд 100 млн доллар көмек ұсынады. АҚШ Конгресінің мәлімдеуінше, осы елдің Израильге әскери көмектері 1962 жылдан осы уақытқа дейін 124 млрд доллардан асқан. АҚШ үкіметі соңғы жылдарда экономикалық дағдарыс желеуімен өз азаматтарына қоғамдық қызмет шығындарын, әсіресе білім және денсаулық сақтау шығындарын күрт қысқартқан. АҚШ Конгресінің сионистік режимді жан- жақты қолдауы, соның ішінде Израильдің Американың стратегиялық серіктесі деп танылуын бекітуімен бірге әскери көмектер ұсынуының сионистік режим үшін көптеген пайдасы бар. АҚШ Конгресі соңғы жылдары Америка мен Израильдің зымыранға қарсы құрылғыларды дамыту мен жасау ортақ бағдарламасы үшін бөлек бюджет бөлген. Осылайша АҚШ Конгресі Израильге демеушілік үшін тек заңды шараларды ғана атқармай, сионистік режимге қаржылай көмек ұсыну үшін түрлі жобаларды бекіткен. Сионистік режимнің басшылары соңғы жылдары Барак Обаманың билігі кезінде Американың Израильмен әскери және барлау саласындағы ынтымақтастық үшін дайындығының өзге кездерден көбірек болғанын растады. Барак Обама мен Беньямин Нетаньяхумен шынайы саяси келіспеушіліктері бар. Осы келіспеушіліктердің белгісі арагідік көрініс тауып тұрды. Алайда Обама 2013 жылы Американың Израильге әскери көмегін арттыратын жобаға қол қойды. АҚШ- тың Израильге көмектері мен әскери келісімшарттары Америкада түрлі наразылық шерулердің өтуіне себеп болып отыр. Америкалық наразы азаматтардың айтуынша, америкалық салық төлеушілердің қаражаты Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын жалғастыру үшін пайдаланылады.