Әділет министрі: Иран халықаралық қауымдастықтарда Арабстанның қылмысын жария етеді
(last modified Thu, 09 Jun 2016 16:50:46 GMT )
Маусым 09, 2016 22:50 Asia/Almaty
  • Әділет министрі: Иран халықаралық қауымдастықтарда Арабстанның қылмысын жария етеді

Иранның Әділет министрі Мина апатына қатысты шағымның халықаралық қауымдастықтарға ұсынылып жатқанын, осы салада Арбстанға қарсы қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, Иранның Әділет министрі Мустафа Пурмохаммади «Мина апатына қатысты істі қадағалау жалғасуда. Бұл істің халықаралық қауымдастықтарға жүгінілуінің әртүрлі жолдары қарастырылуда. Құқықтық тұрғыдан қадағалау жалғасуда. Істің көбірек бөлімі дипломатиялық инстанциялар арқылы қадағалануы керек. Сот билігі де осы істі жылдамдатуға көмектеседі. Арабстан үкіметі халықаралық құқықтық жүйеге табанды емес. Бұл елдің ішкі соттары да тиісті тәуелсіздіктен кенде. Мина апаты ісін қарастырудың жолында үлкен кедергілер бар»» деді.

Өткен жылы мыңдаған зияратшы, соның ішінде 464 ирандық зияратшы Құрбан айт кезінде (2015 жылдың қыркүйек айының 24 күні) Мина жерінде қажылық рәсімдерін орындау барысында әл-Сауд басшыларының нашар басқарушылығы салдарынан қайтыс болған.

 

Тегтер