Де Мистура: Сирияға қатысты бейбітшілік келіссөзі өтпейді
БҰҰ- ның Сирия ісі бойынша өкілі осы ұйымның Женевада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңін әлі өткізбейтінін айтты.
«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ- ның Сирия ісі бойынша өкілі Стаффан де Мистура бейсенбі күні Женевада: "Сириядағы барлық жауласушы тараптар саяси ауысу келісімшартының баптарына келіспейінше келіссөздердің жаңа кезеңі өтпейді. Сириядағы бес жылдық соғысты доғару мақсатында саяси ауыс- түйіс бағытында шынайы қадамдар жасалуы керек" деді.
Стаффан де Мистура сондай- ақ Сирия үкіметінің бірнеше қарсыластарының азат етілгенін хабарлап: "Тұтқындардың босатылуы Рамазан айына орай бір жақты шешіммен Сирия үкіметі тарапынан жасалған болуы мүмкін. Сирия үкіметінің келісімімен БҰҰ- ның керуендері маусым айында құрлықтан үкіметтің қоршауындағы 17 аймақтан 15 аймаққа қол жеткізеді" деді.