Қарабақтың алдыңғы шебінде атысты тоқтату келісімі бұзылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i9202-Қарабақтың_алдыңғы_шебінде_атысты_тоқтату_келісімі_бұзылды
Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі қақтығыс аймағы - Қарабақта Армения армиясы күштері тарапынан атысты тоқтату келісімінің бұзылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 11, 2016 19:11 Asia/Almaty
  • Қарабақтың алдыңғы шебінде атысты тоқтату келісімі бұзылды

Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі қақтығыс аймағы - Қарабақта Армения армиясы күштері тарапынан атысты тоқтату келісімінің бұзылғанын хабарлады.

Әзірбайжан республикасы Қорғаныс министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімі өткен 24 сағатта Армения армиясының қарулы күштерінің Қарабақтың алдыңғы шебінде әзірбайжан әскерилері жаққа 25 рет оқ атқанын хабарлады. Осы мәліметке сәйкес, өткен 24 сағат ішінде Армения армиясы Тертер қаласының Чайлы ауылы мен Физули қаласының Горадиз, Горган, Сеидахмедли ауылдары және Ходжавенд қаласының кейбір жоталарындағы Әзірбайжан республикасының позицияларына оқ жаудырған.