Әл-Қаиданың жетекшісі Талибанның жаңа жетекшісіне адалдыққа ант берді
Экстремистік топтардың ғаламтор базаларына мониторинг жүргізетін АҚШ-тың бір орталығы: «Әл-Қаида тобының жетекшісі Айман әз-Завахери Ауғанстанның Талибан тобының жаңа басшысы Молла Хейбатолла Ахундзадеге адалдыққа ант берді" деп хабарлап:
"Әз-Завахери 14 минуттік ғаламтор жолдауында Хейбатолла Ахунзаденің билігіне адалдығын жариялады" деп хабарлады.
90-шы жылдардың соңында Талибан режимі Парсы шығанағы аймағындағы Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы сынды елдердің қолдауы және АҚШ пен Пәкістанның ынтымақтастығымен құрылды. Бұл топ Молла Омардың басшылығы кезінде әл-Қаиданың бұрынғы басшысы Асаме бен Ладенмен жақсы қарым-қатынас орнатқан болатын. Кейін екі топтың да басшылары өлтірілді. Сол кезде Талибан әл-Қаиданың қолдауын ақтаған болатын. Өйткені АҚШ 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін тәліптерден әл-Қаиданы шабуылдарға қатысты айыпталғаны үшін Ауғанстаннан шығарып, оның басшыларын тапсыруды талап еткен болатын. Қазір Батыстың саяси топтары «Әл-Қаида әлсіреген, оның Ауғанстандағы ықпалы төмен»,- деп жариялаған жағдайда оның басшысы Айман әз-Завахеридің Ауғанстанның Талибанына адалдыққа ант беруі туралы жариялауы және бұл хабардың Батыстың, әсіресе АҚШ ақпарат құралдарының тарапынан хабарлануы назар аударарлық жайт болып табылады. Кейбір бақылаушылар бұл мәселені Ауғанстандағы АҚШ күштерінің күшеюі және олардың сол елдегі жаңа міндеттерімен байланысты деп санайды. ДАИШ лаңкестік тобы құрылғаннан бері шетте қалған әл-Қаида осы кезде Ауғанстанның тәліптеріне адалдығын жариялап, өзін қайтадан зорайтып көрсетіп, өз күштері мен қаржылай қолдаушыларының арасында түрткі қалыптастырғысы келеді.
АҚШ Президенті Барак Обама таяда өз елінің әскери қолбасшыларының Ауғанстандағы ықтиярларының көбейгеніні растап, оларға жаңа міндеттер тапсырды. Сондықтан олардың Ауғанстандағы құзырын ақтау үшін күшті дұшпан қажет. Осыған орай әл-Қаиданың Талибанға адалдыққа ант беруін жариялауымен және ДАИШ лаңкестік тобының бұл елде пайда болуымен Ауғанстандағы лаңкестер тізімі толыға түседі.
Ауғанстандағы кейбір саяси бақылаушылардың пікірінше, Айман әз-Завахери Талибан тобының басшысы Молла Хейбатолла Ахундиге адалдығы туралы жариялап, Ауғанстандағы әл-Қаиданың ыдыраған күштерін Талибанның арқасында қайтадан жинауға үміттенеді. Өйткені Асаме бен Ладеннің өлімінен кейін әл-Қаида күштері Сирия мен Ирактағы басқа лаңкестік топтардың қатарына қосылды. Талибан тобы осы кезге дейін Айман әз-Завахеридің адалдыққа ант етуіне реакция білдірмегенімен, кейбір сарапшылар Талибан мен әл-Қаида топтары әрқилы жолға түсті әрі бұл жолдар олардың ынтымақтастарын қиындатады деп санайды. Талибан Ауғанстанды АҚШ пен НАТО-ның басқыншылығынан босатуды көздейтіні туралы жариялады. Әл-Қаида халықаралық лаңкестіктің мақсаттарын көздейді.
Бақылаушылардың пікірінше, Ауғанстан тәліптерінің әл-Қаиданың басшысының адалдыққа берген антын қабылдау ықтималын бұл елдің халқы түсінбеуі мүмкін. Өйткені бұл ел бейбітшілік пен тыныштыққа мұқтаж. Ал әл-Қаиданы қабылдау халықарлық лаңкестік топты қолдау дегенді білдіреді. Бұл Талибан тобын, әсіресе пуштулерді әлсіретеді. Сонымен бірге АҚШ пен НАТО-ның лаңкестікпен күресті сылтауратып, бұл елдегі әскери жағдайын күшейтуі үшін сылтау болады. Шын мәнінде, АҚШ пен НАТО-ның лаңкестікпен күрес сынды алдамшы уәждеріне қарамастан Ауғанстан 15 жылдан бері басқыншылыққа ұшырап отыр. Ал бұл елдегі лаңкестік құбылысының тамырына балта шабылудың орнына, лаңкестік топтар қайтадан бас көтеріп жатыр.