Зариф: Аймақтық кикілжіңдерді шешуде көзқарасты өзгерту қажет
Иран Сыртқы істер министрі аймақтық кикілжіңдерді шешуде көзқарасты өзгертудің қажеттілігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Норвегия астанасы Ослоға жеткен кезінде тілшілер алдында сөйлеген сөзінде Осло саммитінде жасаған баяндамасында аймақтық кикілжіңдерді шешудегі көзқарасты өзгертудің қажеттілігін ұсынатынын айтып, Норвегияда сапармен жүрген кезде осы елдің Сыртқы істер министрімен мұнай мен газ, қоршаған орта, саяси және аймақтық кеңесулер саласындағы қос жақты ынтымақтастықтар туралы сұхбаттасатынын мәлімдеді.
Зариф, сондай- ақ, Осло саммиті аясында «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасындағы Американың міндеттемелері туралы АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесетінін хабарлады.
Еуропа сапарының жалғасында сәрсенбі күні Германияға сапар шегетін Иран Сыртқы істер министрі Франк Штайнмайермен өзара байланыс және екі жақты, сонымен қатар аймақтық тақырыптар жөнінде кеңесетінін мәлімдеді.
Иран ислам республиксының Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні таңертең Осло саммитіне қатысу мақсатында Норвегияның астанасы Ослоға келді.