Иранның Қорғаныс министрі Ресей Президентімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i937-Иранның_Қорғаныс_министрі_Ресей_Президентімен_кездесті
Иранның Қорғаныс министрі Ресей Президентімен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 17, 2016 10:53 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі Ресей Президентімен кездесті

Иранның Қорғаныс министрі Ресей Президентімен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше, Мәскеуге сапармен кеткен Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путнмен кездесуінде Иран мен Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы қарым-қатынастарын өте жақсы әрі сындарлы деп бағалап: «Теһран-Мәскеу қарым-қатынастары – стратегиялық әрі ұзақ мерзімді»,- деді.

Иранның Қорғаныс министрі Ресей Президентінің аймақ дағдарыстарын шешу саласындағы әсерлі ықпалы мен стратегиялық шешімдеріне ризалығын білдіріп, ынтымақтастық арқылы аймақтағы лаңкестіктің тамырын жою қажеттілігін қуаттады.

Ресей Президенті де Теһран-Мәскеу арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтардың кеңеюіне ризалығын білдіріп, оларды екі елдің мүдделері үшін қалыпты әрі қажет іс деп атап, жасалған келісімдер бойынша оларды жалғастыруды қуаттады.

Путин Иран мен Ресейдің аймақ дағдарыстарын шешу саласындағы стратегиялық ынытмақтастықтарын жоғары бағалап, екі елдің аймақта тұрақты қауіпсіздік орнатудағы рөлін өте маңызды деп атады.