Иран ұшақтарының Еуропаның әуе кеңістігінде ұшуына салынған тыйымның күші жойылды
Еуропа комиссиясы Иран ұшақтарының Еуропаның әуе кеңістігінде ұшуына салынған тыйымның күші жойылғанын хабарлады.
Британдық Sunday Times хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Еуропа комиссиясы бейсенбі күнгі мәлімдемеде: "Iran Air компаниясы бұдан былай Еуропа Одағының әуе көгінде ұша алады. Еуропа Одағының атқарушы директорының сәуір айындағы Иран сапарынан кейін Iran Air ұшақтарының көбісі Еуропа одағындағы жұмыстарын қайтадан жандандыруға рұқсат алды" деп хабарлады.
Еуропа Одағының Транзит директоры Виолетта Болек та Iran air ұшақтарының Еуропаның әуе кеңістігінде бұрынғыдай ұшуға рұқсат алғанына ризашылық білдірді.
Бұдан бұрын ИИР-на қарсы салынған әділетсіз санкцияларға байланысты Иран ұшақтарына еуропалық елдердің әуежайларынан жанармай құйып алуға тыйым салынған болатын.