Халықаралық Гаага Соты Иранның Американың үстінен түсірген шағымын тіркегенін растады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i9499-Халықаралық_Гаага_Соты_Иранның_Американың_үстінен_түсірген_шағымын_тіркегенін_растады
Гаагадағы Халықаралық Сот Иранның Америка соттарының ислам республикасының мүлкін тәркілеуге қатысты үкіміне қарсы шағымын тіркегенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 16, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Халықаралық Гаага Соты Иранның Американың үстінен түсірген шағымын тіркегенін растады

Гаагадағы Халықаралық Сот Иранның Америка соттарының ислам республикасының мүлкін тәркілеуге қатысты үкіміне қарсы шағымын тіркегенін хабарлады.

Франц Прес хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Халықаралық Сот сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: "Иран Американың үстінен түсірген шағымында Иран мен ирандық үкіметтік компанияларының Америка соттарының құқықтық өкілеттіктеріне қарсы иммунитетке ие екендігін қуаттады" деді.

Осы мәлімет негізі бойынша, Иран Халықаралық Сотта тіркелген шағымда Америкада орындалып жатқан құқықтық шаралардың 1955 жылғы екі жақты келісімнің шарттары мен екі ел арасында қол қойылған экономикалық байланыстар мен консулдық құқықтарды бұзу екендігін баса айтқан. Халықаралық Соттың мәлімдемесіне сәйкес, Иран сонымен қатар Американың өзінің халықаралық құқықтық міндеттемелерін бұзуына байланысты Иранға толығымен компенсация төлеуін сұрды. Оның мөлшерін Гаага Соты келесі тергеу ісінде анықтайтын болады. Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иранның Аммериканың үстінен Халықаралық Сотқа шағым түсіргенін хабарлаған болатын.