Әзірбайжан республикасы Сирияны қолдады
Ақп 17, 2016 21:50 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Баку үкіметінің Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды қолдайтынын хабарлады.
«Тренд» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хикмат Гаджиев тілшілерге берген сұхбатында Әзірбайжан республикасының Сирия халқының мүддесін қорғайтын Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу тәсілін қолдайтынын мәлімдеді.
Сирия шамамен 5 жылдан бері Батыс және АҚШ- тың аймақтағы одақтастарының, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Катар, Түркия мен Иорданияның қолдауына ие болып отырған ИСИМ тәрізді қарулы лаңкестік топтардың әрекеттері салдарынан дағдарысқа ұшырап отыр.