Мамедьяров Ресей мен Түркия байланысындағы дағдарыстың жалғасуын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i976-Мамедьяров_Ресей_мен_Түркия_байланысындағы_дағдарыстың_жалғасуын_сынады
Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Ресей мен Түркия байланысындағы қазіргі дағдарыстың өз елі үшін тиімсіз екендігін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 17, 2016 18:28 Asia/Almaty
  • Мамедьяров Ресей мен Түркия байланысындағы дағдарыстың жалғасуын сынады

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Ресей мен Түркия байланысындағы қазіргі дағдарыстың өз елі үшін тиімсіз екендігін айтты.

Эльмар Мамедьяров «The business year» журналына берген сұхбатында Түркия мен Ресейдің Оңтүстік Кавказ аймағы мен әлемнің өзге аймақтарында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін әсерлі деп атады. Анкара мен Мәскеу байланысындағы текетірес Ресей қырғи ұшағы Түркия тарапынан атып түсірілген кезден басталып соңғы күндері екі тараптың бір- біріне жаңа айып тағуымен күшейе түсті.