Жетекші көзқарасы: Оқушылар мен студенттердің 13 абан күні аятолла Хаменеимен кездесуі
https://parstoday.ir/kz/radio/iran-i17650-Жетекші_көзқарасы_Оқушылар_мен_студенттердің_13_абан_күні_аятолла_Хаменеимен_кездесуі
Биылғы жылы да өткен жылдардағыдай мыңдаған студенттер мен оқушылар Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Ислам революциясының жетекшісі 13 абан күні орын алған тарихи оқиғаларға тоқталып, АҚШ-тың «тыңшылық ұясының» басып алынуын себепкерлері Иранның революциялық мүмін жастары болған осы күнгі орын алған ең маңызды оқиға деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 09, 2016 07:41 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Оқушылар мен студенттердің 13 абан күні аятолла Хаменеимен кездесуі

Биылғы жылы да өткен жылдардағыдай мыңдаған студенттер мен оқушылар Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Ислам революциясының жетекшісі 13 абан күні орын алған тарихи оқиғаларға тоқталып, АҚШ-тың «тыңшылық ұясының» басып алынуын себепкерлері Иранның революциялық мүмін жастары болған осы күнгі орын алған ең маңызды оқиға деп атады.

13 абан күнінің Иранның мұсылман халқы үшін тарих тудырған естеліктері бар: 1964 жылы АҚШ-қа тәуелді Пехлеви режимі тарапынан имам Хомейнидің Түркияға қуылуы, 1978 жылы Иран Ислам революциясының жеңісінен бірнеше ай бұрын революцияшыл оқушылар мен студенттердің өлтірілуі, 1979 жылы мұсылман әрі революцияшыл жастардың АҚШ-тың елшілігін басып алуы. Осыған байланысты бұл күн Иранда «Әлемдік үстемшілдікпен күрес күні» және «Оқушылар күні» деп аталды. Жыл сайын студенттер мен оқушылар жиындар ұйымдастырып, 13 абан күнін ұлықтаумен қатар, АҚШ-тың үстемшіл саясаттарына қарсылықтарын білдіреді.

Үстемшідікпен күрес күні

Биыл да өткен жылдардағыдай мыңдаған оқушылар мен студенттер Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Хазірет аятолла Хаменеи Исламның ардақты пайғамбары мен оның әулетіне салауат жолдағаннан  кейін жастардың пәк жүректерін басқа жүректерді де нұрландыратын илаһи нұрдың жарқырайтын жері деп атады. Ислам революциясының жетекшісі 13 абан күні орын алған тарихи оқиғаларға тоқталып, АҚШ-тың «тыңшылық ұясының» басып алынуын себепкерлері Иранның революциялық мүмін жастары болған осы күнгі ең маңызды оқиға деп атап: «Елде «Үстемшілдікпен күрес күні» деп аталған 13 абан күнінің осы атаумен қоса келесі дұрыс атауы – «Жастар» күні. Мүмін жас, революцияшыл жас, батыл жас, ержүрек жас, дұшпанның іс-әрекетін тежейтін әрекет жасайтын жастың күні. «Жастар «күні деген осы» деді.

Жетекшінің оқушылар және студенттермен кездесуі

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ пен батыс үкіметтерінің қолдауында болған зұлым шах Иран халқына қарсы көптеген қылмыстар мен қиянаттардан кейін АҚШ-қа қашып, халыққа тиесілі байлықты өзі мен отбасының америкалық банктердегі шоттарына аударып алды. Шын  мәнінде АҚШ революцияны сәтсіздікке ұшыратып, шахты Иранға қайтармақ болды. Бұл оқиға 1332 жылы орын алған еді. Ол кезде Иран халқының Конституциялық революциясы жеңіске жетіп, шах елден кетуге мәжбүр болған кезде АҚШ халықтың көтерілісін басып-жаншып, шахты өзіне тәуелділіктің нышаны ретінде тағы 25 жылға Иранның билік басына отырғызды. АҚШ-тың Иран халқына қарсы қылмыстарын жақсы білген революцияшыл жастар АҚШ-тың елшілігін басып алып, 60-тан астам америкалықты кепілдікке алды. Олар қашып кеткен шах жазасын алуы үшін Иранға қайтып келіп, халықтың байлығын қайтармайынша тұтқындарды босатпайтындықтарын жариялады.

Ирандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясының басып алынуы

Мұсылман студенттер АҚШ-тың елшілігінде осы мекеменің атауын жамылып,  астыртын түрде Иран халқына қарсы қастандық жасап, тыңшылық еткенін көрсететін көптеген құжаттарды тапты. Бұл құжаттар 70 басылым ретінде «Тыңшылық ұясындағы құжаттар» атауымен басылып шықты. Одан кейін имам Хомейни АҚШ-тың елшілігін «тыңшылық үйі» деп атап, өзінің студенттерді кесімді түрде қолдайтынын мәлімдеп, АҚШ-тың «тыңшылық ұясын» басып алу әрекетін «Иранның екінші революциясы» деп атады. АҚШ-тың сол кездегі президенті Картер тұтқындарды азат ету үшін барлық шараларды қолданып, тіпті әскери әрекеттерді де пайдаланбақ болды. Бірақ америкалықтардың тікұшақтары Табас шөлінде Алланың қалауымен құм дауылына тап болғаннан кейін АҚШ-тың әскери амалдары сәтсіздікке ұшырады. Соңында 444 күн өткеннен кейін қуылған шах Мысырда америкалық дәрігерлердің қолынан күдікті түрде жан тапсырып, АҚШ Иранның шарттарын орындауға міндеттелгеннен кейін америкалық тұтқындар босатылды. Осыдан кейін Иран мен АҚШ-тың қарым-қатынасы толығымен үзілді. Имам Хомейни байланыстардың үзілуін сындарлы әрі жақсы деп бағалады.

Ревоюцияшыл студенттердің  АҚШ-тың тыңшыық ұясын басып ауы

Хазірет аятолла Хаменеи революцияның жеңісіне дейін және одан кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы мен қастандықтарына тоқталып, имам Хомейнидің бұл оқиғаны «екінші революция» деп атауының себепсіз болмағанын, оның тарихи және қисынды астарлары бар екенін баса айтты. Хазірет жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығы үшін «тыңшылық ұясынан» табылған құжаттарды мектеп пен университеттердің оқулықтарына енгізілуі керек екенін қуаттады. Иран Ислам революциясыныың жетекшісі: «Студенттердің елшілікті басып алудағы жеңіспен аяқталған әрекеті осы қастандықтарға қарсы реакция болды. Олар ашкөз АҚШ-тың ел ішіндегі әрекеттерінің алдын алды. 25-30 жыл бойы Иранда өз білгенін істеп, Иранға тиесілі барлық нәрсені: үкіметті, билік пен мұнайды, Иранның ресурстарын, кен орындары мен болашағын, осының барлығын өзінікі деп есептеген алпауыт бәрін тартып алып, енді елді басып алмақ болған кезде жастар бұл басқыншылықтың алдын алды. Революция деген – осы» деді.

Елшілік қызметкерлерінің АҚШ-тың Иранға қарсы тыңшылық құжаттарын жою әрекеті

Иран Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ-тың 250 жылдық тарихындағы жалпы саясаты – өзінің ішкі қауіпсіздігін әлем елдерінің ішкі істеріне араласып, ықпалды аймақтарды басып алу арқылы қамтамасыз ету. Бұл саясатты Азияның батысы мен Иранның көршілес елдерінде жүзеге асырып отыр» деді. Хазіреттің айтуынша, АҚШ Иранда революцияға дейін де дәл осы шектен тыс талап ету саясатын ұстанған. Ал революциядан кейін де болмашы қателік жасалған болса, есіктен қуылған дұшпан терезеден қайтып кіріп алар еді. Бірақ имам Хомейни қырағылықпен оның алдын алды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, АҚШ-қа қарсы табандылық бірбеткейлік пен надандыққа негізділген пікір емес, керісінше ол мықты қисынға сүйенген әрекет. Ол қисын мынадай: АҚШ саясатының негізі шектен тыс талап ету мен озбырлыққа негізделген.

Хазірет  аятолла Хаменеи АҚШ-пен күресуді бірбеткейлік деп санауды қате пікір деп атады. Бұл пікірді бір жақтан АҚШ пен оның тыңшылары және одақтастары таратса, екінші жағынан оны осы әлемнің ләзаттарының иісі мұрнына барғаннан кейін орта жолда қалған революциялар да таратып жатыр. Революцияның жетекшісі АҚШ-та адамгершілік құндылықтардың аяқ астында тапталып жатқанына тоқталып, осы елдегі президенттік сайлаудың қос үміткерінің сөздерін осы пікірдің жақсы айғақтары деп атап: ««Америкаға өлім!» дегеніміз – кемсітушілік, нәсілшілдік пен адам құқығы және адамгершілік құндылықтарының аяқ астында тапталуы жойылсын деген сөз» деді.

Студенттер мен оқушылар жетекшінің қабылдауында

Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында: «АҚШ-тың Иран халқының санасына енгізгісі келіп отырған екінші қате пікірі төмендегідей: егер АҚШ-пен тіл табысса, елдің қиыншылықтары шешіледі. Ал АҚШ-пен тіл табысу экономикалық, саяси, қауіпсіздік және ахлақтық қиыншылықтардың ешқайсысын шешпей, керісінше соларды күшейтетінін көрсететін көптеген дәлелдер бар» деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі «Ортақ қадам» келіссөздерінің басынан бастап АҚШ-тың міндеттерін бұзуы туралы болжамдар айтқанына тоқталып, бұл міндет бұзушылықтың барлық адамдарға әшкере болғанын айтты. Хазірет аятолла Хаменеи өз дұшпандығын бір сәтке де ұмытпай, Иран халқының жолында кедергі тудыруды мақсат ететін дұшпанмен тіл табысудың еш уақытта қиындықтарды шешпейтінін тағы да қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың саяси, ахлақи және экономикалық дағдарыстарына тоқталып: «Бүгін АҚШ үкіметінің қарызы шамамен осы елдің жалпы ішкі өнімінің мөлшерімен тең. Бұл – экономикалық дағдарыстың белгісі. Осындай үкіметтің қолынан басқа елдің экономикасына көмектесу келеді ме?  Бұл ел өз жағдайын жөндеу үшін басқа халықтарды қанауды мақсат етіп отыр» деді. Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында АҚШ-тың үлкен Таяу Шығыс аймағында өз жоспарын іске асыруда сәтсіздікке ұшырағанын айтып: «АҚШ-тың Сирия, Ирак, Ливан мен Африканың солтүстігінде жеңіліске ұшырағаны оның саяси дағдарысын көрсетеді. Мұндай ел сәтсіздіктер мен дағдарыстың осындай деңгейімен басқалардың қиындықтарын шеше алмайды» деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Таяу Шығыстың батыс аймағындағы қазіргі жағдайына тоқталып: «Біз қарсы позицияда тұрмыз. Иранның мүмін ерлері мен әйелдері бүгінде Иран халқының Таяу Шығыста еңсесі биік болуы үшін әрекет етті. Ирак, Сирия, Ливан, Йемен, Парсы шығанағы аймағы мен сіз қараған кез келген жерден Иранның абырой-беделін көресіз» деді.

 

Иран Ислам революциясының жетекшісі егер елдің ішінде бір мәселе туындаса, ирандық жастардың көмегімен шешілуі керек екенін айтты. Хазірет ирандық жастарға қаратып былай деді: «Қымбатты жастар! Өздеріңізді болашақ үшін дайындаңыздар. Өздеріңізді осы елді басқару үшін дайындаңыздар. Осы елдің қиындықтарының шешілуі халықтың бойынан ерік-жігер мен табандылықтың шығуына байланысты. Халықтың болмысында ерік-жігер, қайсарлық пен табандылық болуы керек. Бұл көрегендік пен Аллаға тәуекел етудің көмегімен келеді». Хазірет аятолла Хаменеи қиындықтарды шешу үшін революциялық рухты тәрбиелеу керек екенін айтып: «Бір революцияшыл адамның бойында батылдық болады: ол әрекет етуден қорықпайды; бастамашыл болады; тығырықтан шығар жол табады; ешнәрседен қорықпайды; болашаққа үмітпен қарайды; Аллаға үміт артып, жарқын болашаққа қарай әрекет етеді. Осындай революциялық рухты сақтау керек» деді. Ислам революциясының жетекшісі кейбір басшылардың жұмыс істеу тәсілін сынап, осындай революциялық рухқа қарсы әрекет етудің бүлдіргі салдары болатынын айтты. Хазірет жастарға  мәселелерге көрегендік және сараптау қабілетімен қарауды тапсырып, имам Хомейнидің дана сөздерін естен шығармауын сұрады. Себебі, ұлы жетекші бүгінде тірі болғанда Иран халқының оянуына себеп болған «Америкаға өлім!» деген ұранын тағы да қайталар еді.