Ирандағы президенттік сайлау (3): Ислам Республикасындағы халықтың саяси белсенділігі
(last modified Sun, 23 Apr 2017 19:23:17 GMT )
Сәу 24, 2017 01:23 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (3): Ислам Республикасындағы халықтың саяси белсенділігі

Бұл күндері Ирандағы сайлауалды қарбалас артып келеді. Сайлау өткізілетін күнге дейінгі кері санақ басталды. Президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қала мен ауылдардың исламдық кеңесі сайлауының бесіннші кезеңі және Ислам кеңесі мәжілісінің аралық сайлауымен бір мезгілде мамыр айының он тоғызы күні өтеді.

Сайлауға түрлі бағыттағысаяси топтар мен ағымдар қатысады. Сайлауға қатысудың екі маңызды тірегі бар: бірінші тірек – белсенділік қағидасы. Бұл әрбір сайлауға заңдылық беріп, оны елдің саяси тағдырына әсер ететін ықпалды ағымға айналдырады. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бұл жайында былай дейді: «Сайлауға қатысу қағидасының тіпті шынайы сайлау қағидасынан да маңыздырақ екенін бірнеше рет айтқанмын. Бұл – ең маңызды нәрсе».

Ал сайлаудың екінші тірегі –жүйедегі жауапкершілікті өз мойнына алу үшін әзірлік танытып, дауыс берушілердің алдына шығатын үкіметкерлердің белсенділігі. Бұл да сайлауға жауапкершілікпен қатысудың бір бөлігі болып табылады. Шын мәнінде, белсенділіктің осы екі түрінің арасындағы байланыс демкоратиялық сайлаудың негізі болып табылады.

Ислам республикасы жүйесінің өмірі  мен халықтың сайлаудағы құзырының 38 жылдық тәжірибесі халықтың сайлаудағы белсенділік мөлшері неғұрлым көп болса, оның жүйенің күш-құдіреті мен Иран халқының абырой-беделіне тигізетін әсерінің соғұрлым терең әрі ықпалды болатынын көрсетеді.

Ислам революциясының қазіргі жетекшісі былай дейді: «Сайлауға халық неғұрлым көбірек қатысатын болса, жүйенің баяндылығы мен елдің беделі соғұрлым артатын болады. Халық неғұрлым көбірек қатысса, жүйенің абырой-беделі артады. Себебі жүйе – халықтікі. Шындық – жүйенің халықтың сезімдері мен халықтың таңдауына, халықтың талап-тілегіне негізделуінде».

Жалпы алғанда демократиялық жүйедегі сайлау белсенділік қағидасына негізделген. Алайда, белсенділік түрлі жүйелерде әртүрлі деңгейде болып, түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Ислам республикасы жүйесінде белсенділік саяси дамудың бір қыры болуымен қатар, қоғамдық аспектілерге де ие. Сондай-ақ, діни бірлік пен ниеттестіктің нышаны болып табылады. Бұл ерекшелік діни демократияның тұрақтылығы мен тереңдігіне әсер етті. Оның баяндылығының арқасында Ислам республикасының жүйесі көбірек беделге қол жеткізді.

Шын мәнінде, белсенділік – ықпалды әрі дұрыс сайлауөткізудің бір тірегі. Белсенділік болмаса сайлаудан демократия қағидасына негізделген нәтиежелерді күтуге болмайды. Сайлаудағы белсенділік әлсіз болса, оның нәтижесі де қоғамның талап-тілегіне сай болмайтыны анық.

Саяси сарапшы Метин Анджамруз былай дейді: «Саяси белсенділік – демократия көрсеткіштерінің бірі. Демократияның көптеген көресткіштері бар, соның ішінде, билікті бөлісу, белсенділік, бәсекелестік, сөз еркіндігі мен сайлауға қатысу. Бірақ қысқаша айтатын болсақ, демократияның ең басты көрсеткіштері – белсенділік пен бәсекелестік. Сол себепті белсенділік саяси үдерістерде аса маңызды рөл атқарады. Егер, белсенділік туралы сөз қозғайтын болсақ, оның екі бөліктен тұратынын айтамыз: біріншісі – белсенділіктің сапасы болса, екіншісі – оның саны. Қоғамдар мен саяси құрылымдардың әртүрлі болуына байланысты оның сапасы мен саны да сан алуан болып келеді».

Иранның саяси тарихында сайлау өткізу шамамен 110 жыл бұрын басталған. Тарихқа жүгінсек, 1906 жылы Иранның алғашқы мәжілісі құрылған. Алайда, тарих ол кезде сайлау мен белсенділіктің шынайы болмағанын көрсетеді. Конституциялық төңкерістен кейін Иранда алғаш рет Мәжіліс сайлауы өткізілген кезде қоғамның белгілі топтарының ғана мәжіліске өз өкілін жіберуге рұқсаты болған. Иранның сол кездегі саяси жағдайы сайлаудың халықтың азаматтық құқығы мен саяси белсенділігінің көрсеткіші ретінде саналуына жол бермеді. Сайлау, шын мәнінде, Ирандағы отаршыл ағымдардың бір бөлігі ғана болды.

Мозафереддин-шах Қаджар кезіндегі заңдарға сәйкес, әйелдердің сайлауда дауыс беру құқығы болған жоқ. Дауыс берушілер үшін арнайы шарттар болды. Мысалы, белгілі бір қоғамдық таптар, соның ішінде, Қаджар шахзадалары, ақсүйектер, кәсіпкерлер, жер иелері шахтың бұйрығы бойынша дауыс беру арқылы өз өкілдерін таңдай алатын таптардың қатарын құрады. Қарапайым халықтың арасынан тек құнды мал-мүлкі бар адамдардың ғана дауыс беру құқығы болды. Қоғамның табысы аз, кедей тобының мәжілісте өкілі де, дауыс беру құқығы да болған жоқ. Сол себепті сайлауда ешқандай белсенділік болған жоқ. Саяси сарапшы Метин Анджамруз былай дейді: «Бұл мәселенің тамыры Конституция кезеңінен бастау алуы мүмкін. Ол кезде алғаш рет заң мен Конституция мәселелері елде енді ғана тарай бастаған.  Адамдар билікке үлес қоса алатындықтарын бірте-бірте біле бастаған еді. Себебі ол уақытқа дейін билік абсолюттік сипатта болған. Халық бара-бара сайлау, Мәжіліс, Парламент арқылы билікке атсалыса алатынын түсіне бастады».

Ислам революциясынан кейін халықтың дауысына сүйенуге қатысты түрлі оқиғалар орын алды. Революция жеңісі Ислам республикасы жүйесін құру мақсатында алғаш рет халықтың дауысына иек арту үшін бастамаболды.

Осыдан кейін референдум да өтті. Иран халқы сайлауға қатысуды  қоғамның саяси тағдырын анықтауға атсалысуға қатысты азаматтық борыш және шариғаттың парызы деп санады. Сайлаудың нәтижесі халықтың істерді жүргізуге деген ынтасының бір нышаны болды. 

Белсенділік үдерісінде екі маңызды мәселе бар: біріншісі – дұрыс сайлау өткізу қағидасы. Оның жауапкершілігі сайлауды өткізушілер мен атқарушы билік басшылары мен сайлаудың дұрыс өтуін қадағалайтын бақылаушылардың мойнына артылады. Ал сайлаудағы белсенділікке қатысты екінші маңызды мәселе – Конституция негізіндегісайлаудың тағдырын анықтайтын халықтың рөлі. Бұл елдің саяси және әкімшілік жүйелерінің нығаюына себеп болады. Халық та белсенді түрде қатысу арқылы жүйе мен сайланған басшыларға деген сенімдерін көрсетеді.

Азаматтық құқық тұрғысынан, сайлаудыңдағы белсенділік жүйенің істерін демократиялық тәсілмен басқару дегенді білдіреді. Оның көмегімен қоғам мүшелерінің барлығы немесе басым бөлігі жауапкершілікті арту үшін бір тұлғаны немесе топты таңдайды. Алайда, басқа жақтан, халықтың сайлауға хабардар әрі ауқымды түрде, сондай-ақ, исламдық ахлақтың барлық құндылықтары мен критерийлерін сақтап қатысуының терең қоғамдық әсері болады. Сонымен қатар, қоғамда саяси ахлақтың артуына да себеп болады. Ол өз кезегінде Ислам респбуликасы жүйесінің абырой-беделін арттырады.

Халықтың сайлауға қатысуы азаматтардың елдің істерін басқаруға ықпал ете алатынындығына сенімді екендігін көрсетеді. Сол себепті сайлаудан кейін қолға түсетін нәтиже халықтың қолдауына ие болу деген сөз. Сондықтан осы аса маңызды іске қатысатын адамдар шын мәнінде өзінің қоғамдық, саяси және діни жауапкершілігін борыш ретінде атқарады. Исламдық жүйедегі белсенділік дегенімізосы.

Революция жетекшісі айтып өткендей, Ислам Республикасы илаһи күш-құдіретке сүйеніп, халықтың белсенділігінің күшіне сенгендіктен, әлемдегі ешбір алпауыт елден қорықпайды.

 

 

 

Тегтер