Ирандағы президенттік сайлау (6)
(last modified Sat, 06 May 2017 17:50:27 GMT )
Maм 06, 2017 23:50 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (6)

ИИР тағы да тағдырға әсер ететін маңызды президенттік сайлаудың қарсаңында тұр. Сайлауға дейін қалған уақытта қарбаластың арта түсетіні анық.

Саяси ғылымдардың маманы Мұхаммад Джавад Махмудиан Тафреши былай дейді: «Таңдау немесе сайлауды екеуін де үкімет жүргізеді. Облыстық, қалалық және аудандықдеңгейде, қала мен ауыл кеңесінің сайлауынан басқа барлық деңгейдегі сайлауларды үкімет  бақылайды».

Ирандағы түрлі сайлаулар үшін қарастырылған механизмдердің барлығы атқарушы және бақылаушы топтар тарапынан айқын  әрі  мұқият түрде жүзеге асырылады.

Басшылығында Иранның Ішкі істер министрлігі тұрған елдің атқарушы органы сайлау өткізудегі басты әрі маңызды міндетті атқарады. Иран президентін сайлау заңының 1 бабының 3 тарауына сәйкес, Ішкі істер министрлігі президенттік кезеңнің аяқталуына кем дегенде бес ай қалған кезде жаңа сайлау өткізудің дайындық іс-шараларын бастауға міндеттеледі. Сонымен қатар, ИИР Конституциясының 119 бабын сақтай отырып, сайлау өткізу кезеңдері және үміткерлердің тіркелу уақытын бұқаралық байланыс құралдарының көмегімен халыққа жеткізуі тиіс.

ИИР-ның президентін сайлау заңының 1 бабының 7 тарауына сәйкес, Ішкі істер министрлігі президенттік сайлауды өткізу ережелерін дайындап, министрлер алқасы бекіткеннен кейін оны жүзеге асыра бастайды. Осы аяда 4 ай бұрын Ішкі істер министрлігінің Иранның президенттік сайлауының атқарушы тобының басшысы әрі негізгі орган ретіндегі жұмысы басталып, Ішкі істер министрлігінің бас ғимаратында сайлау штабы құрылғаннан кейін ИИР-ның президенттік сайлауын өткізу үдерісінің бірінші қадамы жасалды. Одан кейін бес күн ішінде (сәуір айының он біріненон бесіне дейін) Ішкі істер министрлігінде президенттік сайлауға  қатысатын адамдарды тіркеу жұмыстары жасалды. Ішкі істер министрлігі сайлауды өткізетін басты тарап ретінде үміткерлердің тізімі мен олардың құжаттарын Сақшылар кеңесіне ұсынады. Бұл кеңес сайлауды бақылайтын топ ретінде Иранның президенттік сайлауында шешуші рөл атқарады.

Саяси ғылымдардың маманы Мұхаммад Джавад Махмудиан Тафреши былай дейді: «Басты бағдар беретін орган ретінде барлық жұмыс Ішкі істер министрлігінен басталып, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге тарайды. Алайда сайлаудың дұрыс өткізілуін қадағалау немесе сайлау үдерісінде пайда болған ауытқушылықтардың қай орган тарапынан жасалғанын анықтау Сақшылар кеңесінің міндеті саналады. Сақшылар кеңесінің міндеті – бақылау. Мен бұл жерде тағы да мына мәселеге тоқталып өтейін. Сақшылар кеңесіне бақылау жұмыстарымен қатар, тұлғалардың құзіреттілігін растау немесе оны теріске шығару міндеті де жүктелген».

ИИР-ның президентін сайлау заңының 1 бабының 8 тарауына сәйкес, президенттік сайлауды бақылау міндеті Сақшыларкеңесіне жүктеледі. Бақылау барлық кезеңдерде және сайлауға қатысты барлық жұмыстарға жүргізіледі.

ИИР-ның президентін сайлау заңы бойынша, Ішкі істер министрлігі сайлаудың өткізілуіне жауапты тарап ретінде сайлаудың барлық бөлімдерін жүзеге асыру үшін түрлі атқарушы топтарды құру арқылы қажетті шараларды алдын ала ойластыра бастайды.

Иранның жер-жеріндегі түрлі деңгейдегі әкімдер сайлауды өткізудіңмаңызды элементі ретінде Ішкі істер министрлігінің бақылау жұмыстарында маңызды рөл атқарады. Иранның президенттік сайлауы өтетін күні дауыс беруге рұқсаты бар барлық азаматтардың дауыстарын жинау Ішкі істер министрлігі мен оның атқарушы топтарының сайлау учаскелеріндегі басты міндеті болып табылады.

Саяси белсенді әрі маман Дариуш Мехдави былай дейді: «Біздің елімізде сайлау төрт мақсатта өткізіледі: президентті сайлау, Ислам кеңесі мжілісінің өкілдерін сайлау, Қала кеңесінің сайлауы және Эксперттер мәжілісінің өкілдерін сайлау. Осылардың барлығы Ішкі істер министрлігі мен оның облыстық, қалалық және аудандық басқармаларының көмегімен өткізіледі. Сайлауда тағы бір діңгек бар. Ол – бақылаушы топ. Президенттік сайлау мен Ислам кеңесі мәжілісінің сайлауында бақылау жұмыстарын, заң бойынша,  Сақшылар кеңесі қадағалайды. Эксперттер мәжілісінің сайлауын бақылау осы мәжілістің ішкі ережелеріне сәйкес Сақшылар кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Ал Исламдық кеңес сайлауын бақылау міндеті Ислам кеңесі мәжілісі өкілдері, кеңестер комиссиясы мен 90 бапқа қатысты комиссиядан құрылған бақылаушы топқа жүктелген. Облыстарды бақылау міндетін атқаратын жоғарғы алқа Ислам кеңесі мәжілісіндегі тиісті облыстың үш өкілінен құралады».

Әрбір сайлау учаскесінде Ішкі істер министрлігінің өкілдері, тіпті президенттік сайлау үміткерлерінің өкілдері де сайлаудың өткізілу барысын бақылайды. Бұл Иранның исламдық жүйесінің сайлаудың дұрыс өткізілуін қатты қадағалайтынын көрсетеді.

Жалпы алғанда Ішкі істер министрлігі мен оған қарасты атқарушы топтар сайлаудың өткізілуін басқару міндетін атқарып, бұл үдерістегі кез келген мәселе мен бұзушылықты да анықтап, оны шешуге тырысады. Сол себепті Иранның президенттік сайлауы мен оның түрлі аспектілері, соның ішінде, сайлау барысындағы жұмыстардың сапасы, атқарушы орган,  ұйымдастырушылар, бақылау жұмыстары, бақылаушылар мен өткізілу және бақылау жолдары әрдайым саясаткерлер, заң шығарушылар, заң атқарушылар, азаматтар, тіпті басқа елдер мен әлемнің түрлі елдеріндегі ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмайды.

Саяси белсенді Дариуш Мехдави былай дейді: «Елдің ішкі істер министрі сайлау өткізу туралы қаулы шығарған кезде екі деңгейде:қалалық және аудандық деңгейде атқарушы топтар құрылады. Барлық сайлауларға қатысты осындай ақтарушы топтар болады. Қалалықдеңгейдегі атқарушы топ Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің төрағасы, Білім беру басқармасының төрағасы, жергілікті әкім мен жергілікті атқарушы органның лауазымды сегіз қызметкерінен құралады. Аудандық деңгейде жергілікті әкім мен ауылшаруашылық басқармасының төрағасы және жергілікті атқарушы органның жеті қызметкері атқарушы топқа қосылады. Жергілікті атқарушы органның өкілдерінен қалалық немесе аудандық әкімнің өзі 30 адамды таңдап, бақылаушы топқа ұсынады. Бақылаушы топ растағаннан кейін жиналыс өткізіп, онда жасырын дауыс беру арқылы қалалық деңгейде 8 адамды, аудандық деңгейде 7 адамды тағайындайды».

 

 

 

Тегтер