Ирандағы президенттік сайлау (9)
(last modified Mon, 15 May 2017 04:57:28 GMT )
Maм 15, 2017 10:57 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (9)

Сайлау жүйелері саяси демократиялық жүйе құру үшін қажетбасты әрі ықпалды механизмдердің бірі саналады. Әрбір ел өзінің мәдениеті, діни құндылықтары мен саяси құрылымына байланысты өзіндік сайлау жүйесін жобалап, жүзеге асырады.

Ислам революциясының жеңісінен кейін халықтың референдумға қатысуы арқылы өз тағдырын анықтаудағы белсенділігінің арқасында исламдық республика жүйесі құрылды. ИИР жүйесінің қырық жылға жуық тарихында Иранда орта есеппен жылына бір сайлау өткізіліп тұрған. 1992 жылға дейін президент, Ислам кеңесі мәжілісінің өкілдері мен Эксперттер мәжілісінің өкілдері халықтың дауысы арқылы сайланып келді. Одан кейін Ирандағы сайлаулардың қатарына қалалық және ауылдық исламдық кеңестердің сайлауы қосылды. Осылайша, ИИР халықтың дауысына жүгіну мөлшері бойынша әлем елдерінің арасында жоғары деңгейде тұр.

Саяси мәселелердің маманы әрі университет ұстазы доктор сейіт Мортаза Каземи Динан былай дейді: «Иранда осы маңызды міндетті атқаратын Сақшылар кеңесі сияқты басқа елдерде де осы мәселе үшін құзырлы органдар құрылған. Түркияда бұл міндетті Конституцияық сот атқарса, Мысырда ол Жоғарғы сотқа жүктелген. Еуропалық елдерде де бұл істің өте мұқият түрде жүзеге асырылатынын көреміз. Францияда бұл міндетті Жоғарғы сот атқарса, Германияда ол конституциялық сотқа тапсырылған. Ресейде де солай. Бұл мәселенің тек біздің елмен шектеліп қалмағанын көреміз. Барлық мемлекеттерде дерлік сайлаудың еш кемшіліксіз, толық әрі заңды  түрде жүзеге асырылуын қадағалайтын Сақшылар кеңесі сияқты органдар бар. Біздің елде  бұл ұйым сайлаудың өткізілуін қадағалау міндетін атқарады».

Ирандағы сайлаудың өзіндік ерекшелігі сайлауға бақылау жүргізу механизмдерінде. Кейбір батыстық саяси және ақпарат орталардың осы мәселеге қатысты көзқарастары осы алаңда жалған кеңістік тудыру мен шындыққа жанаспайтын уәждеріне негізделген. Бұл кеңістікті тек Иранда ғана сайлауға бақылау жүргізіліп, үміткерлердің талаптарға сай болуын тексеру жұмыстары жасалып, басқа елдер мұндай бақылауды қажет етпейтіндей көрсетілген. Алайда осы елдердің Конституцияларындағы заңдық тәртіптер жәнесайлау жүйесі бар елдерде сайлауды бақылау мақсатында қарастырылған механизмдер сайлауға бақылау жүргізудің халықтың дауысын қорғау және сайлаудың дұрыс өтуін қамтамасыз ету үшін қажет шарттардың бірі екенін көрсетеді. Осы аяда көптеген мысал келтіруге болады.

Бағдарламаның жалғасында осы тақырыптағы сараптамамызды тыңдауға шақырамыз.

Бүгінде әлемдегі барлық елдер мен жүйелерде сайлаудың дұрыс өткізілуін қадағалау, сайлаудағы үміткерлердің талаптарға сай болуын тексеру, сондай-ақ, тіркелушілердің сайлауды ұйымдастырушыларға қатысты шағымдары мен наразылықтарын  қарастыратын қағидаттар бар.

Мемлекеттердің Конституцияларының мәтінінде түрлі қалыптарда осы мәселе қарастырылып, талқыланған. Осы бағытта құқықтық және заңдық мәртебеге иересми органдар аталмыш міндетті атқарады. Ислам респубикасы жүйесінде де бұл міндет «Сақшылар кеңесі» деп аталатын органға жүктелген.

Негізінде кез келген саяси жүйеде бақылаушы аппарат заңдардың дұрыс жүзеге асырылуын екі  жол арқылы қадағалайды. Бұл екі тәсілдің бірі мағлұмат жинау болып табылады. Ол пассивті бақылаудың түріне жатады. Пассивті бақылау түрінде бақылаушы сайлауды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттері туралы мағлұмат жинауға міндеттеледі. Одан кейін ешқандай әрекет жасамастан ұйымдастыру жолын мақұлдаған, мақұлдамағанын сайлауды ұйымдастырушыларға хабарлайды.

Сайлау жүйелерінде кең таралған екінші тәсіл мақұлдау түріндегі бақылау болып табылады. Бұл тәсілде бақылаушылар кез келген қателіктің алдын алу үшін барлық кезеңдер мен қабылданатын шешімдерге шынайы әрі белсенді түрде қатысуы керек. Дегенмен, бұл бақылау тәсілі заң шеңберінен аспай, заңда үміткерлер мен сайлауды өткізу тәсілдері үшін белгіленген шарттарға сай болуы керек.

Саяси мәселелердің маманы Киумарс Язданпанаһ былай дейді: «Назар аударарлық маңызды жайт, шетелдік ақпарат құралдары кез келген жағдайда ИИР-ның жүйесін тиімсіз етіп көрсетуге және Иран халқына, әсіресе, дауыс беруге рұқсаты бар азаматтарға бұл жүйенің берген уәделері мен халықтың талаптарын орындауға шамасы жетпейтіндей етіп көрсетуге талпынады. Олар ИИР-н өз халқына шектеу қойып, қол-аяғын байлап, осындай дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы сайлауға ықпал ететін жүйе ретінде көрсетуге тырысады. Бұлардың барлығы – Ирандағы салыстырмалы жетістікке қол жеткізіп, құндылықтар мен демократия арасында үйлесімдік тудырған демократиялық жұмыстардың нәтижесі. Дәл осы мәселе дұшпандардың ашу-ызасын тудырып, олардың сайлауды бұрмалауға талпыныс жасауына себеп болған тәрізді».

Айтып өткеніміздей, түрлі елдердегі сайлауды бақылау жұмыстарын жүргізетін органдар түрлі тәсілдермен әрекет етеді. Жалпы алғанда,әлем елдерінде сайлауды бақылау жұмыстары бес ұйым тарапынан жүзеге асырылады. Осындай ұйымдардың бірі – сот органдарының бірі саналатын Сонституциялық сот. Мысал ретінде Франция, Аустрия, Германия, Болгария, Филиппин менҚырғызстанды атап өтуге болады.

Франция Конституциясының 58-бабына сәйкес, Конституциялық кеңес президенттік сайлау заңының жүзеге асырылуын қадағалайды.

Конституцияның 58-бабы бойынша, Конституциялық кеңес сайлаудың дұрыс өтуін қадағалау, шағымдарды қарастыру және президенттік сайлаудың нәтижелерін жариялау міндеттерін атқарады.

Францияның  1958 жылы құрастырылған Конституциясы бұл құзіреттілікті Конституциялық кеңеске берген. 59-бапқа сәйкес, бұл кеңес тексеріп, қарастырғаннан кейін шағымдарды қажет болған жағдайда кері қайтарып, сайлауды тоқтатып немесе нәтижелерге өзгеріс енгізе алады. Сол себепті сайлаудың басынан бастап соңына дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Демкоратия туралы уәж айтатын Францияның билік жүйесі президенттік сайлауға үміткерлердің канидатураларыелдің беделді тұлғаларынан, соның ішінде, партия мүшелері мен билік жүйесіндегі қайраткерлерден 1000 қол жинау шартымен жекеше түрде қарастырылады.

59-бапқа сәйкес, Конституциялық кеңес депутаттар мен сенаторларды сайлау үдерісінің заң талаптарына сай болуына қатысты келіспеушіліктер туындап жатқан жағдайда шешім қабылдайды. Иран Конституциясының 99-бабының мазмұны да Франция Конституциясының 59-бабына ұқсас. Онда тек бақылаушы орган ғана бөлек. Басқа елдердің Конституциясының баптарына назар аударсақ, түрлі үкіметтердегі сайлауды бақылау аппараттарының міндеті абсолютті сипатта екенін, яғни, бұл аппараттардың кандидатураларды немесе сайлаудың үдерісін тоқтатуға құқылы екенін көрсетеді.  Бағдарламамыздың келесі бөлімінде осы мәселені талқылауды жалғастыра отырып, басқа елдердегі сайлауды бақылау механизмдері және түрлерімен таныстырамыз.

Бүгінгі бағдарламамызды Иран Ислам революциясы жетекшісінің Ирандағы діни демократия туралы сөздерімен аяқтаймыз: «Біздің Конституциямыз осы сезімтал әрі тағдырды шешуші сайлаулардың тәртіптерін сипаттау арқылы Ислам әлеміндегі мүмін әрі көкірегі ояу адамдардың назарын өзіне аудара алды. Демократия діннен бастау алған. Діни демократия қағидасы батыстың демократия қағидасынан өзгеше. Біздің сайлаулардың негізі болып табылатын діни демократия адамның илаһи құқығы мен илаһи міндетінен бастау алады. Барлық адамдардың құқықтары болады. Олардың сайлау құқығы және өз тағдырын анықтау құқығы бар. Сайлау дегеніміз – осы. Біздің елімізде, ислам республикасы жүйесінде бұл құбылыс қазіргі батыстың демократиясы мен либералдық демократияға қарағанда әлдеқайда дамыған. Оның мағынасы әлдеқайда терең. Бұл біздің мақтанышымыз. Оны қорғауымыз қажет».

 

 

 

Тегтер