Ирандағы президенттік сайлау (15)
(last modified Sat, 27 May 2017 21:36:45 GMT )
Maм 28, 2017 03:36 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (15)

ИИР референдум өткізу арқылы құрылған. Сол себепті Ирандағы барлық басшылар тікелей немесе жанама түрде халықтың еркін түрде сайлауға қатысуы арқылы сайланады. Сондықтан, халықтың өткен 34 кезеңдегі сайлауға қатысуы мөлшері тұрғысынан аса маңызды болды.

Сайлау – демократияның көрінісі әрі Иран халқының күш-қуатының белгісі

Діни демократиялық жүйеде халықтың қалауы ерекше орынға ие және ол Ислам республикасы билігінің баяндылығы мен тұрақтылығына себеп болады. Исламдық жүйеде халық сайлап, шешім қабылдап, өздері сайлаған қайраткерлер арқылы елдің істерін басқарып, тағдырларын шешеді. Исламдық жүйедегі халықтың рөліне байланысты олардың сайлаулардың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі әлемдіктердің назарынан тыс қалмаған. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, бүкіл халық, үміткерлер, үкімет пен үкімет қызметкерлері сайлаудың қадірін білуі керек. Себебі ауқымды, салтанатты, дұрыс әрі қауіпсіз сайлау өткізу Ислам республикасы жүйесініңтұрақтылығын нығайтады.

Басқаша айтқанда, халықтың сайлаудағы белсенділігі Иранның халықаралық жүйедегі саяси күш-құдіретін арттырумен қатар, исламдық республика жүйесіне деген халықтың ықыласын да арттыра түседі. Түрлі сайлаулар, соның ішінде, алдағы президенттік және қала мен ауылдардың исламдық кеңесінің сайлауы – Иранның исламдық республика жүйесіндегі халықтың күш-құдіретінің көрінісі. Сайлау –халықтың елдің саяси істеріндегі белсенділігін көрсететін алаң. Халықтың өзі мен исламдық жүйеге қатысты жасампаздығы жәнеоған ауқымды түрде қатысуы зорлықшылдарға қарсы тұру үшін мықты негіз болады.

 

Халықтың Ирандағы түрлі сайлаулардағы белсенділігі

Конституцияға сәйкес, Иранда төрт түрлі сайлау өтеді. Иран халқы Конституция шеңберінде Эксперттер мәжілісіндегі өздерінің өкілдерін сайлайды. Халық сонымен қатар Конституция мен жүйенің жалпы саясаттары шеңберінде елдің заңдарын бекітіп, халықтың мүдделерін қорғайтын Ислам кеңесі мәжілісіндегі өкілдерін де сайлайды. Сайлаудың ең маңызды түрі – президенттік сайлау. Халық сайлауға қатысу арқылы президентті, яғни, атқарушы биліктің басшысын төрт жылдық мерзімге сайлайды. Жергілікті әрі халықтық басқару деп те аталатын сайлаудың төртінші түрі қалалық және ауылдық кеңестердің сайлауы болып табылады. Бірнеше күннен кейін исламдық Иранда президенттік сайлаудың 12-ші кезеңі мен қалалық және ауылдық кеңестер сайлауының 5-ші кезеңі өтеді.

Саяси мәселелердің маманы әрі университет ұстазы доктор Ханизаденің сөзіне назар аударайық: «ИИР Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап, халықтың даусына ерекше назар аударып келеді. Себебі, ИИР-ның Конституциясы халықты жүйедегі биліктің негізгі басшысы ретінде атап, билікті халықтан тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтады. Имам Хомейни халықтың даусын құрметтеуді әрдайым қуаттап келді. Ешкім де халықтың даусына ықпал етіп, немесе оған өз пікірін таңа алмайды. Сол себепті ИИР аймақтағы діни демократияға ие елдердің алғашқы үлгісі ретінде халықтың даусына ерекше назар аударады. Шын мәнінде, халық ИИР жүйесінің саяси құрылымында басты рөл атқарады. ИИР жүйесінің баяндылығы да халықтың түрлі сайлаулардағы құзырына борыштар. Халықтың қатысу қағидасы әрбір сайлауда маңыздылыққа ие. Халықтың сайлаудағы құзыры халықтың билік пен өздерінің ұлттық тағдырын шешуге қатысты құқықтарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сол себепті әр сайлауда саяси бағыттар мен түрлі ағымдардың қарама-қарсылығына қарамастан халықтың Ирандағы билік құрылымының басты элементі ретіндегі құзыры революция мен ИИР-на жаңа серпін, діни демократияға жаңа дем береді».

Осы уақытқа дейін Иран Конституциясында белгіленген сайлаудың төрт түрінің 34 кезеңі өтті. Әр сайлауда халықтың қатысу мөлшері түрлі елдердің назарын өзіне аударып келді. Халықтың түрлі сайлауларға қатысуы  мөлшерінің орта есеппен алғандағы деңгейі басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сайлаулардың өткен 34 кезеңіндегі халықтың қатысу мөлшері орта есеппен алғанда 65  пайызды құрады. Революция жеңіске жеткеннен бір жылдан кейін х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың баһман айында өткен алғашқы президенттік сайлаудағы халықтың қатысу мөлшері 67,42 пайыз болды.

Иранның президенттік сайлауының 3-ші кезеңі 1980 жылдың қазан айында өтті. Онда халықтың белсенділігінің мөлшері 74,26 пайызды құрады.

Сонымен қатар ИИР-ның президентіне берілген дауыстың ең көп мөлшері де осы кезеңде тіркелді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы сайлауда халық дауысының 95 пайыздан астамын жинап, сайлаудың түрлі кезеңдеріндегі ең танымал президент ретінде танылды.

Халықтың Ирандағы президенттік сайлаудың 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші және 9-шы кезеңдеріндегі қатысу деңгейі сәйкесінше 54,59, 50,66, 79,93, 66,77 және 59,76 пайызды көрсетті.

Өткен жылдардағы сайлаулардың арасынан халықтың белсенділігі 85 пайызды құраған  сайлауды көруге болады.  2009 жылы ИИР-ның президенттік сайлауының 10-шы кезеңінде халықтың қатысу мөлшері 84,83 пайызды құрады. Халықтың беленділігінің бұл көрсеткіші 1979 жылы халықтың 98 пайызы исламдық республика жүйесіне дауыс беруі оқиғасынан кейінгі Иранның сайлау тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. 2013 жылы өткен президенттік сайлаудың 11-кезеңіне халықтың 72,94 пайызы қатысты.

 

Халықтың сайлауға жаппай қатысуы күш-құдірет тудырады

Сайлаудың төрт түріне Иран халқының ауқымды түрде қатысуы Азияның батысы мен  әлемдегі теңдессіз оқиға саналады. Иран халқының сайлауға ауқымды түрде қатысу ерлігі олардың ИИР президентініңбеделін көтеріп,  оны қуаттаудағы саяси рөліне байланысты орын алады. Халықтың ауқымды түрде қатысуы жүйеге дұшпандар мен қараниеттілердің қастықтары алдындағы  табандылығына күш беретін стратегиялық қор болып табылады. Сол себепті халықтың сайлауға қатысу деңгейі  Ирандағы биліктің маңызды критериіне айналған. Басқаша айтқанда, халықтың сайлауға барынша қатысуы Иран үшін қауіпсіздік пен күш-құдірет сияқты екі маңызды  құбылыссыйлады.  Қатысу деңгейі алдағы уақытта әлі де арта түседі.

 

 

Тегтер