Ирандағы президенттік сайлау (16)
(last modified Sat, 27 May 2017 21:38:53 GMT )
Maм 28, 2017 03:38 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (16)

Бүгінгі бағдарламада Иранның президенттік сайлауының 12-ші кезеңі жайлы сөзімізді жалғастырып, Иранның төңірегіндегі кейбір елдердің саяси жүйелері мен ондағы саяси белсенділіктің деңгейіне шолу жасаймыз.

ИИР жүйесіндегі сайлаудың тарихы тереңде. Ирандағы өткен қырық жылда орын алған сайлауалды бәсекелестіктер саяси дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі саналып, көптеген сарапшылар тарапынан дәріптелді.

Халықтың саясат алаңына кіруіне және саяси істерге атсалысуына жол ашатын механизмдердің бірі – сайлау. Халықтың сайлауға қатысу мөлшері неғұрлым көп болып, үміткерлер, түрлі партиялар мен топтардың бәсекелестігі үшін жағдай неғұрлым жақсы жасалса, қоғамның саяси тұрғыдан деңгейі жоғарылай түседі. Осы аяда Иран, Түркия, Үндістан мен Пәкістан сияқты кейбір елдерде саяси жүйенің тарихы тереңге кетеді. Сол себепті бұл елдердің аймақтағы басқа үкіметтерге қарағанда орны жоғарырақ болады.

Саяси мәселелердің маманы Алиреза Давудидің сөзіне назар аударайық: «Ирандағы саяси-мәдени көрсеткіштердің біріне халықтың екі мәселеге байланысты сайлау учаскелеріне келуі: бірінші мәселе – ұлттық бірлік пен ауызбіршілікті көрсету. Иран халқы сайлаудың 34 кезеңінде оны ең жақсы қалыпта көрсетті. Шын мәнінде, Иран халқы сайлауға қатысуы ұлттық күш-құдіретті көрсету мақсатындағы ең жоғарғы әрі ең күрделі әдіс саналады. Біз аймақтан үш түрлі саяси жүйені көреміз: толығымен тұйықталған саяси жүйе, толығымен ашық саяси жүйе және ұстамды әрі қисынды шектеулері бар саяси жүйе. Біздің аймақта бірінші және екінші үлгідегі саяси жүйелерді ұстанған елдер көп. Тек Исламреспубликасы ғана ұстамды әрі қисынды саяси жүйе саналады. Сол себепті біз сайлау туралы сөз қозғаған кезде саяси жүйенің, әсіресе, аймақтық елдер арасындағы саяси жүйенің теңгерімі туралы айтамыз. Ал бұл аймақтық елдер арасындағы ұлттық күш-құдіретті арттыруға тең болады. Бұл – ИИР мен аймақтағы басқа елдердің арасындағы ең басты айырмашылық».

 

Соңғы бірнеше жылдары аймақ пен әлемде өзгерістер орын алғаннан кейін бастапқы демократиялық жүйе қалыбындағы демократиялық үлгілер пайда болды. Сол себепті бұл елдердің барлығында дерлік сайлау өткізілгенімен, демократиялық өзгерістер іс-жүзінде жүзеге асырылмайды. Билікті бөлу және қазылық етудің тәуелсіздігі аймақтағы көптеген елдерде байқалмайды. Сондықтан, Таяу Шығыс елдерінің саяси құрылымдары демократияға немесе деократиялық өзгерістерге ұқсамайды.

Бүгінде демократияның жаңа толқыны Азияның батысына ықпал ете бастады. Өзгерістің белгілерін азаматтық қоғамның жаңадан бой көтерген ұйымдарынан көруге болады. Соған қарамастан, кейбір үкіметтер сайлау арқылы самодержавие орнатудыкөздеп отыр. Мысалы, Түркия сияқты елдерде кейбір референдумдардың мақсаты демократиялық үдерістер қалыбында өктемшілдікті тарату болып табылады.

Аймақтағы кейбір режимдерде, әсіресе, Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдерінде халықтың азаматтық белсенділігі болмағандықтан, бұл елдер заңдылықтың шынайы көзінен мақұрым қалып отыр. Соның салдарынан олардың билік негіздері әлсіз келеді.

Саяси мәселелердің маманы доктор Мерендидің сөзіне назар аударайық: «Ислам республикасы жүйесі демократия мен заңдылыққа қол жеткізу жолында көптеген кезеңдерден өтті. Революция жеңісіне 50 күн толмай Ислам республикасы жүйесін құру туралы референдум өткізілді. Екі айдан кейін Конституция эксперттері кеңесінің сайлауы өтті. Одан кейін Ислам республикасының Конституциясы туралы референдум өткен шамси жыл санағы бойынша 1358 жылдың жаз кезінде Конституция эксперттерінің кеңесі Конституцияны бекітті. Ислам республикасында революция жеңіске жеткеннен кейін бір жарым жылдан аз уақыт ішінде заңдылыққа қол жеткізу және халықтың дауысына жүгінудің барлық кезеңдері жүзеге асырылды.

Енді Ливия сияқты елдерге келейік. Бұл елде шамамен 45 жыл бұрын Мұхаммад Қаддафи төңкеріс жасады. Алайда ол ешуақытта халықтың дауысына жүгінген емес. Өзін революцияның жетекшісі деп жариялады. Судан елінен де осындай жағдайды көреміз. Садық әл-Бахри 1988 жылы төңкеріс жасады. Көптеген жылдар бойы бұл елде сайлаудың өткізілгенін көрмедік. Мәселен, өзімізбен көршілес Пәкістан елінде биліктөңкеріс арқылы ғана ауысады. Әрине, арасында сайлаулар өткізіледі. Алайда сол төңкерісті ұйымдастырған адамдар үміткер ретінде қатысып, жасанды сайлаудың нәтижесінде билікті өз қолдарына алады. Арабстан сияқты сайлау жүйесінен мақұрым елдерде, Парсы шығанағы маңындағы шейхтер басқаратын елдерде ешуақытта сайлау өтпеген. Сайлау өткен күннің өзінде толығымен бақылауға алынып, жасанды түрде өтеді. Оған қалаған адамдар үміткер ретінде тіркеле алмайды,  халықтың белгілі бір топтары ғана дауыс бере алады. Осындай елдердің барлығында дерлік әйелдердің дауыс беру құқығы жоқ. Өткен бір-екі жыл ішінде олар үміткер болып, дауыс жинау құқығынан да айырылды. Жуырда ғана революцияны бастан өткерген Бахрейн сияқты елдерде Парламент мүшелерінің тең жартысын Бахрейннің шахы тағайындайды.Қалған жартысы халық тарапынан тағайындалады. Осы уақытқа дейін бұл елдер дұрыс әрі ойластырылған сайлаудың өткеніне куә болмаған. Ирак елінде де Саддам режимі құлағаннан кейін жыл сайын жартылай демократиялық жүйе құрылып, халықтың дауысына иек артатын сайлау өткізіледі. Түркияда бірнеше төңкеріс орын алып, Ердоған  қарсыластардан толығымен тазартқан кеңістікте сайлау өткізіледі. Иранда жүзеге асырылатын демократия мен еркіндіктің мөлшері аймақтағы басқа елдерден байқалмайды».

Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі 50 жылда аймақтық елдер деңгейінде көптеген өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің нәтижесінде авторитарлық үкіметтер өз билігін сақтап қалуда көптеген қиындықтарға тап болады. Бұл мәселе кейбір аймақтық елдердің саяси және экономикалық реформалар жүргізуіне себеп болды. Осы аяда Иордания, Марокко және Кувейт сияқты патшалық жүйелер заң шығарушы органның  өкілеттігін арттырып отыр. Бахрейн, Оман, Катар, Сауд Арабиясы мен БАӘ сайлау өткізбестен Парламентке ұқсас жүйе орнату мақсатында сабағаттық кеңестер құрды. Бұл кеңестер ең жоғарғы деңгейдегі мүмкіндіктерге ие. Олар атқарушы билікке ешқандай бақылау жргізбей, режимніңбасшыларын тағайындайды.

Шын мәнінде, бұл елдердің басшылары сабағаттық кеңестердің  көлеңкесінде өздері және өз жүйелері үшін заңдылыққа қол жеткізе алады.

Сол себепті жабық авторитарлық жүйеге ие аймақтық елдердің барлығында дерлік халық ешуақыттасаяси алаңда белсенділік танытпаған.

Тіпті әлемде демократия жалауын желбіретіп отырған көптеген дамыған елдерде сайлауды өткізу тарихы терең болғанымен, онда халықтың сайлауға қатысу мөлшері айтарлықтай жоғары емес.

Саяси дамудың көрсеткіштері тұрғысынан ИИР-да сайлау халықтың ауқымды түрде қатысуымен өткізіледі. ИИР-ның алғашқы сайлауы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен 45 күн өткеннен кейін өткізілді. Бұл Ирандағы революция жеңіске жеткеннен кейін ең қысқа уақыт аралығында өткізілген сайлау саналады.

Иранда сайлаулардың түрлі кезеңдеріндегі халықтың қатысу мөлшерінің кестесіне шолу және оны демократия жалауын желбіретіп отырған елдермен салыстырудың нәтижесінде Иранда халықтың саяси тағдырын анықтауға деген ықыласының басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көреміз.

Иранның төңірегіндегі елдердің саяси жүйелері туралы сөзімізді қорытындылай келе, халықтың саяси белсенділігі өте төмен екенін айта кету керек. Шын мәнісінде, саяси дамудың нағыз көрсеткіштері жоқ, бар болғанда да оның саны өте аз және дамуы аса баяу әрі көптеген кемшіліктермен қатар жүретіні анық.

 

 

Тегтер