Ирандағы президенттік сайлау (21)
(last modified Thu, 15 Jun 2017 19:46:27 GMT )
Маусым 16, 2017 01:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (21)

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Ислам республикасы жүйесімен жауласу осы халықтық жүйенің дұшпандарының күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін бұл  революцияның дұшпандары, олардың басшылығында АҚШ пен Ұлыбритания революцияға қарсы топтар мен Мұнафықтар және лаңкестік топтармен әріптестік жасап, ИИР-на қарсы қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыруды көздеп келеді.

Халықтың сайлаудағы белсенділігін азайту үшін Иран халқының көңілін суыту осы елдің дұшпандары әрдайым қолданып келе жатқан  айлы-шарғыларының бірі саналады.

Саяси мәселелердің маманы Киумарс Язданпанаһтың сөзіне назар аударайық: «Қалай болғанда да, шетелдік ақпарат құралдарының мықты қолдаушылары ИИР жүйесін тиімсіз, сондай-ақ, сайлауға рұқсаты бар адамдарға бұл жүйенің халыққа берілген уәделер мен оның талаптарын орындауда дәрменсіз етіп көрсетуге тырысады. Олар ИИР-н өз халқына  шектеу қойып, аяқ-қолды байлайтын жүйе ретінде көрсетіп, исламдық жүйенің осы дәстүрсіз тәсілдерді пайдалана отырып сайлауға ықпал етуге тырысатындай етіп көрсетуге бар күштерін салады. Бұлардың барлығы Ирандағы құндылықтар мен демократияның арасында үйлесімдік тудырған демократиялық механизмнің табыстылығынан бастау алады. Дәл осы мәселе дұшпандардың ашу-ызасын тудырып, олардың сайлауға ықпал етуге тырысуына себеп болған тәрізді».

Сайлау алаңы АҚШ, Ұлыбритания және революцияға қарсы топтардың өз мақсаттарына жетуі үшін қолайлы алаң болып табылады.

Осы екі ел Ислам революциясының жеңісінен бұрын өздеріне қарсы кез келген халықтық қозғалысқа төзбейтін. Ұлыбритания мен АҚШ-тың тыңшылық ұйымдарының 1953 жылы доктор Мұхаммад Моссадықтың заңды үкіметіне қарсы төңкеріс кезіндегі әріптестігі – осы  екі елдің Иранның қазіргі заман тарихындағы бүлдіргі рөлінің айғағы. Бұл төңкеріс АҚШ пен Ұлыбританияның халықтың саяси алаңдағы белсенділігіне түбегейлі түрде қарсы екенін көрсетті. Бүгінде дәл осы екпінмен ИИР-ның жүйесіне қатысты халықтың көңілін суытуды көздеп отыр. Ұлыбритания мен АҚШ-тың Иранның қазіргі заман тарихындағы рөлі бұл екі араласушы алпауыттың тіпті халықты қолдамайтынын дәлелдеді. Олар өз мүдделеріне қарсы жасалған әрбір әрекетке жауап береді.

Саяси мәселелердің маманы Әли Реза Давудидің сөзіне назар аударайық: «Бұрынғы кездері революцияға қарсы адамдар исламдық жүйенің күйрегенін жариялайтын күнге жетуді армандайтын. Алайда олар қаралау және шындыққа жанаспайтын сөздер айтып, халыққа зиянкелтірмек болды. Осындай әрекеттердің салдарынан тыңдарман немесе оқырман ИИР-н осы уақытқа дейін ешқандай жұмыс жасамаған, артта қалған ел деп ойлауы мүмкін. Бұл  олардың ең басты айласы болды. Алайда, осы кезеңде халықтың сайлауға қатысуға деген ынтасын суыту үшін демократиялық факторларды пайдаланды. Адамдар «Мен дауыс берсем не болады? Дауыс берсем де, ештеңе болмайды. Бұл жағдай өзгермейді.Осы тұрған жерімізден ешуақытта ілгерілемейміз» деп ойлайды. Олар осы тәсілді, яғни, халықтың көңілін суытуды жүзеге асырылуы немесе асырылмауы халықтың өзіне байланысты болашаққа қатысты мәселелерде де пайдаланады. Осылайша, ақпарат құралдарының астыртын тарататын ең маңызды үндеуі мынадай: сіздің сайлауға қатысу, қатыспауыңыздан ешқандай пайда жоқ. Себебі, біз тығырықтан шығар жолы жоқ бір нүктеге келіп жеттік. Осылайша, адамдар «Сен қатыссам не болар? Қатысқан күнде де тығырыққа келіп тірелеміз» деп ойлайды. Көңілді суыту үшін пайдаланылатын басты айла – осы. Ойымызды қорытындылай келе бір мәселеге тоқталып өтуіміз қажет. Батыстың ақпарат құралдары мен дұшпан әрі қарсылас ақпарат құралдары өз халықтарының мәдениетінен пайда болады. Еуропа мен АҚШ-та бұл мәдениет айқын байқалады. Сіз сайлауға қатыссаңыз да, қатыспасаңыз да Трамп Трамп, Клинтон Клинтон болып қалады. Алайда Иранда халықтың қатысуы болашаққа ықпал етеді. Енді олардың өздері арпаласып жатқан нәрсені бізге таңудан және біз де оны қабылдаудан сақ болуымыз керек».

Иранда түрлі сайлау, соның ішінде, президенттік және Ислам кеңесі мәжілісі сайлауы өткен сайын Иран халқының дұшпандары, яғни, АҚШ пен Ұлыбританияға қарасты ақпарат құралдары үгіт-насихаттық соғыс ашады. BBC және Voice of America ақпарат агенттіктері революцияға қарсы адамдармен әріптестік жасап, соңғы бірнеше жылда ИИР жүйесі мен халқының арасын алшақтатуға бар күштерін салды. Ирандық қоғамға ықпал ету, жүйе дұшпандарымен байланыс орнату, қоғамдық пікірді бұрмалау үшін жасанды хабарлар тарату – Ирандағы сайлаудың өткен кезеңдерінде АҚШ пен Ұлыбританияның күн тәртібіне қойған басты мәселелері. Сонымен қатар, АҚШ пен Ұлыбритания  Иранда саяси тұрақсыздық пен бейберекеттік тудыру мақсатында Мұнафықтар лаңкестік тобымен әріптестік жасап, сайлаудың түрлі кезеңдерінде  елдің қауіпсіздігін талқандау бағытында әрекет етті.

Халықты арандату – Ислам республикасы жүйесіндегі олардың саяси белсенділігін азайту үшін сайлау алдында жүзеге асырылатын айла-шарғылардың бірі.

2009 жылғы бүлік АҚШ пен Ұлыбританияның Иранның саяси істеріне араласуының шарықтау шегі болды.

2009 жылы өткен Иранның президенттік сайлауының 10-шы кезеңіндехалық Теһрандағы кейбір елшіліктердің, әсіресе, Ұлыбритания елшілігінің бүлдіргі рөлі мен АҚШ-тың ИИР-ның бейнесін бұрмалау мақсатындағы араласушылығына куә болды. Ұлыбритания елшілігі 2009 жылғы сайлаудан бір жыл бұрын сайлауға ықпал ету бағытындағы іс-шараларын жүзеге асыра бастады. Ұлыбритания елшілігінің кейбір дипломаттары, соның ішінде, осы елшіліктегі екінші маңызды адам Томасберн Ирандағы түрлі тұлғалармен байланыс орната бастады. Иранның президенттік сайлауының 10-шы кезеңінде алаяқтық жасалғаны туралы сөздер тарату АҚШ пен Ұлыбританияның және революцияға қарсы адамдардың халықтың жүйеге қатысты көңілін суыту мақсатында осы сайлауға ықпал етудегі айлаларының бірі болды.

BBC және Voice of America ақпарат агенттіктері осы сайлауға бірнеше апта қалғанда саяси белсенділікті барынша азайту мақсатында  қоғамдық пікірге ықпал ету үшін ауқымды түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастады. Ұлыбритания елшілігінің Теһрандағы тікелей іс-әрекеттері және АҚШ және оған қарасты ақпарат құралдарының сырттан араласуына қарамастан Иран халқы президенттік сайлаудың 10-шы кезеңіне ауқымды түрде қатысып, қатысу деңгейін 85 пайызға жеткізген еді.

Саяси мәселелердің маманы Мұхаммад Реза Меренди былай дейді: «2009 жылғы сайлаудың үдерісінде BBC және Voice of America ақпарат агенттіктерінің Иран көшелеріндегі қозғалыстардың  әр сәтін қадағалап отырғанын көресіздер. Олар сонымен қатар бағдарлау жұмыстарын жүргізіп отырды. Мысалы, «Теһрандағы Валиаср көшесінің осындай тұсында бір топ адам жиналып қалыпты. Ол жерде мынадай әрекет жасаңдар. Барлығың жиналып, сол жерге барыңдар» деген бұйрықтар жіберіп отырды. Сырттан бақыланып отырған бұл адамдар барлық бұйрықтарды орындады. Бас кезінде осындай әрекеттерді басқарды деген күдікпен бір топ ұсталған болатын. Бара-бара олардың басты мақсатының сайлау емес екені, көздегендері Ислам республикасын құлату екені белгілі болды. Сол кезде бұқара халық сол адамдардан алшақтап, дей айының тоғызы күні ұлы шеруге шықты. Бұл шеру 2009 жылғы барлық дағдарыстар мен бүліктердің аяқталуының соңғы нүктесі болды».

 

 

 

Тегтер