Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (3)
(last modified Tue, 07 Nov 2017 04:29:38 GMT )
Қар 07, 2017 10:29 Asia/Almaty
  • Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (3)

The Huffington Post сайты Арбағин шеруі туралы қызық сараптама ұсынды.

The Huffington Post басылымының интернет торабы 2014 жылдың желтоқсан айында Арбағин шеруі туралы қызық сараптама ұсынды. Бұл сайт «Әлемдегі ең үлкен зиярат орын алуда, неге бұл туралы әлі ештеңе білмейсіз?» деп басталған мақаласында былай деп жазды: «Егер Лондонда жүздеген наразы көшелерге шығып, ұрандатса, немесе Гонконгта шерулер орын алса, я болмаса, Ресейде халық Путинге қарсы жиын ұйымдастырса бұл әрекеттерді  елдердегі демократияның ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі деп атап, тез арада ақпарат құралдары арқылы жариялай қоямыз. Алайда Ирактағы бейберекеттіктерге қарамастан, 20 миллион адамның жиналуы туралы хабардың тақырыбы тіпті жүгіртпе жолға да шыға алмайды. Бұл оқиға адамның көп мөлшері, саяси маңыздылық, революциялық үндеу, тарихи алғышарт пен сонылық сияқты ерекшеліктер мен өмірлік элементтерге ие болуына қарамастан, ақпараттық ортада бейресми бойкотқа ұшырап отыр. Мұндай оқиға туралы хабар таралған кезде қоғамдық пікір есеңгіреп қалады.

 

Осы оқиғадан шабыт алған сансыз адамның арасында ислам дінін қабылдаған аустралиялық бір жас жігіт те бар. Мен оны бірнеше жыл бұрын кездестірген едім. Бұл оқиға ол үшін 2003 жылы басталды. Бір күні кешке теледидар қарап отырған кезде миллиондаған адамның қасиетті Кербалаға кетіп бара жатқан көрінісі оның назарын аударады. Олар өздерінің ұрандарында бұл жігіт ешқашан естімеген бір адамның атын айтып жатқан еді: Хосейн...

60 секундтық репортажда көрсетілген көрініс оның жан дүниесін қозғады. Себебі, бұл оның көріп жүрген нәрселерінен бөлек еді. 1396 жыл бұрын қаза болған бір ер адамның естелігінің осы уақытқа дейін қалайша ұмытылмай, бүгінгі күнде миллиондаған адамның неліктен оның қиындықтарына өздерінің ауыртпашылықтарындай қайғырып жатқаны оны толғандырады. Бұл адамдар өз араларында қалайша қиындыққа тап болмайды, алауыздыққа ұшырамайды деген ой да туындайды.

Аустралиялық жігіт былай дейді: «Мен Кербаланың неліктен осындай толқу тудыратынын көру үшін осы қалаға сапар шектім. Олардың бір ортақ қызығушылығының бар болуынан басқа ешқандай себеп жоқ. Сондай-ақ, егер сіз бір адамның сіздің бостандығыңыз бен сізге деген жақсы қатынас үшін және сізге жақсы өмір сыйлау үшін күрескенін сезсеңіз, сіз де оның қиындықтарына ортақтасасыз. Себебі, ол сіздің сеніміңіз үшін күресті.

 

Кербалада байқағаным, бұл бейбіт мақсаттағы ұлы жиынның рухын көрсету үшін тіпті ең үлкен камералардың өздері кішкентай болып қалады екен. Жүріп келе жатқан ер адамдар, әйелдер мен балалар, бәрінен бұрын қара жамылған әйелдер толқынының ұшы-қиыры көрінбейді. Адамдардың қалың нөпірі ондаған шақырым жерді бөгеп тастады. Қызу мен өзара байланыс зияратшыларды темірдің ұшқындарына айналдырғандай. Барлығын бір күш тартады. Бұл тартылысты «Хосейннің қарсы тұруға келмейтін магниттік тартылыс күші» деп атауға болады. Егер тыныс алып тұрған тірі дінді көргілеріңіз келсе, Кербалаға барыңыз»».

 

 

Тегтер