-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (55)
Сәу 13, 2016 14:26Иран жерінің көп бөлігінде климаттың құрғақ немесе жартылай құрғақ болуы осы ұлан ғайыр далада әртүрлі архитектуралық ескерткіштердің туындауына ықпалын тигізді. Иранда жауын шашын мөлшерінің салыстырмалы түрде аз болуына байланысты ежелден ақ кең ауқымды даланың көп бөлігінде су табуға үлкен талпыныстар жасалды және ирандықтар өз күш қабілеттерін пайдалану арқылы ондаған шақырым қаннат жерасты су каналдарын қазды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (54)
Сәу 13, 2016 14:14Өткен ғасырларда монша салу табыс табу үшін жасалмаған. Бұл ізгілікті іс діни сенім мен ақлақтық негізден бастау алып отырған. Бай әрі қайырымды адамдар ақыреттік сыйлыққа деген сенім-иманмен және өздерінен кейін жақсы ат қалу үшін монша салуға тырысқан.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (51)
Сәу 13, 2016 14:09Иранда көпір салу басқаларға жақсылық жасау мақсатында ежелден келе жатқан әлеуметтік-мәдени дәстүрлер негізінде салынатын архитектуралық үлгі болып табылады. Иранның әлеуметтік тарихында көпір, монша, медресе мен мешіт сияқты қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар салу кең таралған еді. Әлеуметтік қауіпсіздік қамтамасыз етілген әрбір заманда осындай ғимараттарды салу қолға алынып отырған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (50)
Сәу 13, 2016 14:05Ирандағы сәулет өнері мен инженерлік іс табиғаттың төрт элементі – от, жел, су және жермен тығыз байланысты. Жер – сәулет өнерінің негізгі элементі. Әртүрлі панорамалар – күмбездер, қабырғалар мен ғимараттар сәулет өнерінің негізгі кеңістіктерін құрайды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (49)
Сәу 13, 2016 14:00Қаладан әртүрлі ғимараттар, кеңістіктер, тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлер кешенін көруге болады. Қалалық ғимараттар мен кешендердің әрқайсысының өзіне тән қолданыс аясы бар. Сонымен қатар, бұл кешендер бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (48)
Сәу 13, 2016 13:58Иран қамалдары мен қорғандарының архитектуралық жобасы сол замандағы білім мен таным негізінде жау шабуылынан қорғану үшін жасалған. Әдетте олардың ішкі кеңістігі әрбір дәуірдің жергілікті дәстүрі бойынша безендіріліп отырған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (47)
Сәу 13, 2016 13:56Адамдар баспана сала бастағаннан бастап, үнемі дұшпандар мен жабайы аңдардан сақтанудың жолдарын да ойлап отырған. Сондықтан да алғашқыда қабырғасыз болған үйлерде қабырға пайда болды, кейіннен қабырғалы үйлердің айналасына дуал салынатын болды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (46)
Сәу 13, 2016 13:54Патшалар мен билеушілер өмір сүріп, билік құрған ғимараттар қала ішінде "арг" - қорған деп аталып, қала сыртында "қалле" (қамал) деген атпен әйгілі болған. Кейде қамалдар кейбір топтар мен қарапайым халықтың өмір сүретін жері болған. Қорған билік жүргізіп, қаланы басқаратын орын болған. Иранның ежелгі қалаларындағы ескі қорған қалдықтары әлі күнге дейін сақталып қалған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (45)
Сәу 13, 2016 13:35Тарих бойында Иран қалаларының іші мен сыртында берік ғимараттар мен үкіметтік қамалдар салынған. Көптеген қамалдардың үйінділері бізге дейін жетіп отыр. Қамалдар соғыс кезінде пайдаланылған. Жау шабу қатері төніп тұрған кезде халық осы қамалдарды паналаған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (44)
Сәу 13, 2016 13:33Әр қаланың жобасы мен оның негізгі құрылымдық элементтері көптеген факторларға байланысты. Экономикалық жүйе және қаржы көздері, ауа райы және географиялық жағдай, мәдениет пен дін – осының барлығы қала құрылымына әсер ететін факторлар қатарына жатады. Өйткені әрбір қаланың сәулет өнерінде осы ерекшеліктер бар.