-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (33)
Сәу 13, 2016 11:41Мешіттердің сыртқы келбетіндегі өзгешеліктер олардың басқа ғимараттардан ерекшеленуіне себеп болды. Баған, арка, күмбез, үшбұрышты үш жақтау сынды элементтер Ислам сәулет өнерін құраса да, бұл өнердің, әсіресе мешіт құрылысындағы ең көрнекті элементі күмбез болып табылатындығы анық.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (32)
Сәу 13, 2016 11:34Ислам сәулет өнері тарихындағы көңіл аударуға тұрарлық тақырыптардың бірі – мешіттер мен олардың архитектуралық стилі. Мешіттер мен олардың қызықты құрылысы өз заманының айқын көрінісі болып табылады. Бұл арқылы мұсылман халықтары арасындағы эстетикалық талғамды бағамдауға болады. Мешіттердің құрылысы қоғамдағы діни мәдениеттің әсерімен салынады.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (31)
Сәу 13, 2016 10:11Ислам елдерінде мешіт салуда әртүрлі стильдер, тәсілдер, құрылыс материалдары пайдаланылса да, аула салу мешіттердің құрылысындағы ортақ элементтердің бірі болып саналады. Орталық аула салу Исламға дейінігі кезеңде де қолданылса да, Исламның көзқарасына байланысты жаңа мәнге ие болды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (30)
Сәу 13, 2016 10:08Қоғамдық орындардағы кіреберіс кеңістік ғимараттың ішкі бөлігін сыртқы кеңістікпен үйлестіре байланыстырады. Бұл жағдай сәулетшілердің өз жобаларында кіреберіске ерекше көңіл аударуына себеп болды, өйткені кіреберіс кеңістік бір ғимараттың негізгі ерекшелігін көрсетеді.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (29)
Сәу 13, 2016 10:07Имам Реза кесенесі мен оның ерекше архитектуралық құрылысына тәнті болған канадалық жазушы Ральф Бени "Иран, Фирузе көпірі" деген еңбегінде: "Мешхедтің имам Реза кесенесіндегі намаз оқитын кең залдар мен безендірілген аулалар ерекше тартымдылыққа ие.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (28)
Сәу 13, 2016 10:05Мешіт – мұсылмандардың ғибадат еттетін арнайы орны. Мұнда Исламның бес парызының бірі – намаз оқылады. Исламдық үкімдердің арасында бес парыз бар.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (27)
Сәу 13, 2016 10:03Қалалық базарлар орналасқан аймағының ыстық және құрғақ немесе қоңыржай болуына байланысты ерекше принципке негізделген сәулет жобасына ие. Бұл сәулет өнерінің ең маңызды көрсеткіші ғимарат салуда кірпіш пен берік құрылыс материалдарын пайдалану болып табылады, өйткені Иранның ежелгі базарларының қабырғалары мен төбелері қалалық жерде сазбалшық, кірпіш және берік қоспадан жасалатын болған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (26)
Сәу 13, 2016 10:01Иран тарихында базарлар Ислам дәуірінде де, одан бұрын да қалалардың негізгі және орталық құрылымының маңызды бөлігі болып саналған. Бұл орындардың жанға жағымды архитектуралық жобасы ата-бабалардың өнері мен мәдениетінің құнды қазынасы ретінде әлі де Иранның кейбір қалаларында сақталынып қалған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (25)
Сәу 13, 2016 09:59Иран тарихында базарлар қаланың ең маңызды кеңістігі және қарым-қатынас орталығы болған. Қаланың негізгі әрі тұрақты базарлары әдетте қаланың ең маңызды көшесінің бойына салынған. Басқаша айтқанда, қаланың адам көп жүретін негізгі жолының бойында сауда-саттық орталықтары, ал кейде өндіріс орындары орналасқан, сөйтіп біртіндеп базар пайда болған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (24)
Сәу 13, 2016 09:56Иран базарларының бірнеше мыңжылдық тарихы бар. Бұл елдің ежелгі қалаларында үнемі дәстүрлі базарлар болған. Олардың кейбіреулері әлі күнге дейін халық арасында алыс-беріс орталығы қызметін атқарады.