Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 11
Бұл күндері АҚШ-да президенттік сайлау науқаны өзінің жоғары толқынына жетіп, президенттік сайлаудың үміткерлері бір-бірінен озық түсуге күш салуда. Сайлау науқаны кезінде үміткерлер өз бақталастарын сайыста артта қалдыруды мақсат етіп, АҚШ қоғамының көптеген проблемалары мен дағдарыстарын ашып айтуда. Кейбір дағдарыстар адам құқығы мәселесіне қатысты.
АҚШ үкіметінің сайлау науқаны мен сайлауға қатысатын үміткерлерінің сайлау үдерісіне шолу жасап, америкалық азаматтардың теңдігі, адами құқықтарды пайдалануы, тұрмысы мен тыныштығы туралы ұрандарды кездестіреміз. Бірақ АҚШ қоғамына тереңірек көңіл бөліп, өркениет, даму және адамгершілік негіздерге табанды болудың жұқа қабатының астында терең жарықтардың қалғанын көреміз. Олар қоғамның бір бөлігінде жарық пайда болған кезде айқын байқалады. Даму мен адамгершілік негіздерге табанды болу туралы уәж айтатын бұл мемлекеттің азаматтық құқықтары мен адам құқықтарының кеңінен бұзылуы қоғамдық белсенділердің көбін таңырқатты. Өмір сүру мен қауіпсіздік халықаралық құжаттар мен мемлекеттердің Конституциялары мен Адам құқығының әлемдік жарлығында қарастырылған адам құқығының басты негіздері болып табылады. Үкіметтер адамдардың өмірін қорғап, азаматтары күнделікті өмірлерін тыныштықта өткізіп, өз мақсаттарына жететіндей жағдай жасауға міндетті. Үкіметтердің әр саладағы саясаттары адам құқығы мен азаматтық құқықтарды сақтауға сай болуы керек. Қазіргі кездегі АҚШ-тың негізгі проблемаларының бірі қатыгездіктің артуы және азаматтарының ыстық қарудан өлімге ұшырауы болып табылады. АҚШ-тағы қарудың азат сатылуы мен қару шығаратын бай лоббилердің араласуы, сондай-ақ бұл таптың экономикалық мүдделерінің қоғамның ортақ мүддесінен артық саналуы қару саудасына тыйым салуға кедергі болуда. АҚШ президенттік сайлауының демократтар партиясының үміткері Хиллари Клинтон Буффало қаласында өз жақтастарының алдында осы негізгі дағдарысқа тоқталып: «Жыл сайын бұл елде 33000 адам қарудан өледі, яғни күн сайын 90 адам оқтан құрбан болады»,- деді. Ол президент болып сайланса, қару ұстау мәселесін шешетінін айтып: «Мен біздің зияткер ел екендігімізге және адамдарымыздың өмірілерін сақтап қалатындай жұмыс істей алатындығымызға сенемін. Мен барлық адамдардың жанын қорғаймын деп уәде бере алмаймын, бірақ беруге болмайтын адамның қолына қару ұстатпаймын»,- деді. АҚШ-тағы келесі ұятты мәселе азаматтарының ел полициясының ресми күштерінің қолынан қаза болуы жатады. Одан өкініштісі, АҚШ-тың сот органдары көбінесе бұл істерді қарастырмайды. Бұл мәселені демократтардың үміткері Берни Сандерстің сөздерінен түсінуге болады. АҚШ президенттік сайлауының демократтар партиясы үміткерлерінің бірі Берни Сандерс Оңтүстік Калифорния штатындағы алғашқы сайлаудың алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ-ның Әділет министрлігі елдің жер-жерінде полиция күштерінің қолынан өлген барлық азаматтардың ісін зерттеу қажеттілігін қуаттады. Біз әр істі АҚШ Әділет министрлігінің көмегімен зерттейміз. Біз полиция басқыншы әскер сынды әрекет жасамауы үшін кеңселерін қарусыздандыруды талап етеміз»,- деді. 17-ші ғасырда құлдық жүйемен бірге басталған АҚШ-тағы кемсітушіліктер осы уақытқа дейін жалғасуда. Мартин Лютер Кингтің «Арманым бар» деген сөзді айтқаннан бері жылдар өткенімен АҚШ-тың қара нәсілділері бұл ел үкіметінің нәсілшіл саясаттарына байланысты шектеулер мен тыйымдарды көріп, күн кешуде. Нәсілдік кемсітушіліктің бір түріне полицияның қара нәсілділермен қатынас жасауы жатады. Нәсілшілдіктің АҚШ үкіметінің бөлімдеріне таралуы әртүрлі штаттардағы полиция офицерлерінің көбінің ескерту жасамай, күдікті деген қара нәсілді адамға қарай оқ атып, оны өлтіруіне себеп болды. Өткен екі жылда АҚШ үкіметі қорғансыз қара нәсілдінің ақ нәсілді полиция күштерінің қолынан өлген көптеген жайттарға қатысты қатаң сындармен бетпе-бет келді. Сонымен бірге ел деңгейінде полицияның бұл әрекеттеріне наразылық білдірген шерулер өтті. Берни Сандерс сөзінің жалғасында АҚШ қоғамының келесі ащы шындығына, яғни қара нәсілділерге көрсетіліп жатқан кемсітушіліктерге тоқталып: «Қара нәсілділер мен ақ нәсілділер есірткі заттарды бірдей шегеді, бірақ қара нәсілдінің тұтқындалу ықтималы 4 есе көп»,- деді. Халықаралық Амнистия ұйымы өзінің 2016-шы жылдың ақпан айындағы еебінде: «АҚШ-тың әділет жүйесіндегі теңсіздіктер айқын байқалады. Өйткені ақ нәсілділер мен қара нәсілділердің есірткі қолдануы бір мөлшерде болғанымен, бұл мәселеге қатысты қара нәсілділердің тұтқындалуы мен қорлық көруі көбірек кездеседі. Қара нәсілділер АҚШ-тың бүкіл халқының 13 пайызын құрағанымен, олар есірткі қылмысына қатысты тұтқындалғандардың 29 пайызын құрайды»,- деп айтылған. Осы мәліметтер бойынша қара нәсілділердің тұтқынға түсуі ақ нәсілділермен салыстырғанда 6 есе жоғары. Сонымен бірге аталмыш есепте АҚШ-тағы қара нәсілділердің полицияның қолынан өлуі туралы: «Федералдық үкімет жыл сайын полицияның қолынан өлетіндердің саны туралы нақты мәлімет жарияламайды»,- деп айтылған. Алайда өзі және өзінің ой-пікірлерімен кең ауқымды дағдарыстар тудырып, азаматтарының құқықтарын бұза алатын президенттік сайлаудың келесі үміткері Дональд Трамп дөрекі және орта ғасырлардағы азап-қорлықтарды қайтаруды талап ету сөздерімен елінің басқа елдерге қарсы соғыс ашып, халықаралық міндеттемелерін орындамауына көңіл бөлмей, сайлау сайысына қадам басты. Мұндай қатыгез ойларға ие адамның АҚШ-тың дамыған қоғамынан шығып, бұл елдің билігін өз қолына алуды мақсат етуі көңіл бөлетін жайт. Бұл жерде көптеген адамдардың АҚШ қоғамының терең мәселелерін көрсетіп, орта ғасырлар кезеңіне оралғысы келетін қатерлі әрі адамгершіліктен жат көзқарасы бар адамды қолдауы да ойландыратын мәселелердің бірі. Трамптың қайталай беретін сөздерінің біріне мұсылмандарға қатысты жиіркеніш тудырып, оларды елден шығарып жіберу туралы сөздері жатады. Адам құқығы жарлығының алтын негізі бойынша барлық адамдар азат және тең құқықтарға ие болып, дүниеге келеді. Олардың барлығының ақылы мен ұжданы бар және бір-бірімен бауырластық көңіл-күймен қарым-қатынас орнатады. Ұлтаралық және дінаралық жиіркеніш ежелден адамдарды бір-біріне қарсы қоятын құралдардың бірі болған. Кейде ақ нәсілділерді қаранәсілділерге немесе басқа нәсілділерге, кейде мұсылман еместерді мұсылмандарға қарсы, кейде еуропалықтарды еуропалық емес мигранттарға қарсы итермелейді. Негізінде кейбір үкіметтердің стратегиясы қайшылықтар тудырып, топтарды әлсіретіп, өз құдыретін көрсету, сонымен бірге қоғамдық, экономикалық, мәдени, саяси, тіпті әскери тұрғыдан аз санды топтарға қысым көрсету болып табылады. Үкіметтік жиіркеніш тудыратын ағымдар өзінің ақпарат күшін пайдаланып, қоғамның көпшілігін аталмыш топтарға қарсы айдап салып, осы жол арқылы аз санды топтың жаны, мүлкі мен абыройына тиісіп, адам құқығын бұзады. Расында халықаралық азаматтық құқықтардың 20-шы тармағының 2-ші бабы бойынша ұлтаралық және мазхабаралық жиіркеніш тудыруға тыйым салынып: «Ұлттық, ұлтаралық немесе мазхабаралық жиіркенішке итермелеу кемсітушілік, дұшпандық немесе зорлық-зомбылық саналып, оған заңмен тыйым салынады»,- деп айтылған. Сондықтан ұлттық жиіркенішке немесе ұлттық кемсітушілікке, сонымен бірге бір ұлт немесе бір топқа қарсы зорлық-зомбылық жасауға итермелейтін кез келген әрекет қылмыс саналып, ол заң бойынша қарастырылады. Бұл жолы АҚШ президенттік сайлауының үміткері Дональд Трамп мұсылмандарды нысанаға алып, нәсілшіл әрекеттері және қатыгездік талап етуімен бұл елдің мұсылмандарының құқықтарын бұзып, оларға қысым көрсетпек. АҚШ президенттік сайлауы үміткерлерінің пікірлеріне жасаған шолу бұл елдегі қоғамдық жарықтардың тереңдігін көрсетеді. АҚШ үкіметі өзін әлемдік демократияның туын көтеруші санағанымен, АҚШ қоғамындағы ақиқаттар адамзат құқығының негізгі дағдарыстары мен бұл қоғамдағы кемсітушілік, нәсілшілдік, жиіркеніш пен теңсіздіктің тереңдігін көрсетеді.