Батыстағы адам құқығының бұзылуы: қиялдан ақиқатқа дейін 12
БҰҰ-ның Конвенциясы бойынша үкіметтер босқындарға көмектесуге міндетті. Бірақ Адам құқығы ұйымының есептері үкіметтердің әлем босқындарына жедел жәрдем көмектесу саласында нәтижеге жетпегедерін көрсетеді. Австралиядағы мигранттардың жағдайы бұл мәселеленің айқын үлгісі.
Ағымдағы жылдың сәуір айның соңғы сәрсенбісі Австралияның Науру аралындағы мигранттар лагеріндегі заңсыз мигранттар үшін «қара сәрсенбі» болды. Бұл күні БҰҰ Босқындар жоғары комиссариятының өкілдері аталмыш лагерді аралап жүрген кезде оның бес тұрғыны әртүрлі әдістермен өздеріне қол жұмсап, өлді. Олар осылай өз наразылықтарын БҰҰ-ның өкілдерінің құлағына жеткіземіз деп ойлады. Наурудағы лагерде аталмыш сәрсенбіде орын алған ең маңызды оқиғалардың бірі Умид деген 23 жастағы ирандық жігіттің БҰҰ-ның өкілдерінің алдында бұл жердегі лагердегі өмірдің ауыр болуы туралы айқайлап, киіміне бензин төгіп, өзін өртеуі болды. Бұл оқиға туралы таралған фильмдер Умидтің жағдайынан шаршап, төзімділігінен айырылып, айқайлап, бір сәтте қолына шақпақты алып, киіміне тигізеді. Бұл оқиғаны көріп тұрған адамдар 23 жастағы жігіттің мұндай әрекетін көріп, өз көздеріне сенбей көмектесуге асығып, көрпелерін алып, өртті сөндірмек болды. Бірнеше сағаттан кейін Умидті ұшақпен Мельбурнге жеткізіп, ауруханаға жатқызды. Бірақ күйігі ауыр болып, ол келесі күні қаза болды. Умид Масумали 3 жыл бойы Австралияда заңсыз өмір сүріп, жақында осы жерде үйленген жағдайда қайтыс болды. Умид басқа жүздеген мигрант сынды өмірін жақсарту арманымен Ирандағы үйі мен жақындарын тастап, Австралияға аттанған болатын. Бірақ бұл елге жетсімен жағалау полициясының қолына түсіп, Науру аралындағы лагерге жіберілген болатын. Науру, Крисмас және Манус аралдарындағы лагерлерде өмір сүруді тәжірибе еткен адамдар бұл жерлерде күндерін кешіп жүргендердің өмірлік шараларынан жақсы хабардар. Бұл лагерлердегі нашар гигиеналық жағдай, дәрі-дәрмек пен емнің және азық-түліктің тапшылығы сан рет наразылықтарға және тіпті мигранттардың бүліктеріне себеп болды. Өткен 2 жылда бұл лагерлердегі 3 ирандық жастың өлімі туралы хабар Австралияның мыңдаған халқының мигранттардың жағдайдарына наразылық білдіріп, шеруге шығуларына әкелді. Бұл үш адамдардың бірі Фазыл Чекини болды. Ол өткен жылы Крисмас лагеріндегі бүлікте соққыдан өлді. 23 жастағы Реза Берати де 93-ші жылы Манус лагеріндегі өмірлік шараларға наразылықтар кезінде соққыларға түсіп, қаза болды. Дәл сол жылы 24 жастағы ирандық Хамид Хазаи тері ауруына шалдығып, ауруханада өлді. Енді Умид Масумалидің өлімімен өткен жылдарда Австралияның лагерлерінде қаза болған ирандықтардың саны төрт адамға жетті. Австралияның Мигранттар істері жөніндегі министрі: «Өзіне немесе жанұяларына зардап келтіріп, Австралияға жетіп, бұл елде тұрақты азаматтық аламын деп ойлағандар, қателеседі. Мен олардың мұндай нәтижеге жетпейтіндерін қуаттаймын»,- деді. Умидтің өлімінен бір күннен кейін Австралияның бірақатар адамдары үкіметінің саясатына наразылық білдіріп, киімдеріне Умидтің есімін жазып, Мельбурнде жиналды. Умидтің әйелі жұбайының ауруханаға жеткізілу тәсіліне наразылық білдіріп: «Оқиғадан кейін Умид ауруханаға жеткізілгенше бірнеше сағат өтті. Осы кешігу оның өліміне себеп болды»,- деді. Науқасты емдеуді кешіктіру Хамид Хазаидің ісі бойынша Австралия үкіметіне тағылған айып болды. Науру аралы Австралияға жақын орналасқан әлемінің ең кішкентай федерал республикасы. Австралия үкіметінің сұрауы және қаржылай көмегіне қатысты Оңтүстік-батыс Азияға бет алған мигранттарды Австралияға жетпестен бұрын өзінің лагерлерінде сақтайды. 2008-ші жылы қатыгездік пен жыныстық қылмыстарға байланысты бұл лагерь жабылған. Бірақ Австралия үкіметінің қалауымен 2012-ші жылы қайтадан ашылды. Науру лагерінің стандартқа сай келмейтін жағдайы, күзетшілерінің азаптары және әйелдер мен балаларға қарсы жыныстық қорлықтардан туындайтын мәселелері қатты сынаулармен кезікті. Алайда Австралия мигранттарға қарсы өз саясаты мен олардың елдің сыртына ауыстыруды жалғастырып отыр. 2015-ші жылдың мамыр айында лагерлердің бірінде өмір сүріген 23 жастағы ирандық Назанин бойжеткен жыныстық шабуылмен кезікті. Оның бауыры берген ресми сұхбатында: «Бұл өкінішті оқиғадан кейін халықаралық дәрмен орталығының жедел көмек көрсететін дәрігерлері біздің жанұямызға: «Назанин психикалық зардап шекті, сондықтан Австралияға емге аттануы керек»,- деді. Кейбір қызметшілер бізге бірнеше күннен кейін арнайы психикалық ем алу үшін жанұямызды Брисбенге жібереміз деді, бірақ бұл еш уақытта орындалмады»,- деді. Назаниннің әкесі: «Соңғы рет өзіне қол жұмсағаннан кейін халықаралық денсаулық орталық қызымды үш апта әлде одан көбірек ауруханасына жатқызды. Содан кейін қызым ешбір адаммен сөйлеспеді, осы кезге дейін үнсіз қалуда. Ол тіпті тамағын да ішіп-жемейді»,- деп қосты. Бұл оқиға жергілікті полиция жыныстық шабуылды теріске шығарып отырған жағдайда орын алды. Полиция: «Зерттеулер жүргізілді, бірақ күдікті еш нәрсе табылмады»,- деп жариялады. Аталмыш лагерлерде балалар да ауыр және төзуге болмайтын жағдайлармен, атап айтқанда әртүрлі азап-қорлықтармен бетпе-бет келуде. Австралия үкіметі балаларға жасалған жүздеген жыныстық шабуылдар мен азап-қорлықтарды тіркеді. Шамаен 100 бала Науру аралында стандарттарға сай келмейтін жағдайда сақталуда. Бұл лагерь балалар мен аналарының өмір сүрулеріне тіпті сай келмейді. Өйткені бұл аралда балалардың тамақтануы мен әйелдердің гигиеналық жағдайы қарастырылмаған. Ағымдағы 2016-шы жылдың алғашқы күндерінде Австралияның АВС ақпарат арнасы Науру лагерінде алты жасар қыз балаға басқа мигранттың жыныстық шабуыл жасағаны және айыпкерді қашып кеткені туралы мәлімет таратты. АВС: «Науру полициясы заңдардың мигранттар мен басқа халық үшін айырмашылығы бар екенін көрсетіп, қыз баланың әкесінің қылмыс жасаған ерді тұтқындап, сот ісін жүргізу талабына жауап беруден тартынды»,- деп жариялады. Бұл мәлімет бойынша, науруда балаларға қарсы жыныстық шабуылдар жасалуы туралы көптеген құжаттарға қарамастан осы кезге дейін ешбір адам жазаланбады. БҰҰ-ның Конвенциясы бойынша, үкіметтер мигранттарға көмектесуге міндеттелгендірмен, Адам құқығы ұйымының есептері үкіметтердің әлем босқындарына жедел жәрдем көмектесу саласында нәтижеге жетпегедерін көрсетеді. Австралиядағы мигранттардың жағдайы бұл мәселеленің айқын үлгісі. БҰҰ Амнистия ұйымы бұдан бұрын: «Австралия үкіметінің тарапынан Науру лагерінде сақталатын мигранттардың жағдайы көңіл толатындай емес және олар көптеген қиындықтармен кезігеді. Олардың жиі кезедсетін мәселесі дәрігерлік қызметтердің тапшылығы болуда,»- деп жариялағын болатын. Австралия үкіметі бұл мәліметті теріске шығарып: «Австралия үкіметінің пікрінше, лагерлердегі мигранттарға жеткілікті мүмкіндіктер жасалуда»,- деді. Өткен жылдарда басқа елдердің мигранттарының жаңа толқынымен кезіккее Австралия үкіметі сан рет мигранттарға зұлымдық көрсетуіне байланысты әлемдік қауымдастықтың және тьпті өз елінің азаматтарының сынауларымен бетпе-бет келді. «Мигранттар құқылары арнасының» белсендісі Виктория Мартиннің пікірінше, үкімет мигранттарды қабылдауды қиындататын мақсатты бағдарламалар қарастырды. Сондықтан Науру аралы мен басқа орталықтардағы жағдай көбінде мигранттарға қиындықтар тудырып, рухылық соққы береді. Австарлия мигранттарға қарсы қатаң саясат жүргізіп, оларға бұл елде азаматтық алуға рұқсат бермейді. Бұл мемлекет мигранттарды Тыңық мұхитындағы кейбір аралдардағы лагерлерде толық оқшауландырып ұстайды және көбісін елдеріне қайтарады. Австралия үкіметі тіпті мигранттарды қабылдағаннан кейінде лагерлерден шығуға рұқсат етпейді. Австралия қайраткерлері әшкере түрде «бұл саясат мигранттарды үркітуді көздейді» жеп жариялады. Адам құқығы белсенділері Австралияның саясатына наразылық білдіреді. БҰҰ Босқындар істері жөніндегі комиссарияты: «Австралияның мигранттарға қатысты іс-әрекеттері өте қатерлі»,- деп жариялады.