Маусым 29, 2016 14:23 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 26

Қасиетті рамазан айының жиырма алтыншы күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды  қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!

Қасиетті рамазан айының жиырма алтыншы күнінің дұғасында бұл айдағы талпыныстарымызға   сауап жазуды сұраймыз. Алла Тағала «Наджм» сүресінің  39-шы аятында: «Адамзат еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады»,- деп айтқан. Адамның талпыныстары нәтижеге жетіп, сауапқа ие  болады. Немесе кейде күткен нәтижеге жетпей, қабыл болмайды. Кейбір кезде адамның ниеті жақсы болмағандықтан сауапқа ие болмайды.  Сол себепті Алладан талпыныстарымызды Өзі қабыл ететін жолға түсіруді сұраймыз. Дұғаның жалғасында Жаратушыдан бұл берекелі айда күнәләрімізді кешіруді өтінеміз. Ұлы Алланың ең айқын сипаттарының бірі Оның кешірімді болуы. Алла тәубе етіп, өзіне қарай оралған адамдарды кешіреді. («Таха» сүресі, 82-ші аят). Бүгінгі күннің дұғасының келесі бөлігінде«ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр» деп сұраймыз. Ең маңызды илаһи сипаттардың бірі Оның пенделерінің кемшіліктерін жасырып, оларды әшкере етпеуі  болып табылады. Хадистердің бірінде: «Бір адам Алланың елшісіне: «Жаратушының кемшіліктерді жасыруын қалаймын»,- деп айтыпты. Хазірет: «Бауырларыңның  кемшіліктерін жасыр. Сонда Алла сенің кемшіліктеріңді жасырады»,- деп жауап берді»,- деп айтылған. Қасиетті рамазан айының жиырма алтыншы күнінің дұғасының соңында Алладан күнәларымызды кешіріп, ғамалдарымыз бен дұғаларымызды қабылдауды сұраймыз.

Тегтер