Маусым 29, 2016 14:39 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 27

Рамазан айының жиырма жетінші күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Бұл күні маған қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр. Тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір, уа, өзінің лайықты құлдарына мейірімді Құдай!

 Қадір түні – Алла елшісінің  жүрегіне Құран жіберілген түн. Бұл адамдардың тағдыры шешілетін түн. («Дұхан» сүресі, 4-ші аят) Бұл түні періштелер жерге түседі («Қадір» сүресі, 4-ші аят). Сондай-ақ, бұл түн таң атқанша рақымдылық пен берекеге ие түн. («Қадір» сүресі 5-ші аят). Сол себепті қасиетті рамазан айының  жиырма үшінші күнінің дұғасының бірінші бөлімінде Алладан Қадір түнінің берекесін нәсіп етуді сұраймыз. Дұғаның жалғасында Алладан «барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр» деп өтінеміз. Жаратушы еш уақытта адамдар үшін қиындық тілемейді. «Бақара» сүресінің  185-ші аятынан: «Алла Тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды»,- деп оқимыз. Рауаяттарда «ең жақсы адам басқаның кешірім сұрауын қабылдайтын адам» деп айтылған. Осыған орай біз  жиырма жетінші күннің дұғасында Ұлы Алладан «тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір» деп сұраймыз.Дұғаның соңында адал пенделеріне мейірімді Алладан жақсылық пен берекеге толы айдан  таза шығу үшін күнәларымызды кешіруді сұраймыз.

 

Тегтер