Маусым 29, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 29

Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

 Осы күні мені Өзіңнің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеп, табысқа жеткізіп, тыйым салып, жүрегімді жаланың қаралығынан тазарта гөр, уа, иманды құлдарының мейірімді Құдайы! 

Қасиетті рамазан айының  жиырма тоғызыншы күнінің дұғасының бірінші бөлімінде Алладан Өзінің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеуді сұраймыз. Ең айқын илаһи сипаттардың бірі – Оның рақымдылығы.  Рақымдылық Құран Кәрімде әртүрлі баяндалған. Алла Тағала Өзінің рақымдылығын пенделеріне қажетті әрі  уәжіп еткен. Сол себепті Алладан бізді және біздің айналамызды Өзінің рақымдылығына бөлеуді тілейміз.  Дұғаның жалғасында Жаратушыдан бізді табысты етуді сұраймыз. Құран Кәрім «Һуд» сүресінің  88-ші аятында илаһи үлкен пайғамбарлардың бірі хазірет Шұғайыптың атынан: «Табысты болуым, Аллаға ғана байланысты»,- дейді. Табыс деген барлық адал және жақсы жұмыстардың тек Алланың көмегімен ғана атқарылуы. Исламның ұлық пайғамбары хадистерінің бірінде: «Мені көп есіне алған пендемді көрген кезде бұл мүмкіндікті Мен бергенімді білетін бол»,- деді. Рамазанның жиырма тоғызыншы күнінің дұғасының келесі бөлімінде Алладан жүрегімізді жаланың қаралығынан тазарта гөр деп өтінеміз. Бейкүнә адамға тіл тигізу ең жаман істердің бірі. Ислам оны қатты айыптайды. Ислам дінінде күнәсіз адамға  тіл тигізу үлкен күнәлардың қатарына жатады. Ислам адамға біреуге тіл тигізуге  себеп болатын іс-әрекеттерден алыстауды насихаттайды. Имам Садық (ғ.с.) «Мүмін өз бауырына тіл тигізген сайын суда еріген тұз сынды оның жүрегіндегі иманы азаяды» деп айтқан болатын. Дұғаны Алладан «Мүмін пенделеріңе рақымыңды білдіріп, оның дұғаларын орындай гөр» деп аяқтаймыз.

Тегтер