Маусым 29, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 30

Рамазан айының отызыншы күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Осы айда менің оразамды Өзің мен Өз елшіңнің ризалығына себеп болатындай, нәтижесі әлемдіктердің Пәруәрдігерінің ерекше мадағына ие хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және хазіреттің пәк әулетінің хақы негізінде болатындай ете гөр.

Бүгін Алланың қонағы болған айдың соңғы күні. Бұл күні Алла Тағала өз пенделеріне сыйларын таратады. Осыған орай Алладан «Осы айда менің оразамды Өзің мен Өз елшіңнің ризалығына себеп болатындай, нәтижесі әлемдіктердің Пәруәрдігерінің ерекше мадағына ие хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және хазіреттің пәк әулетінің хақы негізінде болатындай ете гөр» деп сұраймыз. Уа, Алла! Діннің негіздері таухид, набоват, ақырет, имамат және әділет арқылы бізге уәжіптерімізді орындап, тыйым салынған нәрселерден алыстауға көмектес. Уәжіптерімізді дұрыс орындауға мүмкіндік бере гөр! Басқаша айтқанда, бұл қасиетті дұғада Алладан ғибадаттарымызды, соның ішінде оразамызды дұрыс түсініп орындауға көмектес деп өтінеміз. Иә, Алла! Қасиетті айды исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетін еске алып, бастадық. Бүгін, айдың соңында Өзіңе шүкір айтып, Өзіңді мадақтаймыз. Өзіңді еске алу жәннәтқа жол ашады. Осы күні біз, ораза тұтушылар соңғы күннің дұғасын тілеп, Өзіңе шүкіршілігімізді білдіреміз.

Тегтер