Шіл 06, 2016 15:59 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 14

Ұлыбританияда балаларға қарсы жыныстық шабуыл індетке айналды. Әр тап өкілдерінің, соның ішінде саясаткерлер, дәрігерлер, өнерпаздар, қарапайым адамдар мен шіркеу мүшелері, тіпті полицияның арасынан осы індетке шалдыққан адамдарды кездестіруге болады.

Балаларға азап-қорлық көрсету мен оларға қарсы жыныстық шабуыл жасау қоғамда кеңінен таралған қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстың адамдарға тигізетін әсерінің тереңдігі сондай, оның құрбандары өмірінің соңдарына дейін көрген қасіреттерін ұмытпайды. Жыныстық шабуыл физикалық әсерімен бірге адамның психикасына қатты әсер етіп, оны бұзады. Жыныстық шабуылдың зардаптары  адамды ішкі тыныштықтан айырып, психикасының саулығына үлкен зиян келтіреді. Өкінішке орай, қазіргі кезде  бұл арсыз құбылыс кейбір қоғамдарда, тіпті дамыған мемлекеттерде кең таралған. Мұндай мемлекеттердің бірі –Ұлыбритания. Бұл мемлекет балаларға қарсы жыныстық шабуылдар мен азап-қорлықтардың дене түршіктірер статистикасына ие. Қазіргі кезде Ұлыбританияда балаларға қарсы жыныстық шабуылдар жайты артуда. 2012-2015-ші жылдар аралығында осы мәселе бойынша полицияға хабарланған жайттар 80 есе артты.  Ұлыбританиядағы  балаларға жасалатын жыныстық шабуылдардың көбеюі дене түршіктірерлік хабар болып табылады. ВВС арнасының   тележүргізушілерінің бірі Джими Суильдің мәліметтері бойынша, полицияға хабар беретін жайттардың саны жүзге жетеді. Бұл үдерістің жалғасуымен 2020-ші жылы полиция балаларға қарсы жыныстық шабуылдардың 200 000 жайтымен кезігеді деп болжануда. Мәліметтердің көбі шіркеулер, мектептер және ауруханалардан хабарланады. Өйткені бұл мекендер балалар көп зардап шегетін орындарға жатады. Өткен жылы Ұлыбритания мен Уэлстің полиция күштері балаларға қарсы 70 жыныстық шабуылдың ісін қарастырды. Балаларға қарсы жыныстық шабуылдарды зерттеумен  айналысатын полиция күштерінің бірі Саймон Били: «Бұл қылмысқа қатысты мәліметтердің көбеюі хабарланған мәліметтерге қатысты емес, олардың санының артуы шын мәнінде қылмыстың көбеюін көрсетеді»,- деді. Саяси сарапшы Крис Бомери: «Ғаламтор арқылы балаларды теріс пайдаланып, оларға қарсы қылмыстарды іске асыру оңай болды. Бұл қылмыстың алдын алып, оларға қарсы шара қолдану қажет»,- деді. Осы мәлімет бойынша, кейбір топтар Фейсбук сынды  әлеуметтік желілер арқылы балаларға қарсы  жыныстық  шабуылдардың тікелей артуына себеп болуда. Ұлыбритания полициясы жариялаған ресми мәліметтер бұл елде балаларға қарсы жыныстық шабуылдардың көп кездесетінін көрсетеді. «Гардиан» газетінің  мәліметі бойынша,  Ұлыбританияда әрбір 20 минутта бір балаға жыныстық шабуыл жасалады. Ұлыбритания полициясының мәліметттері тек 2010-шы жылы ғана 23000-мыңнан астам баланың бұл елде жыныстық шабуылдың құрбаны болғанын көрсетеді. Олардың жиырма пайызының жасы мектеп жасынан төмен және орта мектептің сыныптарында оқитын балалардың жасына тең болды. Бұл мәлімет балаларға қарсы сорақы әрекеттер жасаудың алдын алу ұлттық қоғамы (NSPCC) мен Ұлыбритания және Уэлс полиция күштерінің бүкіл 43 орталығынан алынды. Ұлыбритания полициясының ресми мәліміттері  өткен 2015-ші жылы Ұлыбритания мен Уэлсте 54982 жыныстық шабуылдың,  соның ішінде 23097 жайттың балаларға қарсы жасалғанын көрсетті. Балалардың көбі, нақты айтқанда 14819 бала 11-17 жастағы, соның ішінде 8749 бала 13-15-жаста болды. Өткен жылғы жыныстық құрбандардың 4973 саны он жасқа толмаған балалар болғанын, 19790 жайттың қыздарға,  3218 жайттың ұлдарға тиесілі екендігін көрсетіп отыр. Балаларға қарсы қатігез әрекеттер жасаудың алдын алу ұлттық қоғамының  (NSPCC) директоры Джон Браун (Jon Brown) үкімет пен қоғамның балаларды қорғауға және жыныстық шабуылмен кезіккен балаларды емдеп, олардың өмірлеріне көмектесуге міндетті екенін қуаттады. «Балалар комиссариаты» деп аталатын Ұлыбританиядағы балалардың құқықтарын қорғайтын азаматтық орган жариялаған есеп бойынша, 2012-ші жылдың сәуір айынан 2014-ші жылдың наурыз айыына дейін Ұлыбританияда 450 мыңнан астам бала жыныстық қорлық көрген. Бұл органның осы кезеңде ресми тіркеген шағымдардың саны шамамен 50 мыңға жеткен. Ұлыбританияда балалардың жыныстық қорлықтарының 85 пайызы жанұя мүшелері және олардың таныстары тарапынан жасалып, полицияға хабарланбайды. Осы мәлімет бойынша Ұлыбританияда балаларға қарсы жыныстық шабуылдардың тек сегізден  бір бөлігі ғана  тіркеледі. Балалар комиссариатының мәлімдемесінде балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың көбі қоғамдық ұйымдарда жасалғанымен олардың шамамен үштен екі бөлігі жанұя мүшелері немесе балалар сенім артатын адамдар арқылы жасалатындығы көрсетілген. Құрбан болған балалардың көбі психикалық және физикалық зардаптар салдарынан кейін қиындықтармен кезігеді. Жыныстық және психикалық зардаптардан қорғау балалардың қабілеттерінің дұрыс дамуы мен оларды жанұя құруға дайындайды. Сонымен бірге өсіп, ақылы толған сайын қоғамның істеріне жауапты азаматқа айналады. Бала ерекше қорғау-қолдауға ие болып, оның дене шынықтыру мен ой-өрісін дамыту және  ахлақтық және қоғамдық тәрбиесін қажетті мүмкіндіктер мен қажет құралдармен қамтамасыз етіп, оған сау, азат және заңды құрметтейтін қоғамды ұсыну керек. Яғни, балалардың мүдделерін ең басты мәселе деп санайтын заңдар реттелуі керек. Бұл өкінішті мәліметтер Ұлыбритания халықаралық заңдарды, соның ішінде балалардың құқықтарын қорғайтын конвенцияның міндеттемелерін орындауға міндетті жағдайда жарияланып отыр. Балалар құқықтары конвенциясыынң 19-шы тармағына сәйкес үкіметтер заң, қоғам және білім беру саласының мүмкіндіктеріне сүйеніп, баланы жыныстық қорлық пен психикалық зардаптардан қорғауға міндетті. Сондай-ақ бұл конвенцияның 24-ші тармағы бойынша, келісімінің мүшелері өздерін баланы әртүрлі жыныстық қорлықтардан қорғауға міндетті деп санайды. Үкіметтер ішкі және халықаралық заңдарға сүйеніп, балаларды жыныстық қорлықтардан және порнографиядан қорғайтын шара қолдануы қажет. Ұлыбританияда балаларды қорлайтын құбылыс мұздан пайда болған тау сынды. Жарияланған мәліметтер сол мұз таудың тек сыртқы көрінісін ғана көрсетеді. Ұлыбританиялық «Гардиан» газетінің мәліметінше, өткен төрт жылда Ұлыбритания мен Уэлсте балаларға қарсы жыныстық қорлықтардың саны 60 пайызға өсті. Бірақ сол қылмыстарды жасайтын адамдарды                                 тұтқындау 9 пайызға төмендеді. Ұлыбритания мәжілісі кітапханасының сараптамасы бойынша полицияға хабарланған  балаларға қарсы жыныстық азаптардың статистикасы 2011-ші жылғы 5500-ден 2015-ші жылы 8800-ге артқан. Керісінше Ұлыбритания мен Уэлсте балаларға қарсы жыныстық қорлық жасағандардың тұтқындалғандарының  саны 2011-ші жылы 3500    пайызға төмендеп, 320-ға жетті. Статистикаға жасаған шолу еуропалық мемлекеттердің арасында ұлыбританиялықтардың балаларға жыныстық қорлық көрсету ұстанымдарының көбірек екенін көрсетеді. Басқа жақтан бұл қылмыстарға орынды жазаның қолданылмауы Ұлыбританияда жыныстық қорлық көрген балалар санының көбеюіне себеп болды. Ұлыбританияда әр алты ер баланың біреуі жыныстық қорлықпен кезігеді. Бұл сан қыздар арасында жоғарырақ – әрбірр төрт қыздың біреуі жыныстық қорлықпен кезігуде. Ұлыбритания үкіметінің кеңесшілері ұлттық эпидемияға айналған қорқынышты статистиканың теріс салдарлары туралы ескерту жасады. Бұдан бұрын  Петер Мак Келви Ұлыбританияның 40 саясаткерінің балаларға азап-қорлық көрсететін арналардан хабардар болғаны  немесе оларға өздерінің қатысқаны туралы әшкерелеген болатын.  Балаларға қарсы жыныстық қорлық көрсетумен айыпталған кейбір адамдар, соның ішінде Кирил Смит пен Петер Моррисан қазір тірі емес, ал Ұлыбритания парламентінің осы қылмыспен айыпталған кейбір саясаткерлері әлі күнге дейін міндеттерін атқарып жүр. Ұлыбританияда балаларға қарсы жыныстық шабуыл індетке айналды. Әр тап өкілдерінің, соның ішінде саясаткерлер, дәрігерлер, өнерпаздар, қарапайым адамдар мен шіркеу мүшелері, тіпті полицияның арасынан осы індетке шалдыққан адамдарды кездестіруге болады. Мәселен, ВВС-дің бағдарлама жүргізушілерінің бірі Джимми Сэвил 1000-нан астам балаға жыныстық қорлық көрсеткен. Бұдан бұрын обыр аурулары мамандарының бірі өткен 4 жылда оған емдеуге әкелген науқас балаларға жыныстық қорлық көрсеткенін және 16 мыңнан астам порносуреттерін ғаламторда орналастырғанын мойындады. Қолданылған шараларға қарамастан Ұлыбританияда балаларға жыныстық қорлық көсрсету мәселесі шешілмеді әрі бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жақсарған жоқ. Ондай болса, бұл құбылыспен күресетін жол қандай?

Тегтер