Шіл 06, 2016 16:04 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 15

Йемендік балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың жасалуын әшкерелейтін құжаттар болғанымен, өкінішке орай, адамдарды, әсіресе қорғансыз әйелдер мен балаларды қолдауға міндеттейтін БҰҰ қылмыскер үкіметтің қоқан-лоққыларына шара қолданудың орнына балаларды өлтіретін режимдердің атын балалардың құқығын бұзушылардың тізімінен алып тастады. Бірақ бұл бірінші рет кездескен жайт емес.

Енді сабақ оқу, ойнап-күлу, жанұясының ортасында тыныш өмір сүру ол үшін орындалмас арманға айналды. Ол ойыншықтарын шетке қойып, өзінің әкесінің немесе анасының жансыз мәйітін иығына артты. Балалық армандары орындалмайтын болды. Олардың орнына көзі жасқа, кішкентай жүрегі қорқыныш пен алаңдаушылық және уайым-қайғыға толды... Йемендік балалар осы күндері Сауд режимі басқарған араб коалициясының айуандық қылмыстарының құрбандары болып, үлкен адамдар сияқты уайым-қайғыға батуда. Халықаралық ұйымдардың мәліметтері йемендік балалардың күнделікті кезігіп отырған ауыртпалықтарының тек азғана бөлігін ғана көрсетеді. Сауд Арабиясы өткен жылдың наурыз айынан кейбір араб мемлекеттері кірген коалицияны құрып, АҚШ және қасиетті Құдсты басып алған режимнің қолдауымен бұл елдің қашып кеткен президенті Абд Раббе Мансурды билік басына қайтаруды сылтауратып, Йемен халқына қарсы шабуыл жасады. Бұл шабуылдың салдарынан осы кезге дейін 7 мыңнан астам йемендік, соның ішінде көптеген әйел мен бала қаза болды немесе жарақат алды, сонымен бірге ондаған мың адам босқынға айналды. 2016-шы жылы ЮНЕСЕФ 320000 йемендік баланың дұрыс тамақтанбайтыны және бұл елдің халқының 82 пайызының гуманитарлық көмектерді қажет ететіндігі туралы хабарлады. ЮНЕСЕФ-тің «Балалық кезеңнің қарсаңында» атты мәліметі бойынша, Йеменнің соғысында қаза болған әскери емес 3000-нан астам адамның үштен бірін балалар құрайды. ЮНЕСЕФ өткен жылы 5 жасқа толмаған йемендік балалардың шамамен 10000-ның емделуге болатын, бірақ дәрі-дәрмек пен емнің болмауынан алды алынбаған аурулардың салдарынан өлгенін жариялады. Йемендегі ЮНЕСЕФ-тің өкілі Джулиан Харнез: «Балалар соғыстан ауыр зардап көруде. Олар өледі немесе мүгедек болып қалады. Йемендік балалар үшін ойнау да, ұйықтау да қатерлі»,- деді.  Осы салада БҰҰ тарапынан келесі мәлімдеме жарияланып, оның нәтижесінде Сауд Арабиясы йемендік балалардың 60 пайыздан астамын өлтіруіне байланысты балалардың құқығын бұзушылардың тізіміне  енгізілді. Бұл мәлімдеме саудиялықтардың және олармен Йеменге қарсы коалицияға кіретін мемлекеттердің реакциясымен бетпе-бет келді. Сауд Арабиясын қатаң сынаудан кейін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун алдымен Сауд Арабиясының атын балалар құқығын бұзушылардың қара тізіміне енгізіп, Риядты йемендік балаларды өлтіргені үшін айыптағаннан бір күн өте салысымен саудиялық коалицияның атын аталмыш тізімнен шығарды. Бұл шешім Сауд Арабиясының БҰҰ Бас хатшысына шабуыл жасап, Йемен туралы бұл ұйымның мәлімдемесін «зорайтып көрсетілген» деп бағалағанынан кейін қабылданды. Сауд Арабиясын балалардың құқығын бұзушылардың қара тізімінен алып тастау адам құқығы ұйымдарының қатты реакциясымен  кезігіп,  Пан Ги Мун Риядтың қысымдарына қарсы тұра алмады деп айтылуда. БҰҰ Бас хатшысы міндетінің екінші кезеңінің соңғы жылын атқарып жүрген Пан Ги Мун бұл ісімен өз беделін қатерге тіреді. Есімін әшкерелегісі келмеген бір дипломат «Рейтерс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «БҰҰ-ның мәліметі жарық көргеннен кейін Пан Ги Мунның кеңсесі Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдері мен Исламдық ынтымақтастық ұйымына кіретін елдердің Сыртқы істер министрлерінің телефон қоңырауларының астында қалды. БҰҰ- қайраткерлерінің бірі араб мемлекеттерінің бұл әрекеттерін «жан-жақты қысым» деп бағалады» деді. Есімін әшкерелегісі келмеген келесі дипломат Сауд Арабиясы мен одақтастарының әрекетін «шынайы бопсалау» деп атап: «Олар қоқан-лоққы мен қысымды БҰҰ-ны ұстанымын өзгерту үшін пайдаланды. Рияд ғұламалары тарапынан БҰҰ-на қарсы пәтуа шығарылып, бұл ұйым исламға қарсы ұйым деп жарияланып, отырыс өткізіп, Исламдық ынтымақтастық кеңесінің мүшелеріне БҰҰ-ның бағдарламалары мен жобаларын қолдап, оларға көмектесуге және бұл ұйыммен қарым-қатынас орнатуға тыйым салыну қауіп-қатері туындауы мүмкін еді»,- деді. Сауд Арабиясынан басқа Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі және Бангладеш өкілдері Пан Ги Мунмен байланысып, БҰҰ-ның мәлімдемесіне наразылықтарын білдірген болатын. Дипломатиялық көздердің айтуынша, Мысыр, Кувейт және Қатар – Пан Ги Муннің кеңсесімен қарым-қатынас орнатқан келесі мемлекеттер. Иордания мен Бангладеш өкілдері Пан Ги Мун кеңсесімен байланыс орнатқандарын растады. Осыған дейін бірқатар мәлімдемесінде Сауд Арабиясын соғыс қылмыстары үшін айыптаған адам құқығының инспекторлары деп аталатын топ Пан Ги Мунды қатты сынады. Бұл топ өз мәлімдемесінде: «БҰҰ-ның Бас хатшысы Сауд Арабиясының саяси әрекеттеріне бағынып, ұстанымын өзгертті»,- деп жариялады. Осындай сынадардың жалғасында адам құқығы инспекторларының директоры Кант Рос: «Пан Ги Мун Сауд Арабиясы мен Израильдің балалар құқығын бұзушылардың тізімінде болмауына ұялуы керк»,- деді.  Халықаралық Амнистия тобы да Пан Ги Мунға шабуыл жасап: «Бұл әшкере қолдау БҰҰ-ның беделіне сызат түсірді»,- деп жариялады. Сонымен бірге әлемдегі кедейшілікті азайту бағытында жұмыс жасайтын Оксфам (Oxfam) тобы  БҰҰ-ның бұл шешімін «ахлақтық жеңіліс» деп атады. БҰҰ-ның бірінші мәлімдемесінде: «Сауд Арабиясының өткен бір жылдағы шабуылдарында Йемендегі соғыста өлген балалардың 60 пайызы құрбан болды. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әуе шабуылдары шамамен 1200 баланың өліміне себеп болды. БҰҰ Баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик  өткен аптада өткізген ақпарат отырысында: «Өткен бір жылдың ішінде 10 мыңнан астам  йемендік бала науқастанып, қажетті дәрігерлік қызметтің болмауынан көз жұмды. Бұл балалардың көбі дене қызуының артуы, іш аурулары мен өкпе қабынуымен кезіккен болатын. Бұлар емделетін аурулар. Бірақ балалардың көбі Йеменнің соғыстан зардап шеккен қалаларында дәрігерлік қызмет пен емдеу орталықтарының болмауынан жантәсілім етті. Йеменнің жер-жерінде дәрігерлік жүйелердің шамамен бүкілі қирап, 600-ден астам дәрігерлік орталығы қаржылай қолдау мен дәрі-дәрмек пен дәрігерлердің болмауынан өз жұмыстарын тоқтатып отыр.  Йемендік балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың жасалуын әшкерелейтін құжаттар болғанымен, өкінішке орай, адамдарды, әсіресе қорғансыз әйелдер мен балаларды қолдауға міндеттейтін БҰҰ қылмыскер үкіметтін қоқан-лоққыларына шара қолданудың орнына балаларды өлтіретін режимдердің атын балалардың құқығын бұзушы елдердің тізімінен шығарып жатыр. Бірақ бұл бірінші рет кездесіп отырған жайт емес. Адам құқығы инспекторлары ұйымының әлемдік қолдау көрсету департаменті директорының орынбасары Филип Блопин БҰҰ-ның бұл әрекетін сынап: «БҰҰ бас хатшысының кеңсесі Сауд Арабиясының ұятсыз қысымдарына бас иіп, өткен жылы Израильге қатысты жасаған әрекетіне ұқсас әрекет етіп, өз беделін түсірді»,- деді. БҰҰ өткен жылы да АҚШ пен Израильдің қысымымен сионистік режимнің атын Газа секторына шабуыл жасауына байланысты балалардың құқықтарын бұзушылардың тізіміне енгізуден бас тартқан болатын. 393-ші жылдың тир айының ортасында Израиль режимінің Газа секторына жасаған 50 күндік шабуылының салдарынан шамамен 2200 палестиналық қаза болды. Олардың 577-сі балалар болды. Сондай-ақ бұл соғыста 11 мың 100 адам, соның ішінде 3374 бала, 2088 әйел және 410 қарт адам жарақат алды. Газа соғысындағы Израильдің қылмыстарына  қарамастан өткен жылы БҰҰ  бұл шапқыншы режимді балалардың құқықтарын бұзушылардың тізімінен шығарып, 2014-ші жылғы Тель-Авивтің  тек әскери шабуылдарын айыптаумен шектелді. Йемендік, палестиналық және соғыс зардаптарын шеккен басқа аймақтардағы құрбан болып жатқан, тіпті түстерінде қырып-жою, соғыс пен өртті көретін балалардың осының барлығына себепкер үкіметтердің БҰҰ тарапынан аттарын еститін құқықтары жоқ па? БҰҰ Бас хатшысының қоқан-лоққылардан қорқып, өз міндетін орындаудан бас тартып, БҰҰ Жарлығы мен адам құқығына қатысты басқа құжаттарда айтылған құндылықтар мен міндеттемелерге теріс қарауы дұрыс па? БҰҰ-ның құрылуы мен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және адам құқығы мен адамгершілікті қорғау философиясына мұндай әрекеттермен күмән тумайды ма?

Тегтер