Қыр 04, 2016 20:33 Asia/Almaty
  •  Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 17

Ұлыбританияның мұсылмандары бұл елдің нәсілшілділерінің көптеген қысымдарымен бетпе-бет келуде. Жаңа мәліметтер мен жаңа статистика Ұлыбритания халқы Еуроодақтан шығуға дауыс берген соң мұсылмандарға қарсы дұшпандықтың артып, Еуропадаға олардың діни мекендеріне қарсы әрекеттердің көбейгенін көрсетті.

 

Ұлыбритания халқы Еуроодақтан шығуға дауыс бергеннен кейін  бұл елдегі мұсылмандар мен поляктар нәсілшілдіктің артуына алаңдаушылық білдіруде. Полицияның мәліметі бойынша Ұлыбританияның орталығындағы қалада  поляктарға қарсы үндеулер табылған. Сонымен бірге Лондондағы  мәдени орталықтардың бірінің қабырғасына бұл елдің халқына қарсы қорлаушы сөздер жазылған.  Исламдық топтар  мұсылмандарға қарсы қылмыстардың көбейгені  және олардың көбінің Ұлыбританияның Еуроодақтан  шығуына байланысты болуы туралы айтады. Ұлыбританиядағы 2700000 мұсылман жамағатын қолдайтын басқа ұйымдардың көбіне қолдау көрсететін «Британия мұсылмандырының кеңесі» тобы: «Ұлыбританиядағы  референдумның  нәтижесі жарияланғаннан бері мұсылмандарға қарсы  кемінде 100 оқиға орын алды»,- деп хабарлады. «Британия мұсылмандырының кеңесі» өз мәліметтерін жариялап: «Англиядағы  дінге қарсы топтар мен адамдар әрбір мұрсатты мұсылмандар мен исламдық мекендерге қарсы шабуылдарды  көбейту үшін пайдалануда. «Британия мұсылмандырының кеңесі» бұл елдің саяси және азаматтық басшыларынан төтенше отырыс өткізіп, қайшылықтарды зерттеуді талап етіп:  «Өткен бірнеше күнде  тек ғаламторда ғана емес, көшелерде де  мұсылмандар мен кейбір аз санды  топтарға қарсы дене түршіктірерлік сөздердің артуының куәсі болдық. Мәселен, Лондондағы польшалықтарға қатысты  орталықтардың бірінің қабырғасына нәсілшіл ұран жазылып,                                                                                                                                                                                                                                                                    Бирменгемде мешіттің алдында нәсілшіл шеру өтіп, мұсылмандар мен басқа да аз санды топтарға қарсы тіл тигізушілік әрекеттер  көбейді»,- деп мәлімдеді. Шабуылдың құрбандары болған кейбір мұсылмандар жергілікті адамдардың оларға заттарын  жинап,  бұл елден кетулерін талап еткені туралы айтады. Өйткені бұл елдің халқы мигранттардың кетуіне дауыс берді. Ұлыбритания мұсылмандары өздерін британиялық және осы еуропалық елдің құндылықтарына табанды екендіктері туралы жариялаудан шаршады. Шын мәнінде Ұлыбритания мұсылмандарының көбін Исламнан үркіту саясатының құрбандары деп атауға болады. Тіпті,  олар ешбір қылмыс жасамаса да адамдардың көбі оларды мәселе тудырушы деп ойлайды. Бұл мәселені «Sky» ақпарат агенттігінің таяудағы сауалнамаларынан байқауға болады. Негізінде бұл сауалнама  осы кездегі Ұлыбритания мұсылмандары мен бұл елдің басқа адамдарының арасында орнаған жікті көрсетеді. Осыған орай Ұлыбритания халқының 58 пайызы олардың мұсылман көршілері  өз елі және перзенттерін экстремизмнен алыстату үшін жеткілікті талпыныс жасамады деп санайды. Бұл сауалнамада сонымен біре мұсылмандарға да сұрақтар қойылды. Мұсылмандардың 39 пайызы «Sky» ақпарат агенттігінің сауалдарына берген жауапта: «Ұлыбританияның полициясы мен қауіпсіздік күштері мұсылман жастардың радикалдық топтарға қосылу себептерінің бірі. Ұлыбритания саясаткерлерінің көбі  11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі Батыстың исламдық елдерге  қарсы шабуылдары мен лаңкестікке қарсы соғысын, осы ел мен әлемнің басқа аймақтарындағы жастардың  экстремистердің қатарына кіруін қабылдағылары келмейді»,- деді. Мәліметтер Ұлыбритания мұсылмандарының басқа діндердің жақтастарымен салыстырғанда  нәсілшіл топтардың қорлықтарымен көбірек кездесетіндіктерін көрсетеді. Ұлыбританияға көбі Азияның оңтүстік аймақтарынан келген мұсылмандар нәсілшілдік және діни дұшпандылықпен бетпе-бет келіп отыр. Наным-сенім мен діни мәселелерге қатысты  қатыгездіктер Ұлыбританияда басқа қылмыстардан жылдамырақ артып, 2014-ші жылмен салыстырғанда биыл 43 пайызға көбейді. Мәліметтер 2014-ші жылдың сәуір айынан 2015-ші жылдың наурыз айына дейін  Ұлыбритания мен Уэлсте дініи қатыгездіктер мен діни мәселелерге қатысты қылмыстардың 55000 жайтының тіркелгенін, бұл олардың 18 пайызға артқанын көрсетеді. Ұлыбритания қоғамы ДАИШ мәселесі мен соған қатысты ақпараттың ықпалына түсіп отыр. 2009-2012-ші жылдар аралығында мұсылмандарға қарсы  қатыгездіктер азайған болатын. Бірақ Ұлыбританияның ішкі өзгерістері мен тегі нигериялық азаматтың  екі қауіпсіздік күшін өлтіруі Таяу Шығыстағы  экстремизм мәселесімен бірге жаңа кезеңге енді.  «Британия мұсылмандары кеңесінің» басшысы доктор Шоджоғ Шафиғ Ұлыбритания мұсылмандарына қарсы  шабуылдардың көбеюі туралы: «Референдумның нәтижесі  жариялана салысымен мен елімнің  саясаткерлерінен жиналып, қайшылықтарды  тоқтатуды сұрадым. Осы кезде біз елдің әртүрлі аймақтарындағы аз санды топтардың нысанаға алынуы мен оларға жиіркеніш таныту туралы көптеген жайттардың куәсі болып отырмыз. Біз осы кезде басқа әр уақытпен салыстырғанда көреген басшыны қажет етудеміз. Еліміз саяси дағдарысты бастан кешуде. Мен бұл дағдарыстың  қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер тигізетіндігіне  алаңдаудамын. Біздің арамызда қайшылықтар болғанымен шабуылмен бетпе-бет келгендерге тілеулестігімізді білдіргеніміз  өте маңызды. Мен елдің Ішкі істер министріне хат жолдап, мұндай оқиғаның куәсі болып отырған аймақтың қауіпсіздігін арттырып, бақылауға алу үшін қандай шаралардың қолданылғаны туралы сұрадым»,- деді. Сириялық босқындарды  қолдаушылардың бірі Ұлыбритания парламентінің өкілі Джо Какс өлтірілді. Бұл оқиғаның куәсі болған екі адам қылмыскер шабуыл жасаған кезде: «Бірінші Британия деп айқайлады»,- дейді. АҚШ журналистерінің бірі Дара Линд «Вакс» басылымында: «Ұран айтса да, айтпаса да Какс экстремистердің лаңкестік әрекетінде  өлтірілді. Ұлыбританияның саяси  кеңістігі мұндай нәрсені көргенде таңғалмайтындай жағдайға жеткен болатын. Бұл оқиға  Ұлыбританияның саяси-қоғамдық кеңістігінің мұндай оқиғаның куәсі болуы туралы ескерту болды» деді. BREXIT ағымындағы экстремистік саясаттардың үлгісі Британияның тәуелсіздік партиясының төрағасы Наиджел Фараж болды. Аталмыш партия Ұлыбританияның ең маңызды оңшыл партиясы ретінде Еуропаның  басқа  оңшыл партияларының көбі сынды қоғамдық пікірдің Еуропа құрлығына босқындардың кіруіне қатаң реакция білдіруіне байланысты күшейді. Егер Дональд Трамптың бөгделерден үркіту популизміне алаңдаушылық білдіретін болсаңдар, Ұлыбританияда хабарларға назар аударуларың қажет. Бүгін мұсылмандарға деген жиіркеніш исламнан үркіту саясаты ретінде таныстырылуда.  Исламнан үркіту – жаңадан пайда болған құбылыс. Батыс мемлекеттерінде мұсылмандарға қатысты  немесе қатыссыз әр оқиғаның артында солар тұр деп көрсететін толқын анық байқалады. Исламнан үркіту  бұл елдердегі исламға деген жиіркенішке сүйенген қылмыстың көрінісі. «Гардин» ақпарат агенттігінің  мәліметі бойынша 2013-ші жылы Ұлыбританияда мұсылмандарға қарсы шамамен 500 шабуыл жасалған. Сондай-ақ, «Гардиннің» басқа мәліметі бойынша мұсылмандарға қарсы шабуылдардың жартысынан көбі мұсылман әйелдерге қарсы болған. 2014-ші жылдың мәліметтері бойынша да мұсылмандарға қарсы  күнделікті шамамен екі шабуыл іске асырылған. Декларацияның төртінші тармағы мазхаб немесе наным-сенімдерге қатысты ырымшылдық пен кемсітушіліктің түрлеріне тоқталып, үкіметтерді мазхабқа қатысты кемсітушілікті жойып, олардың алдын алып, мазхабаралық ырымшылдықпен күресу үшін қажет әрекеттер қолдануға шақырады. Осы кезде Исламнан үркіту Батыс мемлекеттерінде Исламға жиіркеніш білдіретін қылмыстардың негізгі  себебі болып табылады. Жиіркеніш пен ырымшылдыққа сүйенген қылмыстардың басқа қылмыстардан айырмашылығы бар. Бұл қылмыстар  өзінің мақсаттарына сай іске асырылады.  Сондықтан  шабуыл, қирату, зардап келтіру, кісі өлтіру  немесе басқа қылмыстың мақсаты ырымшылдық пен жиіркеніш болса, жиіркенішке сүйенген қылмыс бола алады. Осыған орай бұл қылмыс үшін үш элемент қажет: ырымшылдық сынды мақсаты; қылмыс жасау немесе жасамаудың рухани тұрғысы; қылмыстың материалдық тұрғысы. Бұл қылмысты басқа қылмыстардан ерекшелендіретіні 66ырымшылдық мәселесімен бірге оның топтың барлық мүшелеріне тигізетін әсері болып табылады. Ұлыбританияның 1998-ші жылы бекітілген қылмысқа қатысты заңында бір ұлттық немесе діни топқа  мүше болуға қатысты жиіркенішке байланысты әрекеттер жазалардың күшеюіне себеп болады. Ұлыбританияда қылмыстан  зардап шеккендердің санын анықтау сауалнамасы бойынша, орта есеппен жыл сайын 278000 адам қылмыспен бетпе-бет келеді, бірақ олардың тек 40 пайызы туралы ғана мәлімет түседі. Осыған орай Ұлыбритания өзінің ішкі заңына  көңіл бөліп, қылмыстардың алдын алу және мұсылмандардың азаттығы мен қауіпсіздігін қолдау үшін қажетті шара қолдануға міндетті.

 

Тегтер