Қыр 04, 2016 20:42 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 18

Адам құқығының негіздері бойынша исламдық негіздерге сай киіну, яғни хиджабты сақтау немесе өзгеше киіну бірдей қолдауға ие болуы керек. Хиджабқа тыйым салу кемсітушілік саналуымен бірге діни азаттық және мұсылман әйелдердің білім алу құқығын бұзу болып табылады. Мұндай заңдар құқық қисынына сай келмейді, бқлар саяси шешімдерге ұқсайды. Адам құқығының еуропалық соты да саяси шешімдердің ықпалына түсті.

Қорғаушының көмекшісі болып табылатын 25 жастағы Ақиле Сандхуге өзіне жұмыс орнына хиджабпен келе алмайтыны туралы айтылған соң Германияның солтүстігіндегі Бавария жерінің үстінен шағым түсіріп, бұл істі жеңіп шықты.  Істі жүргізген сот өз шешімінде Ақиле Сандхудің жұмыс орнына хиджабпен келуіне кедергі болатын ешбір заңның жоқ екенін қуаттағанымен, жергілікті басшылар өз талаптарын қайтадан сотқа жібермек. А́угсбург құқық факультетінің ең үздік студенті болған Ақиле Сандху құқық емтихандарын тапсырып болған соң Баварияның сот жүйесінде іс тәжірибеден өтуді бастады. Бірақ бұл мұсылман әйел хиджабпен сотқа келе алмайтыны және куә болғандарға өзінің сұрақ қоя алмайтыны туралы хат алды.  Баварияның сот басшылары бұл мәселеге қатысты нақтырақ анықтама беруді сұраған  мұсылман әйелдің хатына: «Хиджаб адамдардың сот органдарының діни бейтараптығына сенім артуына нұқсан келтіреді»,- деп жауап берді. Хиджабы үшін іс тәжірибе кезінде кейбір арнайы жұмыстарға қатыса алмаған Сандху өз шағымы қаралған отырыста: «Мен кемсітушілікті қатты сезіндім. Мен іс тәжіриебеден өтіп жүрген кезде өзіме деген бейқамдықты байқадым. Мен Германиядағы әділет негіздеріне сенемін. Менің ойымша,  менің сыртқы көрінісім үшін маған кемсітушіліктің жасалуы ұят мәселе»,- деді. Әлем бойынша өздерін адам құқығының бесігі деп уәж айтатын еуропалық мемлекеттерде  хиджаб үшін әйелдерге кемсітушіліктің көрсетілуі ұят мәселе. Хиджаб – ең маңызды исламдық көріністердің бірі. Ол мұсылман әйелдердің құқықтарының бірі саналады. Бірақ осы кезде  Исламға қарсы және нәсілшіл саясаттар негіздері бойынша бұл құқық оңай бұзылуда. Германиядағы әйелдердің хиджаб мәселесі айтуға тұрарлық мәселе.  Германия әйелдердің хиджабына тыйым салынбаған мемлекеттердің бірі болған, бірақ соңғы кезде Баден-Вюртемберг мәжілісі үкіметтік білім беру орталықтарындағы мұғалімдерге исламдық негіздерге сай киіммен келуге тыйым салды. Бұл жерде  христиандар мен еврейлердің діни атрибуттарын пайдалануға еркіндік берілген. Берлин жерінде де ендіі діни көріністерге тыйым салатын заңның жобасы бекітілді. Айта кететін жайт, Германияның мектептерінде хиджабқа  тыйым салу туралы  пікір білдірген елдің Конституциялық соты бұл мәселеге қатысты шешім қабылдауды жергілікті органдарға тапсырды. Осыған орай Германияның кемінде төрт провинциясында мұғалімдерге орамал тартуға тыйым салынды. Мұсылман әйелдерге қарсы кемсітушілікті Еуропаның басқа мемлекеттерінен де байқауға болады. Еуропа тарихында азаттық пен демократияның бесігі деп еске алынатын мемлекет сионистік лоббилердің елдің билігіне араласуы және мемлекеттің үкіметінің өзінің секуляристік болмысы мен қоғамдағы капиталистік жүйенің билігін сақтап қалу сынды себептерге қатысты аталмыш мәселемен бетпе-бет келді. Мұсылмандар сынды аз санды діни топ пен арабтар мен қара нәсілділер сынды халықтар парламент пен басқа да шешім қабылдайтын органдардың жұмыстарына қатыса алмайды. Олар нәсілшіл және экстремистік қатыгездіктердің нысаналарына түсіп отыр. Францияның мұсылман әйелдері әрқашан хиджаб мәселесіне қатысты көптеген шектеулермен кезігуде. Франция парламенті 2004-ші жылы бекіткен заңымен бұл елдің мектептерінде орамал тарту және басқа да діни көріністерді пайдалануды заңсыз деп жариялады. Сондай-ақ Франция мектептерінің көбі оқушыларына да сабаққа  исламдық киіммен қатысуға рұқсатты оңай бермеді. Бұл мәселе Францияда реакциялардың толқынын көтерді. Францияда хиджабқа тыйым салу тек мектеппен шектелмеді. Демократия мен азаттықтың жаршысы болуы туралы уәж айтатын мемлекетте парламенттегі 577 орынның тіпті бір орны мұсылмандарға берілмеген. Негізінде мұсылмандар Франция халқының 11 пайызын құрайды. Францияның әртүрлі аймақтарындағы 36 000 басшының  арасында бір мұсылман кездеспейді. Франция Парламентінде хиджабқа тыйым салу туралы заңды бекіту туралы шешім қабылданған кезде 577 өкілдің тек 36-ы ғана бұл заңға қарсы дауыс берді. Франция заңдарында діннің үкіметтен бөлек болуы туралы мәселе ерекше орынға ие. 2010-шы жылы  бұл мемлекетте қоғамдық мекендерде  хиджапқа  тыйым салынып, хиджап киген әйелдерге 150 еуро айыппұл салыну қарастырылды. Франция мұсылмандарының пікірінше бұл елдің сотының хиджап киген әйелдерге айыппұл салу шешімі  мұсылмандардың атын қаралауды көздейтін саяси айлалардың бірі. Осы реттегі сөздің тоқетері, әйелдер әрқашан Францияда  үкіметтің нәсілшіл саясаттарының құрбаны болып келеді. Ұлыбританияда хиджапқа ешбір шектеу қойылмаған. Бірақ 2007-ші жылдан бері  соттардағы шулы істерге себеп болған нұсқаулар бойынша, мектептер  өздерінің арнайы киімдерін белгілеу құқықтарына ие. Ұлыбританияның тәуелсіз партиясы исламдық хиджабтың барлық түрлеріне тыйым салуды талап еткен соң, бұл елдің Білім министрі 2010-шы жылдың қаңтарында: «Көшедегі адамдардың киімдеріне араласу британиялық ахлаққа сай келмейді»,- деп мәлімдеді. Бірақ Еуропа парламентіндегі Ұлыбританияның Тәуелсіз партиясының 13 өкілінің басшысы саналатын аталмыш партияның төрағасы Найджел Фароз: «Хиджабтың бұл түрі – жіктеліп келе жатқан британиялық қоғамның көрінісі. Хиджап әйелдерге деген зұлымдық және қауіпсіздік тұрғысынан үлкен қатер»,- деп қуаттады.  Рухани кедейліктің және айналасындағы сергелдең халықтың арасында еуропалық мұсылман жастар олардың барлық құндылықтары, соның ішінде хиджапқа табанды болғылары келеді. Мұндай жағдайда әйелді өз мүдделеріне жетудің құралы деп көрсетуге тырысып отырған капиталистік және либералистік жүйе мұсылман әйелге қоғамда қауіпсіз түрде белсенділік танытуға мүмкіндік беретін хиджаптан қорқады. Олар әйелдің тек екі түрін қолдайды: біріншілері – дәстүрлі  құндылықтарға табанды болуына байланысты қоғамдық жұмыстарға қатыспайды. Бұл топ еш нәрсеге әсер етпейді әрі қауіп тудырмайды. Келесілері – діни құндылықтардан алыстағандар, яғни қоғамға еркін қатысатындар. БҰҰ соңғы жылдары ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтардың артуына қатысты аз санды халықтардың құқықтарына ерекше көңіл бөлді. 1992-ші жылдың қыркүйегінде «Ұлттық, ұлыстық, діни және тіл тұрғысынан азшылықтың құқықтары» деп аталған жарлық бекітілді.  Қоғамдық пікір аз санды халықтардың құқықтары мен  олардың болмысы туралы  ең маңызды қадам саналды.  Аталмыш жарлық  негізінде  саяси-азаматтық  құқықтардың 27-ші тармағынан  аз санды халықтарға қолдау көрсетіледі.  Жарлықтың кіріспе бөлімі мен 1-ші тармағының 4-ші бабында теңдік туралы айтылып, кемсітушіліктің болмауы ескертілген. Бұл жарлықтың кейбір баптарында аз санды топтар үшін былай деп қуатталған: «Әртүрлі халықтар мен діндерге жататын адамдар ешбір араласу мен кемсітушіліксіз өз еркілерімен өз мәдениеттерін пайдаланып, өз діндерінің рәсімдерін орындап, өз тілдерінде  сөйлей алады». Осы кезде Еуропа мен Батыс өз халқының құрамында мигранттар емес жаңа ұрпақты құрайтын мұсылман топтармен бетпе-бет келіп отыр. Олар діни әрекеттерін ресми түрде тануды талап етуде. Кейбір еуропалық жазушылар Еуропадағы мұсылман азшылық топтарды қауіп-қатер тудырушы деп санайды. Олардың қауіп-қатерлерінің әр мемлекетте айырмашылығы бар. Көрермендер мен тыңдарман, оқырман жинайтын ақпарат  құралдары басқа елдердің азаматтарынан үркіту саясатына қосылып, мұсылман жастарды қатыгездік талап етушілер деп таныстыруға күш салуда. Кейбір еуропалық мемлекеттер 2001-ші жылдың қыркүйек оқиғасының әсеріне түсіп, хиджаптан қоқу ағымына  шырмалды. Хиджаптан қорқу  саяси исламофобия деген саясаттың жалғасы. Оның  басты мәселесі өркениетттерге бір-біріне жақындауға көмектесу болып табылады. Адам құқығының негіздері бойынша исламдық негіздерге сай киіну, яғни хиджабты сақтау немесе өзгеше киіну бірдей қолдауға ие болуы керек. Хиджабқа тыйым салу кемсітушілік саналуымен бірге  діни азаттық  және мұсылман әйелдердің білім алу құқығын бұзу болып табылады. Мұндай заңдар құқық қисынына сай келмейді, бқлар саяси шешімдерге ұқсайды. Адам құқығының еуропалық соты да саяси шешімдердің ықпалына түсті. Еуропалық мемлекеттердегі хиджапқа тыйым салуды мұсылмандарға қарсы қоғамдық және саяси қысым деп айтуға болады. Хиджапқа тыйым салу адам құқығы мен діни азаттықты бұзу болып табылады. Исламдық киімге тыйым салу – Еуропадағы болмыс дағдарысынан туындаған саяси және қоғамдық қысымдардың тамыры.

 

Тегтер