Қыр 04, 2016 21:32 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 19

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі рұқсат бермеген жағдайда Ирактың басқыншылыққа ұшырауы жанжалды мәселеге айналған болатын. «Саддам Хосейн жаппай қырып-жоятын қаруға ие» деген уәждер Ирак жерін басып алу үшін сылтау болды. Кейін бұл уәждердің негізсіз болғаны анықталды.

Бұл күндері Ұлыбритания Парламентінің өкілдерінің біразы бұрынғы заңдардың біріне сүйеніп, бұл елдің бұрынғы премьер-министрі  Тони Блерді Ирак соғысына қатысты айыптауда. Олардың пікірінше Блер 1997-2007 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі ретінде өзінің заңды міндеттерін дұрыс орындамағаны  және бұл елді шамамен 200 әскеридің өліміне себеп болған соғысқа енгізгені үшін жауапқа тартылуы керек. Егер Ұлыбритания Парламенті өкілдерінің талпынысы нәтижеге жетсе, ол өзін айыпталудан бұрын қауіпсіздік саласының басшыларына берілуі керек. Оның тұтқынғы алыну ықтималы да жоққа шығарылмайды. Партияның сыртындағы қолдауға ие бұл әрекет Блердің Ирак соғысы туралы Парламентті адастыру рөлі туралы зерттеу комитетінің есебі жарық көрген соң Блер үшін қиындық тудыруы мүмкін. Лейбористік партияның қазіргі төрағасы Джереми Корбин  осыдан бұрын: «Блер соғыс қылмыстарын қарастыратын Сотта сотталуы керек, өйткені  ол Ұлыбританияны заңсыз әрі көптеген материалдық шығын мен адам өліміне соқтырған соғысқа шырмады»,- деген болатын. Корбин сонымен бірге Жерорта теңізіндегі мигранттардың өлімін Ирак соғысының салдары деп атады. Перзенті дүниеге келмей тұрып, Иракта өлген Ұлыбритания әскериінің әйелдерінің бірі Хелен Форсберг: «Өлімге Тони Блер мен Джордж Буш жауапты. Олар сол соғыста қаза болған адамдардың жанұяларынан кешірім сұрауы керек деп санаймын»,- деді. Чилкаттың есебі Ұлыбритания мен АҚШ-тың Иракқа қарсы шабуылындағы қылмыстарының қорқынышты тұрғыларын әшкереледі.  8 жылдан артық уақытқа созылған АҚШ басқарған Иракқа қарсы соғыс осы елде жаппай қырып-жоятын қару бар деген сылтаумен басталды. Бұл соғыста ұлыбританиялық 179 әскери және 4500 АҚШ әскери өлді. Мәліметтер бойынша бұл соғыста 1 миллионнан астам қарапайым ирактық қаза болған. Бірақ жаппай қырып-жоятын қарудың ешбір белгісі табылмады. Ұлыбритания әскерінің бұрынғы офицерлерінің бірі  2003-ші жылы Ирак соғысына қатысқан ұлыбританиялық күштердің әскери емес қарапайым адамдарды өзендерден өтуге мәжбүрлегені және мұның көптеген ирактықтың суға батып кетуіне себеп болғанын көрсететін құжат тапсырды. Оның айтуынша, бұл әрекет баршаға белгілі болды әрі айыпкерлерге қарсы жиі қолданылды. Бұл адамдар өзендер мен суға толған каналдарға тасталатын немесе аяқ-киімдерін шешіп, ұзақ уақыт бойы күннің астында тұратын. 2009-шы жылы Чилкаттың зерттеулері  Ұлыбритания әскери күштері Ирактан артқа шегінген кезде басталды. Бұл зерттеулер 2003-ші жылы  ұлыбританиялық күштер АҚШ әскерилерімен бірге Ирак жерін жаулап алғандарына байланысты басталған болатын. Джон Чилкаттың қорытынды есебі 2  миллион 600 мың сөзден тұрып, 10 миллион фунт қаржымен дайын болды. Жарияланған мәліметтер бойынша, Чилкаттың комитеті бұл есепті дайындау үшін 150-ден астам куәгермен сөйлесіп, олармен 130 отырыс өткізіп, 150 мыңнан астам үкіметтік құжатты зерттеген. Бұл есеп басында бір жылда дайындалмақ болған, бірқ оның дайындалуы 7 жылдан артық уақыт алды. Аталмыш есептің жарық көруінің кейінге қалуына кейбір қайшылықтар себеп болды. Мәселен, қайшылықтардың бірі Тони Блер мен Джордж Буштың өзара сұхбаттарын жариялау керек пе жоқ па деген қайшылық болды. 2003-ші жылдағы Ирак соғысындағы Ұлыбританияның рөлін зерттеу туралы тәуелсіз комитеттің құрылуынан жеті жылдан кейін Джон Чилкат ағымдағы жылдың 6-ші шілдесінде есебін тапсыру үшін Лондондағы Елизаветаның ғимаратына келді. Ол Ұлыбританияның тәуелсіз елге қарсы әскери шабуылын бұл ел үкіметінің Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен әрекеті деп атап:  «Ұлыбритания қарусыздандыру мәселесін шешуден бұрын Иракқа қарсы шабуылға қатысу туралы шешім қабылдады. Әрине әскери әрекет шешім жолы болмайды. Біз Ирактың жаппай қырып-жоятын қарулары қауіп-қатерінің айтылғандай қатерлі емес екенін түсіндік. Анық ескертулер бұл шабуылдың алдын ала алмады. Саддамнан кейінгі Ирак үшін де орынды  жоабалар қарастырылмаған» деді. БҰҰ-ның Қауіпсздік кеңесінің рұқсат бермеуіне қатысты Иракты басып алу жанжалды мәселеге айналды. Саддам Хосейннің жаппай қырып-жоятын қаруы бар деген уәждер Иракты басып алуға сылтау болды. Кейін бұл уәждердің  өтірік болғаны анықталды. Ресей Сыртқы істер  министрінің орынбасараы Геннадий Гатилов бұл туралы: «Біз мұның барлығын көптен бері білдік. Тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде  бұл мәселе көтерілген кезде бұл сылтау Қауіпсіздік кеңесін Саддам Хосейнге қарсы әскери әрекет жасауға көндіру үшін айтылып отырғаны анық болды»,- деді. Чилкат сондай-ақ Тони Блерді  Джордж Бушты итермелеп, Иракқа шабуыл жасау жобасын  жоспарлағаны үшін айыптап: «2001-ші жылдың желтоқсан айында Тони Блер Джордж Бушқа АҚШ пен Ұлыбритания жасырын түрде бірігіп, Ирактағы үкіметті өзгертіп, жаңа үкімет құруды ұсынды. Сол жылдың 28-ші шілдесінде Тони Блер АҚШ Президентін Лондонның Иракқа қарсы кез келген әрекетте Вашингтонмен бірге болатындығына сендірді. Иракқа қарсы әскери араласу және соның салдарынан бұл елде 2009-шы жылға дейінгі орнатылған тынышсыздық кемінде 150 мың ирактықтың өліміне себеп болды. Олардың көбі әскери емес қарапайым адамдар болды. Олардың саны бұдан артық та болуы мүмкін. Бір миллионнан астам адам босқынға айналды. Ирак халқының несібесі азаттық болмай, керісінше өлім, қорлық, тынышсыздық, экономикалық инфрақұрылымдардың жойылуымен бетпе-бет келді. Ұлыбританияның әскері Ирак жағдайы мен аймақтың қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын болмай, өз әскерилерінің өлімінің куәсі болды. Ирак соғысының салдарынан 200-ден астам ұлыбританиялық азамат өлімге ұшырап, біразы жарақат алды. Бұл мәселе көптеген жанұялардың қайғысына себеп болды.   «Әл-Ватан» газетінің журналисті Заһир Маджед: «Ұлыбритания 1948-ші жылы палестиналықтардың бақытсыздығының басталуына себеп болды. Ұлыбритания Палестина халқының қантөгісіне соқтырған қылмысын мойындауы керек. Қазіргі кезде Ұлыбритания келесі қылмысты іске асырып, Ирак халқының басына бақытсыздық тудырды. Иракты жаулап алған күннен осы кезге дейін бұл елде төгілген қан басқыншы Ұлыбританияның мойнында»,- деп жазды. Маджед  «Әл-Ватан» газетіндегі мақаласының келесі бөлімінде: «Қазіргі күні Иракта орын алып отырған барлық жарылыстар мен қатыгездіктер әрқашан Тони Блер үшін қара дақ болып саналады. Иракта тыныш өмірден айырылған барлық адамдар Блерді кінәлі санайды»,- деп қуаттады. Тони Блер бұл соғыста қаза болған адамдар үшін тек өкініш білдірді. Шын мәнінде Тони Блердің кешірім сұрауының пайдасы бар ма? Оның кешірімі Джордж Буш екеуінің Иракқа қарсы жасаған шабуылдарының салдарларын азайта ма? Әскери шабуыл сионистердің қалауы әрі қолдауымен жасалмады ма деген сұрақтар туындайды.  Тіпті Блердің 4 миллионнан астам ирактық баланың ата-аналарынан айырылып, жетім қалуы және 4 миллион ирактық әйелдің жесір қалуы үшін әскери қылмыскер ретінде айыпталуының пайдасы не? Осы кезде бүкіл әлемге зардап келтіріп отырған лаңкестік Тони Блер мен Джордж Буштың әскери саясаттарының қателіктерінің салдарлары емес пе? Тони Блер өз қатесін мойындап, кешірім сұрап: «Соғысты ақтау дұрыс болмады»,- деп мәлімдеді. Бұл жеткілікті ме? Ұлыбритания бір елге шабуыл жасап, оны өртеп, экономикалық және саяси жүйесін жойып, содан соң тек өкініш білдіріп қана қояды ма?

 

Тегтер