Қаз 01, 2016 17:13 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 21

Осыдан біраз уақыт бұрын Австралиядағы жасөсіпірімдердің абақтысы туралы бейнематериал жарияланып, абақты қарауылшыларының бұл жерде қамалғандарға қарсы көз жасаурататын газ пайдаланып, жаман сөздер айтып, ұрсып жатқаны көрсетілді. Бұл бейнематериалдың бөлімдерінің бірі Австралияның солтүстік жерлеріндегі балаларға қарсы азап-қорлықтарға арналды.

Батыстағы адам құқығының бұзылуы

 Азап-қорлық адам мен оның адами абыройына қарсы шабуылдардың ең жаман түрі саналады. Азап-қорлық физикалық және психикалық зардаптармен бірге адамның абырой-ғиззатына да әсер етеді. Адамдарға көрсетілген физикалық және психикалық қорлықтар адамдардың тасжүректігінің белгісі. Одан жаманы, кейде адамгершілікке жат әрекеттердің үкімет қызметкерлері тарапынан көрсетілуі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерге жасалған азаптарды елестетіп, олардың сол әрекеттерге қарсы төзімділік танытуы туралы ойлау оңай емес. Бұл азаптардың олардың келешегіне де әсерін тигізетіні айқын.

 Өкінішке орай, адам құқығы мен азаттық туралы жар салатын мемлекеттерде адамзатқа қарсы әрекеттер аз кездеспейді. Жастары 18-ге де  толмаған жасөсіпірімдерді қамауда ұстайтын Австралияның солтүстігінде орналасқан орталық туралы бейнематериал таралып, 2010-2015 жылдар аралығындағы бұл орталықтағы жағдай туралы көрсетілді. Ғаламтор кеңістігінде адам құқығын қорғайтын белсенділер бұл азаптарды Абу Грейб абақтысындағы  АҚШ әскерилерінің ирактықтарды азаптауларымен салыстыруда.

Су құйып қорлау

Осыдан біраз уақыт бұрын Австралиядағы жасөсіпірімдердің абақтысы туралы бейнематериал жарияланып, абақты қарауылшыларының сол жерде қамалғандарға қарсы көз жасаурататын газ пайдаланғаны көрсетілді. Бұл бейнематериалдың бөлімдерінің бірі Австралияның солтүстік жерлеріндегі балаларға қарсы қорлықтарға, нақты айтқанда 2014-ші жылдың тамыз айындағы Дарвин портындағы жасөспірімдерді ұстайтын Дондейл абақтысында орын алған оқиғаға қатысты. Бейнематериалдан абақты қызметкерлерінің наразылықтарына ұшырап, шамамен 24 сағат жеке камерада ұсталған алты жасөспірімнің бірін шығарып, көз жасаурататын газ пайдаланып, оған жаман сөздер айтып, күліп тұрғандарын көруге болады. 2014-ші жылы Дондейлде көтеріліс пен оқиға орын алған соң аталмыш абақты жабылып, жасөспірімдердің абақтысы Дарвиндегі үлкен адамдардың Брима абақтысына ауыстырылды.

Абақты қызметкерлері сол оқиғадан кейін жасөспірімдердің оларға қарсы шабуыл жасағандары туралы айтқан болатын. Алайда бейнематериалда  тек бір жасөспірімнің шығарылғаны, басқаларының камераларында қалып, абақты қызметкерлерінің  90 секунд бойы кемінде 10 рет көз жасаурататын газ қолданғанын көріп, камераларына көз жасаурататын газ енген кездегі жасөспірім ер балалардың айқайлары мен тыныстарының қиындаған үндерін естиміз.

Өткен жылы Австралияның солтүстік жерлерінің балалар комиссиясы бұл абақтының әрекеттерін айыптады. Бірақ жергілікті басшылар абақты қызметкерлерінің әрекеттерін қорғап, сол мәселені абақтыдағы бүліктің нәтижесі деп атады.

Су құйып қорлау АҚШ абақтыларында көп қолданылады

Жасөспірімдерді ұстайтын Дондейл абақтысындағы жеке камера инспекторлар тобы  абақтыны аралап жүрген кезде ойламаған жерден табылды.

Кейбір жасөспірімдер Австралияның  АВС телеарнасының «Фор Корнер» бағдарламасына берген сұхбатта сол оқиғадан кейін психикалық тұрғыдан зардап шегіп, жаман түстер көргенін айтқан. Зерттеуді жүргізген инспекторлардың айтуынша, бұл Австралияның солтүстігіндегі абақтылардағы балаларға ұзақ уақыт бойы азап-қорлық көрсетудің тек бір үлгісі ғана. Құқықтық кеңесшілердің бірі Джард Шарп  «Фор Корнер» бағдарламасына  берген сұхбатында: «Барлығымыз балалардың мұндай камераларда орналасқанына таңғалып, бір-бірімізге қарадық. Бірақ камерада қандай оқиғалардың орын алып жатқаны туралы білмедік»,- деді. Австралиядағы адам құқығы белсенділерінің айтуынша, жасөспірімдер үшін жеке камераларды пайдалану БҰҰ-ның азап-қорлыққа қарсы конвенциясына қайшы келеді.

Австралия абақтысында Абу Грейб абақтысындағындай азаптар қолданылады

Аталмыш телеарнаның бағдарламасында басқа азаптаулар, соның ішінде жалаңаштандыру, тіл тигізу, балағаттау мен тұтқындарды ұзақ мерзімге байлап тастау сынды азаптар туралы айтылды. Мәселен, жасөспірімдердің бірі орындыққа шынжырмен байланып, көзі көрмейтіндей басына бас киім кигізіліп, ол ұзақ уақыт бойы осы түрде қалған.  Басқа бір жайтта офицерлердің бірі жерге құлаған 13 жастағы жасөспірімді жататын жеріне дейін сүйретіп жеткізген.

Абақтыдағыларға зомбылық жасалады

Азап-қорлықтарға тыйым салу – халықаралық қоғамда ресми қабылданған шаралардың бірі. Адам құқығының заманауи жүйесінің құрылуымен бұл мәселе заманауи құжаттарда бекітіліп, адамдарды азап-қорлықтан қорғайтын құралдар пайда болды.

Адам құқығының әлемдік жарлығының 5-ші бабында азап-қорлықтарға тыйым салу туралы: «Ешбір адам азап-қорлық пен рақымсыздық немесе аадмгершілік негіздерден жат жазалаулар арқылы адамның болмысының әлсіреуіне себеп бола алмайды»,- деп қуаттайды. Азаматтық-саяси құқықтардың 7-ші тармағында бұл мәселе туралы айтылып: «Ешбір адамға қарсы азап-қорлық немесе жазалау, зұлымдық әрекет қолдануға болмайды. Әсіресе жеке адамды өзінің рұқсатынсыз ғылыми-медициналық сынақтар үшін пайдалануға тыйым салынған»,- деп қуатталған. Аталмыш құжаттар адам құқығы мәселесіне қатысты ортақ құжаттар ретінде танымал. Олар азап-қорлықтарға тыйым салумен бірге адам құқығына қатысты басқа міндеттемелерді көрсетеді. Бірақ әлемдік екі құжат азап-қорлықтарға тыйым салуға арналған. Олардың бірі – 1975-ші жылы БҰҰ Бас ассамблеясы жасаған  «Азап-қорлық және басқа әрекеттер немесе рақымсыз жазалаулардың құрбандарын қолдау» туралы мәлімдеме, екіншісі – 1984-ші жылдың желтоқсан айында бекітілген «Азап-қорлықтар мен рақымсыз жазалаулар және  кемсітушілікке тыйым салу» туралы конвенция болды. Үкіметтердің көбі, соның ішінде Австралия үкіметі бұл келісімге қосылып, кез келген азап-қорлық пен рақымсыз әрекеттерге қарсы тұру туралы міндеттемелерді өз мойнына алды. 1998-ші жылдың халықаралық құқық жарлығының 7-ші тармағының 1-ші бөлімінде азап-қорлықтың адамзатқа қарсы қылмыстардың қатарына кіретіні туралы жарияланып, тіпті 8-ші тармағында олар соғыс қылмысы аталды.

Австралия Премьер-министрі бұл фильм жарық көрген соң: «Біз бұл мәселенің егжей-тегжейіне жетіп, мәселені өз мүддесіне пайдалану  мәдениетінің қаншалықты алға ілгерілегенін, жасырын жұмыстардың жасалғаны немесе жасалмағаны туралы зерттеулер жүргіземіз»,- деді.

Австралия Премьер-министрі

Бұл құжаттардың таралуы Австралияда сындардың толқынын көтерді. Австралия үкіметі қалайша жылдар бойы өз елінде жасөспірімдерге қарсы азап-қорлықтардың жасалғанынан хабарсыз болды? Үкіметтің бұл құжаттар жарияланғанға дейін өз абақтыларының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алуға әрекет жасамағанына күмән тумайды.

Әрине бұл жасөспірімдердің психикалық тұрғыдағы зардаптарын еш нәрсемен толтыруға болмайды. Мұндай жағдайда қай кезге дейін дамыған елдерде балалар мен жасөспірімдерге қарсы адамгершілікке жат әрекеттердің куәсі боламыз деген сұрақ туады. Жер құрылығында адам құқығын қолдау туралы уәж айтатын үкіметтер қалайша өз абақтылары мен өз абақтыларындағы қызмектерлерінің әрекеттерін заңды және тиісті түрде бақылауға алмайды?

 

 

Тегтер