Қаз 25, 2016 17:27 Asia/Almaty

шұғыра-сүресі,-642-ші-бөлім,-34-40-аяттары

«Шұғара» сүресінің 34-35 аяттары:

«قَالَ لِلْمَلَإِ حَوْلَهُ إِنَّ هَذَا لَسَاحِرٌ‌ عَلِیمٌ»، «یُرِ‌یدُ أَنْ یُخْرِ‌جَکُمْ مِنْ أَرْ‌ضِکُمْ بِسِحْرِ‌هِ فَمَاذَا تَأْمُرُ‌ونَ » 

(Перғауын) айналасындағы тектілерге: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді. (34) "Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұған не бұйырасыңдар?" (35)

Алдыңғы бағдарламада Перғауын хазірет Мұсаны зынданға тастап, азаптайтындығы туралы айтып, қоқан-лоққы жасаған кезде Мұса пайғамбар өзінің асатаяғын лақтырып, оны жыланға айналдыру арқылы Перғауын мен оның сарай қызметкерлерінің үрейлерін ұшырып, қорқытқаны соншама Перғауынның өз ісіне өкініп, басқа шара ойластыра бастағанын айтқан болатынбыз. Соның жалғасын осы бағдарламада баяндаймыз.  Хазірет Мұсаның мұғжизасына тәнті болып, жеңіліс тапқан Перғауын сарай қызметшілері мен айналасындағы адамдардың алдында өзінің жағдайын сақтап қалу үшін былай деді: «Қазір Мұсаның мықты сиқыршы ғана екендігі белгілі болды. Мұның барлығы сиқыр мен жадылау арқылы өзіне жағдай жасау үшін жасап жатқан қоқан-лоққы ғана. Ондай болса бұл қатерді жою үшін ойланып, сендердің кеңестеріңмен дұрыс әрекет жасауымыз үшін ой-пікірлеріңді білдіріңдер». «Құдаймын» және «абсолютті билікке иемін» деген уәж айтатын Перғауынның қатерді сезген кезде өзінің айналасындағы және қол астындағы адамдардан оның үкіметіне төнген қатерді алыстату туралы көмек сұраудан басқа шарасы болмағаны қызық жәйт. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Үстемшілдердің хақты айтушылардың алдында жала жабушылық пен өтіріктен басқа құралдары жоқ. Мұсаны жынды деп атаған Перғауын оның мұғжизасын көргенде оны шебер сиқыршы деп таныстырды. Алайда хазіреттің ісі жындылықпен сәйкеспеді. 2.Отансүйгіштік – барлық адамдар көңіл бөлетін тақырыптардың бірі. Сол себепті Перғауын адамдарды Мұсаға қарсы арандату үшін осы мәселені сылтау етіп: «Ол сендерді өз жерлеріңнен қуып шыққысы келеді» деді. Шын мәнінде дұшпандардың хақтың адамдардың арасында таралуының алдын алудағы айла-шарғыларының бірі олардың сезімдерін хақ жетекшілеріне қарсы әртүрлі тәсілдермен арандату болып табылады. 

 

«Шұғара» сүресінің 36-37 аяттары:

«قَالُوا أَرْ‌جِهْ وَأَخَاهُ وَابْعَثْ فِی الْمَدَائِنِ حَاشِرِ‌ینَ»، «یَأْتُوکَ بِکُلِّ سَحَّارٍ‌ عَلِیمٍ»

Олар: "Бұны да, туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті. (36) "Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін!" (37)

 Перғауын сарайының тектілері мен басшылары бір-бірімен кеңескеннен кейін Перғауынға: «Мұса мен бауырына мұрсат бер. Олардың ісі бойынша асықпа. Мысырдың түкпір-түкпіріне адамдарыңды жіберіп, мықты сиқыршыларды саған астанаға алып келуге бұйыр. Сол кезде білгір сиқыршылардың көзінше Мұсаның құпиясын әшкере етіп, оны масқара етесің» деді. Сарай адамдарының Перғауынға жасаған бұл ұсынысы олардың да Перғауынның «Мұса сиқыршы» деген сөздерін қабылдап, Мұсамен қарсыласу үшін тек шебер сиқыршылардың күшін ғана пайдалану керек деп санағандарын көрсетеді. Егер олар дұрыстап мән бергенде Мұсаның сиқыршы емес екендіктерін түсінген болар еді. Себебі тарих бойында сиқыршылар ешуақытта адамдарды Құдайға табынуға шақырған емес. Керісінше олар үнемі даңқ пен байлыққа жету үшін адамдарды өздері жаққа тартты. Олар негізінде тек өздерінің мүдделерін ғана ойлады. Мұсаның Перғауынға жасаған өтініші халыққа зұлымдық пен үстемшілдік жасауды қойып, оларды перғауындықтардың құлдығынан құтқаруды сұрауы болды. Ол өзі үшін ештеңе сұраған жоқ. Бұл сөздің айғағы келесі аяттарда айтылады. Сиқыршылар Мысырдың жер-жерінен жиналған кезде Мұсаға қарсы әрекет жасаудан бұрын Перғауыннан «Егер біз жеңетін болсақ лайықты сыйға ие боламыз ба?» деп сұрады. Сиқыршылар халықтың емес, өздерінің мүдделерін көздеді. Ал пайғамбарлар болса керісінше адамдарға тура жол нұсқап, оларды құтқаруды мақсат етті. Сол жолда олардың көпшілігі көз жұмды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Тағұттық жүйелерде үкіметтің бағдарламалары мен шешімдерінде адамдар мен қоғам емес, сарай адамдары мен билеушінің айналасындағы адамдар роль атқарады.

2.Тағұттық жүйедегілер мамандардың білімдерін өздерінің мүдделері үшін пайдалану мақсатында оларды өздеріне қызмет еткізгілері келеді.

«Шұғара» сүресінің 38-39-40 аяттары:

«فَجُمِعَ السَّحَرَ‌ةُ لِمِیقَاتِ یَوْمٍ مَعْلُومٍ»، « وَقِیلَ لِلنَّاسِ هَلْ أَنْتُمْ مُجْتَمِعُونَ»، «لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ السَّحَرَ‌ةَ إِنْ کَانُوا هُمُ الْغَالِبِینَ» 

 

Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды. (38) Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді. (39) (Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті.) (40)

Перғауын сарай маңындағы адамдардың ұсыныстарын қабылдап, ол жауапты адамдарын Мысырдың түкпір-түкпіріне жіберіп, қай жерден жақсы сиқыршы тапса соны астанаға алып келуге бұйырды. Содан кейін көптеген сиқыршылар келіп, адамдар да жиналып, Мұса мен сиқыршылардың қарсыласуын тамашалау үшін уақыт пен мекен анықталып, баршаға хабарланды.    

Перғауын мен сарай маңындағылар осылайша Мұса жеңіліп, адамдар Перғауынның билігі мен оның үкіметіне көбірек иман келтіреді деп ойлады. Сол себепті адамдардан аталмыш шараға қатысуды сұрады. Себебі Перғауынның ойы есебі бойынша адамдардың қалың тобы Мұса мен Харунның өздерінің жалғыздықтарын сезінулеріне себеп болып, адамдар сиқыршыларға қолдау көрсетіп, оларды рухтандырып, сиқыршылардың жеңісі үшін негіз дайындай алатын болды. Олардың көзқарастары бойынша сиқыршылардың Мұсаны жеңуі Мысырдың құдайларының Мұсаның Құдайын жеңуі деген мағынаны білдірді. Бұл іс сондай-ақ, Мұсаның адамдарды өзі жаққа тартып, оларды перғауындық жүйеге қарсы біріктіріп, жұмылдыра алмауына себеп болатын болды.   Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Тағұттықтар өз мақсаттарына жету жолында кейде күштерін көрсету үшін сахнада адамдардың құзырын пайдаланады. Бірақ шындығында олардың ойы бойынша адамдар олардың биліктерін жалғастыратын құрал ғана. 2. Тағұттық жүйелерде илаһи тағылымдардың ықпалының алдын алу үшін бұрмаланған идея жарнамаланып, насихатталады