Қаз 25, 2016 18:16 Asia/Almaty

Шұғара сүресі 661-ші бөлім, 198-209 аяттар

«Шұғыра» сүресінің 198-199 аяттары:

«وَلَوْ نَزَّلْنَاهُ عَلَى بَعْضِ الْأَعْجَمِینَ»، «فَقَرَأَهُ عَلَیْهِم مَّا کَانُوا بِهِ مُؤْمِنِینَ»

Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те (198). Ол бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді. (199)

 

Алдыңғы бағдарламада Құдай «Біз Құранды сендер үшін ескерту мен сабақ болсын деп, арабтың көркем тілінде түсірдік» деп қуаттады. Осы аяттар жалғасында осы істің себептерінің біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Олардың қауымдық ырымшылдығының күштілігі соншама, егер бұл Құран араб тілінен басқа бір тілде, басқа бір адамға түсірілгенде де олар оған ешақашан иман келтірмес еді, оның сөздерін қабылдамайтын еді. Енді, міне араб тілді шарапатты отбасынан шыққан адамға түсрілгенде, сондай-ақ бұрынғылардың кітаптарында да хазіреттің келетіндігі туралы хабарланса да оны қабылдамайды. Егер мұндай жағдай қалыптаспағанда не  болар еді? Имам Садық былай дейді: «Араб еместің құны мен даналығы мынада: олар араб тіліндегі Құранға иман келтірді. Бірақ, егер Құран араб тілінде емес, басқа тілде болғанда да кейбір арабтар иман келтірмеген болар еді».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Үгіт-насихат пен уағыз ісінде адамның хақты қабылдауға деген дайындығы көбірек болу үшін сол адамның сезімдері мен тіліне көңіл аудару керек.

2.Қауымдық және нәсілдік ырымшылдық – хақты қабылдау жолындағы кедергілердің бірі. Сол себепті ұлтшылдықтың хақты қабылдауға кедергі болуынан сақ болайық.

 

«Шұғыра» сүресінің 200-201-202-203 аяттары:

«کَذَلِکَ سَلَکْنَاهُ فِی قُلُوبِ الْمُجْرِمِینَ»، «لَا یُؤْمِنُونَ بِهِ حَتَّى یَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِیمَ»، «فَیَأْتِیَهُم بَغْتَةً وَهُمْ لَا یَشْعُرُونَ»، «فَیَقُولُوا هَلْ نَحْنُ مُنظَرُونَ»

Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық (200). Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді. (201) Азап оларға олар сезбеген түрде кенеттен келеді (202). Сонда олар: "Бізге бір мұрсат берілер ме екен?",- дейді. (203)

 

Құран тек мүміндерге ғана арналып түсірілмеген. Сонымен қатар кәпірлер мен мүшіріктер де оларға дәлел аяқталу үшін, иманды тастауы үшін сылтау келтірмеу үшін хақ сөзді естулері керек. Сол себепті Құдай былай дейді: «Бір Құранды барша оны түсінетіндей түсірдік. Бірақ қырсықтық, үстемшілдік, қылмыс пен күнә кейбір адамдардың Алланың сөзіне иман келтірмей, оны теріске шығаруға себеп болады. Олардың көпшілігінің өздерінің күпірліктерде табандап тұрып алатындықтары соншама, былай дейді: «Егер өзің уәде еткен азапты түсірмесең, бізге көрсетпесең, біз азапты өз көзімізбен көрмесек, иман келтірмейміз». Алайда ақиқат деген азап түскен кезде иман келтіру үшін сол кезде мүмкіндіктің болмайтындығында. Себебі азап алдын ала хабарланбастан, кенеттен түсіріліп, оларды қамтиды. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Егер дайындық пен лайықтылық болмаса Құранның адамның жүрегіне енуінің пайдасы болмайды.

2. Қылмыс пен күнәнің жалғасуы адамның жетекшілікке салыну жолын жояды.

3. Құдайдың мұрсат бергенініне масаттанбайық. Себебі илаһи ажал мен азапқа адам тұтқиылдан душар болады.

4. Күнәһарлар өлім аузында мұрсат сұрайды.

 

«Шұғыра» сүресінің 204-205-206-207 аяттары:

 

«أَفَبِعَذَابِنَا یَسْتَعْجِلُونَ»، «أَفَرَأَیْتَ إِن مَّتَّعْنَاهُمْ سِنِینَ»، «ثُمَّ جَاءَهُم مَّا کَانُوا یُوعَدُونَ»، «مَا أَغْنَى عَنْهُم مَّا کَانُوا یُمَتَّعُونَ»

Ал сонда олар азабымыздың тездетілуін тілей ме? (204) (Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те (205). Сонсоң оларға уәде етілген апат келсе (206). Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды. (207)

 

Алдыңғы аят былай деді: «Азап түсірілген кезде бұл күнәһарлар өздерінің жолдары және тәсілдерінен қол үзіп, иман келтіру үшін мұрсат сұрайды. Тіпті, егер көптеген жылдар бойы оларға мүмкіндік берсек те олар иман келтірмей, Алланың уәделерін теріске шығарады. Сол кезде байлық пен билік сынды дүниелік мүмкіндіктер оларға қатысты біздің азабымыздың күшін жоя алмайды. Бүлікшіл және қырсық адамдардың бойында күпіршілік пен үстемшілік рухының күштілігі сондай, пайғамбарлардан илаһи жазаның уәдесін естіген кезде оны мазақтап: «Егер айтып трғаның рас болса, біз көрейік, азабыңды жібер» деседі. Алайда азаптың белгілерін көрген кезде: «Бізге тағы мүмкіндік беріле ме?» деп сұрайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Бүгін илаһи уәделерді теріске шығаратын адамдар бір күні одан аман қалу үшін жалынатын болады. Бірақ олардың сол кездегі өтініштерінің пайдасы болмайды.

2.Илаһи қаһар түскен кезде адамның байлық, билік пен атақ сынды құралдарының пайдасы болмайды.

3. Дүниелік байлық Алланың не осы дүниедегі мейірімі мен рақымының белгісі емес, не илаһи рақымның ақыретте жалғасатындығының белгісі емес.

«Шұғыра» сүресінің 208-209 аяттары:

  «وَمَا أَهْلَکْنَا مِن قَرْیَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ»، «ذِکْرَى وَمَا کُنَّا ظَالِمِینَ»

Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған (208). Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз. (209)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар жалпы бір заңға сілтеме жасап, былай дейді: «Құдай сүннеті бойынша баршаға өзінің дәлелін аяқтап, пайғамбарларды жіберу арқылы адамдардың ескертілуі үшін баршаға оларға өздерінің жаман істерінің салдарларын ескертеді. Бірақ олар біле тұра қарсыласатын болса, Құдай олардың көзін жояды. Бұл – әділ іс. Адамдарға қатысты зұлымдық жасалмайды».

 Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құдай барлық қауымдар мен үмбеттерге оларға ескерту жасайтын адамдарды жіберген.

2.Алдын ала ескерту жасамастан бұрын жазалау зұлымдық болып табылады. Құдай өзінің пенделерінің хақына қатысты мұндай зұлымдық жасамайды.