Қаз 31, 2016 22:15 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 24

Осы уақытқа дейін тіпті дамыған еуропалық мемлекеттерде әйелдердің шынайы мәселелерінің, соның ішінде олардың адами құқықтарының бұзылуы мен жұмыс орындарындағы әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікке куә болудамыз.

Әйелдердің еңбегі туралы мәселеге халықаралық құқықтар мен халықаралық заңдарда, соның ішінде әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою конвенциясында ерекше көңіл бөлінген. Бұл конвенцияның 11-ші бабына сәйкес мүше мемлекеттер жұмыс орындарындағы әйелдерге қарсы кемсутішіліктерді жоятын шара қолдануға және ерлер мен әйелдердің құқықтарының теңдігіне сәйкес әйелдердің құқықтарын қорғауға міндетті болды. Бұл міндеттемелер бірдей жұмыстардағы әйелдер мен ерлердің жалақыларының теңдігін, жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің болуы мен жыныстық шабуылдардың және жұмысқа қабылдаған кезде кемсітушіліктің болмауын қамтиды.

Әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою конвенциясының стратегиясы мен негізгі мақсаты әйелдерге қарсы барлық салалардағы кемсітушілікті жою болып табылады. Әйелдерге қарсы кемсітушіліктерді жою комитетінің сараптамасы бойынша кемсітушілік барлық салалардағы әйелдер мен ерлерге қарсы әртүрлі заңдарға байланысты. Осыған орай осы кезге дейін тіпті дамыған еуропалық мемлекеттерде әйелдердің шынайы мәселелерінің,  соның ішінде олардың адами құқықтарының бұзылуы мен жұмыс орындарындағы әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікке куә болудамыз.

 Әйелдер  жұмыс орны

Жаңа мәліметтер мен соңғы хабарлар Ұлыбританиядағы әйелдер мен ерлердің жалақылары арасындағы теңсіздікті көрсетеді. Ұлыбританиядағы қаржы зерттеу ұйымы директорларының бірі Роберт Джуиси: «20 жыл өткенімен Ұлыбританияда әйелдердің білім деңгейі артып, әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы айырмашылығының азаюына қарамастан бұл елдегі әйелдер мен ерлер арасындағы жыныстық алшақтық жойылған жоқ»,- деді. Осы зерттеу ұйымының мәліметтері бойынша 1993-ші жылы жалақы айырмашылығы шамамен 28 пайыз болса, 2003-ші жылы бұл мөлшер шамамен 23 пайызға төмендеді. Қаржы зерттеу ұйымы қазіргі кезде жыныстық мәселеге қатысты жалақы айырмашылығының төмендеуіне қарамастан жоғары білімді ерлер мен әйелдердің арасында бұл мәселе өткен 20 жылда өзгермегенін мәлімдеді. Джозеф Рантри ұйымының мәліметі бойынша, Ұлыбританияда ерлер мен әйелдердің жалақыларындағы айырмашылық әйел адам балалы болғаннан кейін одан сайын артады. Бұл ұйымның мәліметі бойынша бірінші баласын туғаннан кейін әйелдердің жалақысы ерлермен салыстырғанда 33 пайызға төмендейді. Ұлыбританияның СМА басқару ұйымының зерттеуі бойынша ерлердің басқару саласында алға ілгерілеу ықтималы әйелдерден 40 пайызға жоғары.

Әйелдер   жыныстық кемсітушіілікпен кезігеді

 1970-шы жылы «Жалақылардың теңдігі» заңы бекітілгенінен 40 жылдан артық уақыт өткенімен Ұлыбританияда жалақы саласындағы жыныстық алшақтықтар әйелдерді қиындықтармен бетпе-бет келтіріп отыр. Кәсіподақ комитеттері мен әйелдердің құқықтарын қорғаушылар жыныстық кемсітушілік  пен жұмыс орындарындағы ерлер мен әйелдер арасындағы кемсутішілікті жою заңын бекітуді талап етті.

 Әйелдер мен ерлердің жалақыларында айырмашылық анық байқалуда

Әйелдердің құқықтарын қорғаушы комитет  Ұлыбританиядағы әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылықты шамамен 19,1 пайыз деп жариялады. Олардың пікірінше ерлер мен әйелдерге жалақы төлеудің айырмашылығы тіпті 40 пайызға дейін жетеді. «Гардиан» газеті бұдан бұрын: «Ұлыбританияда әйелдер жұмыс істеген кезеңдерде ерлермен салыстырғанда 300 000 еуро азырақ алады» деп жазды.

Әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою конвенциясының стратегиясы мен негізгі мақсаты әйелдерге қарсы барлық салалардағы кемсітушілікті жою болғанымен бұл конвенция  іс жүзінде тіпті дамыған мемлекеттерде әйелдердің жағдайын жақсарта алмады. Әйелдер жұмыс орындарында азап-қорлықтың әр түрімен бетпе-бет келеді. Жұмыс орындарындағы әйелдерге қарсы қорлықтар қоғамдық орталардағы әйелдерге қарсы жыныстық, психикалық және қаржы әлімжеттіктердің бір бөлігі. Әйелдердің жұмыс орындарында тап болатын азаптарының көбі психикалық және жыныстық тұрғыдағы қорлықтар болып табылады.

Әйелдерге қарсы қатыгездік

Жаңа зерттеулердің нәтижесі Ұлыбританияда өмір сүретін әйелдердің жартысының жұмыс орындарында қорлықпен кезіккендерін көрсетті. Ұлыбритания Кәсіподақ конгресі зерттеушілерінің мәліметі бойынша, ұлыбританиялық әйелдер жұмыс орындарында жыныстық тұрғыдағы қорлықтар мен жөнсіз қатынаспен бетпе-бет келеді.   2016-шы жылдың 10-шы тамызында жарияланған мәлімет бойынша бұл әйелдердің 80 пайызы жұмыс орындарынан айрылып қалудан қауіптеніп, басшыларына қорлықтары туралы хабарламайды. Ұлыбритания Кәсіподақ конгресі қайраткерлерінің бірі Алис Худ  бұл туралы: «Мұндай жайттар көп кездеседі, сондықтан оларға қатер қоңырауы ретінде көңіл бөлу қажет. Жыныстық қорлық – әйелдердің жұмыс орындарында кезігетін үлкен мәселелердің бірі. Бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Бұл қорлық электрондық почта немесе қоғамдық ақпарат құралдары арқылы орын алуы мүмкін. Бірақ осы кезге әйелдер бұл қорлықты бастан өткеруде»,- деді. Осы зерттеулер бойынша әрбір бес әйелдің біреуі өз басшысының жыныстық тұрғыдағы қорлығымен кезігеді. Олардың айтуынша, егер бұл мәселе әшкереленсе ешкім оларды тыңдамайды.

Әйелдерді азаптау

Ұлыбританияның Кәсіподақ конгресі зерттеушілерінің мәліметі бойынша, бұл мәселе 16-24 жастағы әйелдердің арасында көбірек кездеседі. Бұл жастағы әйелдердің шамамен үштен екі бөлімі жұмыс орындарында жыныстық қорлық көргендері туралы мәлімдеген. Бірақ Ұлыбритания лейбористік партиясының баспасөз хатшысы Анжела Рейнердің пікірінше, бұл елдің үкіметі әйелдерді жеткілікті түрде қолдамайды. Жыныстық қорлық – жыныстық кемсітушілік саналады, сондықтан әйелдерге қатты әсер етеді. Алайда әйелдерді қолдайтын үкіметтік механизмнің болмауы әйелдерге қарсы қылмыстардың артуына себеп болады.  Дін және діни уәжіптерді орындау, соның ішінде хиджаб мәселесі мұсылман әйелдердің жұмыс орындарында бетпе-бет келетін кемсітушіліктерінің  бірі болып табылады. Жаңа зерттеулердің нәтижелері бойынша Ұлыбританиядағы хиджаб киген әйелдер жұмысқа қабылданған кезде кемсітушіліктермен кезігуде. «Телеграф» басылымы 2016-шы жылдың 11-ші тамызында: «Ұлыбританияның заң шығарушылары хиджабты сақтайтын мұсылман әйелдердің көбінде жұмысқа қабылданбайтындығы туралы ескертті. Бұл мәселе қабылдауға болатын кемсітушілікке айналды»,- деп мәлімдеді.

Ұлыбритания парламентінің мәлімдемесі бұл елдің жұмыс берушілерінің хиджап киетін мұсылман әйелдерді әлсіз деп санайтынын көрсетеді. Парламенттің әйелдер  комитетінің зерттеулеріне сәйкес, кейбір мұсылман әйелдер орынды мамандыққа ие болу үшін исламдық киімдерін шешуге мәжбүр болған. Жұмыс берушілер мұсылман әйелдермен сұхбаттасқан кезде  заңсыз түрде оларды тергеп, тұрмысы, перзенттерінің саны немесе балалы болуды мақсат етуі туралы сұрақтар қояды.

 Ұлыбритания Парламентінің  Қауымдар палатасының Әйелдер комитетінің басшысы Мария Миллер

Бұл мәлімдемеде сонымен бірге мұсылман қоғамындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге үшін қажет шара қолдану туралы айтылған. Соңғы мәліметтер бойынша орта есеппен жұмыссыз мұсылмандардың саны жұмыссыз мұсылмандар еместермен салыстырғанда екі есе артық.

 Ұлыбритания Парламентінің  Қауымдар палатасының Әйелдер комитетінің басшысы Мария Миллер: «Өкінішке орай, мұсылман әйелдерге қарсы кемсітушіліктің мұндай тактикалары қабылдауға болатын тәсіл болып саналады. Мұсылман әйелдер де басқа әйелдер сынды қалаған киімімдерін киюге ерікті. Сондықтан киімдері үшін оларға кемсітушілік көрсетуге болмайды»,- деді.

Ұлыбританиядағы мұсылман әйелдер

Аталмыш комитет тыйым салу стратегиясының мұсылмандар арасындағы теңсіздік сезімін арттырғаны туралы ескертті. Осы стратегия бойынша мұғалім оқушының экстремизмді білдіретін кез келген белгісі туралы мәлімет беруге міндеттелді.

 Келесі мәлімет Австралияға қатысты. Бұл жаңа мәлімет бойынша Австралияның ұлттық полициясында еңбек ететін әйелдердің шамамен жартысы жұмыс орындарында жыныстық қорлық көргендерін мәлімдеген. Бұл мәлімет Австралия полиция күштерінің жыныстық қорлық туралы жариялаған саннан екі есе жоғары екенін көрсетті. Жарияланған мәліметтер ерлердің 62 пайызының, әйелдердің 66 пайызының өткен бес жылда жұмыс орындарында азап-қорлықпен кезіккендері туралы жариялағандарын көрсетіп отыр.

 Австралия полициясы

Австралия полиция қызметкерлерінің кейбіреуі жыныстық қорлық туралы түскен шағымдарды зерттеу ісінің ұзаққа созылатынын айтты.  Австралияның жыныстық кемсітушіліктер жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы Элизабет Бродрик бұл туралы: «Жыныстық азап-қорлық  саалсында тез арада шара қолдану қажет»,- деп қуаттады.

 

 

 

 

 

 

Тегтер