Қар 05, 2016 19:23 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 26

Ислам діні бойынша, хиджаб әйелдер үшін діни міндет, шариғат парызы. Сондықтан Батыс мемлекеттері азаттық пен демократияны сылтауратып, мұсылман әйелдердің табиғи құқықтарын бұза алмайды.

Франция халқының 10 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды. Бірақ бұл елдің ұлттық және жергілікті басшылары хиджабқа қарсы соғыстың басталуынан 15 жыл өткен жағдайда кейбір уақыттарда әйелдердің бұл киіміне қарсы жанжалды заңдарды бекітуде. Осыдан бір-екі ай бұрын Канна, Ницца мен тағы басқа бірнеше қаланың басшылары теңіз жағалауында буркиниге (мұсылман әйелдердің суға түскенде киетін киімі) тыйым салып, Франциядағы мұсылман әйелдердің киімі туралы мәселені тағы көтерді.

Фпанцияда буркиниге  тыйым салынды

Буркини – хиджаб киетін әйелдердің беті, алақаны мен табандарынынан басқа бүкіл денесін жабатын суда жүзу үшін қолданатын киімнің бір түрі. «Буркини» «жамылғыш» және  «бикини» (суға шомылғанда киетін киім) деген екі сөзден құралған.

Буркини

Ағымдағы жылдың 13-ші тамызында сот органдарының қолдауымен Францияның жағалауындағы Канна қаласында буркиниге тыйым салынды. Содан соң Ницца қаласына жақын Вильнёв-Лубе және Корсиканың Сискосында исламдық шомылу киіміне тыйым салды. Францияда буркиниге тыйым салынғаннан бері төрт әйелге айыппұл салынып, франциялық полиция тағы басқа алты әйелден жағалаудан кетуді талап етті. Буркини киген мұсылман әйелдер жағалаудан кетсе, оларға айыппұл салынбайды.

Францияның кейбір қалаларында буркиниге тыйым салынды

2009-шы жылдың тамыз айында Францияда буркини киіп келгені үшін бір әйел бассейннен шығарылды. Бұл әрекет көшеде жүрген киіммен шомылуға болмайды деген заңмен сәйкестендіріліп, іске асырылды.  2016-шы жылдың тамыз айында экстремизммен байланысты болу ықтимал деп, Канна қаласы буркиниге тыйым салды. Францияның басқа шамамен 20 қаласы, соның ішінде Ниццада шомылу кезінде киетін киімге қарсы шықты. Бұл заң бекітілген соң ондаған әйелге «секуляризмге лайық киінбегендері үшін» айыппұл салынды. Кейбір әйелдерді полиция тоқтатқан кезде олар өтіп бара жатқан адамдардың сөз шабуылымен кезікті. Ақпарат құралдары полиция офицерлерінің Ниццаның жағалауында бір әйелді киімін шешуге мәжбүрлегендерін хабарлады. Қаланың мэрі де Ниццадағы лаңкестік әрекеттен кейін   мұндай киімдерді киюді қабылдауға болмайтын түрткі деп айыптады.

 Полиция буркиниді шешуге мәжбүрлеуде

 Бұдан бұрын буркиниге тыйым салуға қатысты қайшылықтардың күшеюіне байланысты Франциядағы адам құқығы белсенділері әкімшілік іс жүргізетін жоғары соттвн бұл мәселеге қатысты пікірін жариялап, міндетін анықтауды сұраған болатын. Францияның әкімшілік іс жүргізетін жоғары соты бірінші отырысында буркиниге тыйым салуды жеке адамның азаттығын бұзу деп атап, аталмыш киімге тыйым салуды кейінге қалдырды. Францияның құқықтық жүйесінің негіздері бойынша шешім шығаруды кейінгі қалдыру, яғни буркиниді пайдаланудың заңды немесе заңсыз екенін зерттеуге көбірек уақыт бөлуді білдіреді. Біраздан кейін Францияның әкімшілік іс жүргізетін жоғары соты «Буркиниге тыйым салу жеке адамның негізгі азаттығы мен сенім азаттығын бұзу саналады»,- деп жариялады.

محرومیت از حق شنا

 Бұл елдің әкімшілік іс жүргізетін жоғары соты буркиниге тыйым салуға  келісімін бермегеніне қарамастан, франциялық саясаткерлер соттың шешімімен санаспайтындықтарын және заң шығарушылардың хиджабқа шектеу қоюға бет бұрғандарын көрсетті.

 Буркиниге тыйым салуды сынайтындар бұл тыйым салуды әйелдердің құқықтарына қарсы және исламнан үркітуді мақсат етуде деп санайды. Мұсылман бай бизнесмендердің бірі Рашид Никаз Францияда хиджабқа  тыйым салынғаннан кейін бұл заңға қарсы күресетін мұсылман әйелдердің айыппұлдарын төлейтінін жариялады.  Никаз осы кезге дейін еуропалық елдердегі әйелдерге салынған 200 мыңнан астам айыппұлды төледі. Бұл бизнесмен осы кезде де буркиниге тыйым салған жаңа заңға сай үш мұсылман әйелге салынған айыппұлды төлеп: «Мұндай іс-қимыл жасайтын басқа әйелдердің де айыппұлдарын төлеуге дайынмын»,- деп мәлімдеді.

 Алжирден шыққан, жылжымайтын  мүлік саласында жұмыс істейтін Никаз демократиялық жүйеде жеке адамның киетін киімін таңдауға араласуға болмайды, өйткені бұл киім басқалардың азаттығы мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудырмайды деп санайды.

Хидджаб мұсылман әйелдердің құқығы

Ол «Телеграф» газетіне берген сұхбатында «Мен Францияның азаттықтың негіздерін құрметтемегенін көрген кезде банктік чегімді қолданамын»,- деді. Рашид Никаз 2010-шы жылы Бельгия мен Францияда «ниқаб» - бет пердені пайдалануға  тыйым салынған кезде бір миллион еуромен азаттықты қорғайтын қор ашып, ниқабын шешуді қаламайтын әйелдерді қолдауға шешім қабылдап, оларға салынған айыппұлдарды төледі.  Изабель Ясмина  Аджани –  осы уақытқа дейін «Сезар» жүлдесіне бес рет ие болған франциялық танымал актриса. Ол Францияда бүркиниге тыйым салатын заңға қарсылардың бірі болып, бұл заңды «масқара әрі қатерлі» деп атады. Аджанидің айтуынша, мұндай тыйым салу негізінде Франциядағы экстремистердің мүддесін көздейді. Ол: «Мен әрқашан азаттық үшін еш нәрсе жасамайтындығымызға ренжимін. Біз бір киім үшін әйелдердің жағалауға баруына тыйым сала алмаймыз»,- деді.

 Францияда мұсылман әйелдердің киімі – хиджаб туралы жанжал 1989-ші жылдың 18-ші қыркүйегінде үш қыз баланың хиджаб киіп келгендері үшін мектептен шығарылуымен басталды. 1994-2003 жылдар аралығында хиджаб киген шамамен 100 жасөспірім қыз орта және жоғары сыныптардан шығарылды. Бұл оқиғалардың жартысында оқушылардың мектептен шығарылуын бұл елдің соты дұрыс емес деп таныды.

Хиджаб киюге тыйым салынды

 2003-ші жылдың шілдесінде Франция Президенті Жак Ширак зерттеу комитетін құрды. 2003-ші жылдың 11-ші желтоқсанында бұл комитет өз мәлімдемесін жариялап: «Діни белгілерін әшкере көрсетіп, өзінің дініне басқаларды қызықтыру Францияның мектеп жүйесінің секулярлық заңдарына қайшы келеді»,- деп мәлімдеді. Сол мәлімдемеде бір дінге қатысты белгілерді көрсетіп, өзіне қызықтыратын оқушыларға қарсы заң шығару ұсынылды. Сөйтіп мұсылман қыздардың бас орамалдары мен еврей ер балалардың тақиясы мен сикх ұлдардың сәлдесіне тыйым салынды. Ширак 2003-ші жылдың желтоқсанында аталмыш комитеттің мәлімдемесіндегі мектептердегі діни белгілерге салынған тыйымдарды заңға айналдыру туралы шешім қабылдады. 2004-ші жылдың 10-шы ақпанында Франция Парламенті 494 «оң», 36 «қарсы» және 31 «қалыс» дауыспен діни белгілергі тыйым салу туралы заңды қабылдады.

2010-шы жылы  әйелдердің  бетті бүркеуі туралы пікірталастар орын алып, Франция қоғамдық орындарда ниқаб жабуға тыйым салды. Аталмыш заң 2011-ші жылдың сәуірінен бастап іске асырыла басталды. Ислам дінінде хиджаб әйелдің міндеті болып табылады. Әйел бөтен ер адамдардың арасында хиджаб киіп жүруі керек. Бұл ер адам  ойлап шығарған міндет емес және әйелдің болмысы мен беделіне қайшы келмейді. Сондай-ақ  әйелдің құқықтарын бұзу  Алланың оған берген табиғи құқықтарымен санаспау емес.  Адам құқығы туралы уәж айтатын елдерде  кйбір шектеулер қарастырылған. Мәселен, егер ер адам жалаң аяқ немесе түнде ұйықтағанда киетін киімімен далаға шығып кетсе, қоғамдық нормаға сай емес әрекеті үшін полиция оны тоқтатады. Сондықтан ахлақи және қоғамдық мүдделер адамдарды ерекше нормаларды орындауға  міндеттеген жағдайда әйелдердің өз еріктерімен хиджаб киюді таңдауы оларға азаттық пен өз құқықтарына жетуге мүмкіндік тудырады. Ислам діні белгілеген киім оның қоғамдық белсенділігінің төмендеуіне себеп болмайды, керісінше әйелге деген құрметті арттырып, жыныстық шабуылдардың қатерінен қорғайды. Исламның көзқарасы бойынша, әйел үйден шыққан кезде оның киімі басқаларды, әсіресе ерлерді  жаман қылықтарға итермелейтіндей болмағаны жөн.

Хиджаб - діни міндет

Ислам діні бойынша хиджаб – әйелдер үшін діни міндет, шариғат парызы. Сондықтан Батыс мемлекеттері азаттық пен демократияны сылтауратып, мұсылман әйелдердің табиғи құқықтарын бұза алмайды. Бұл киім басқаларға зиян келтірмейді, ахлақ пен қоғамдағы жүйеге қайшы емес, әрбір азат адамның құқығы. Осыған орай ешбір саясаткер мен ешбір заң шығарушы әртүрлі сылтаулармен адамдарды білім мен тәрбие алу немесе сау серуен құқықтарынан мақұрым ете алмайды. Қандай дәлелді себеппен мұсылман әйелдердің сабаққа қатысып, білім алу немесе жағалауға барып, шомылуына тыйым салуға болады?

 Хиджаб және азаттық

Бұл дағдарыстар өздерін адам құқығы мен азаттық және өркениеттің бесігі деп санайтын мемлекеттерде олардың өтіріктері мен жамандықтары және өмірлерінің босқа өтуі әшкереленген жағдайда пайда болуда.

 

 

 

Тегтер