Қар 12, 2016 17:36 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 27

Хабарлар мен басқа мәліметтерге жасаған шолу өткен жылдары жиіркенішке сүйенген қылмыстардың көбінің діни топтарға қатысты болғанын көрсетеді. Әртүрлі діндердің жақтастарының арасында мұсылмандар басқалардан көбірек қатыгездіктердің құрбаны болуда.

Адам құқығының бұзылуы

Осы күні кейбір адамдар мен топтардың Батыс мемлекеттеріндегі аз санды мұсылмандарға жиіркеніш білдіруі туралы көптеген хабарлар естілуде. Осыдан біраз уақыт бұрын Шотландиядағы мешіттердің бірінде исламға қарсы шабуыл орын алып,  жиіркеніш пен өрттің салдарынан мешіт шығын көрді. Бұл шабуыл 18-ші қыркүйекте  Эдинбург қаласының Патро аймағындағы орталық мешітке қарсы жерде орын алды.

Мұсылмандар мешітіндегі өрт

Шабуылшы немесе шабуылшылар мешітке қарай өртке себеп болатын  зат  лақтырып, соның салдарынан  мешіттің есіктерінің бірі мен аумағы өртеніп, зиян келді. Бұл шабуылда адам өлімі  болмағанымен ғибадат мекені өртенді. Эдинбургтың оңтүстік-шығыс аймағының жергілікті басшысы әрі аға инспекторы Марк Рени Шотландия мешітіне жасалған шабуылды жиіркенішті деп атап, бұл оқиғаның куәсі болған адамдардан полицияға мәлімет беруді сұрады. Бұл істің  тергеушісі Джон Каванаг: «Бақытымызға орай, бұл оқиғаның салдарынан адам өлген жоқ, бірақ егер өрт жалғасқанда  бұл апаттың салдары өте жаман болатын еді»,- деді. Полицияның айтуынша, бұл оқиғаның негізгі айыпкері шамамен 30 жастағы ер адам. Оның суреті мешіттегі өрттен бұрын оқиға орын алған мекенге жақын жерде орналасқан мектептің камераларында қалған. Эдинбург пен Лотиан аймақтары кеңесінің төрағасы да шабуылды айыптап, бұл әрекетті дін мен сөз бостандығына қарсы деп атады. Ол оқиғаны өз көздерімен көрген адамдардан  полицияның жұмыстарына көмектесуді сұрап: «Эдинбург қоғамның ішіндегі жиіркеніш пен қайшылықтарды кеңейту мақсатында жасалған ешбір әрекетке төзе алмайды»,- деді.

 Шотландия полициясы

Британия полиция басшыларының ұлттық кеңесінің жариялауынша, Ұлыбританиядағы, соның ішінде Англия, Шотландия, Уэльс пен солтүстік Ирландияда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы референдум өткеннен кейін туындаған қылмыстар артқан. Ұлыбритания халқы 2016-шы жылдың 23-ші маусымында  шамамен 52 пайыз дауыспен 28 мемлекет мүше болып кіретін Еуроодақтан шығу туралы шешім қабылдады. Ұлыбритания полициясының мәліметі бойынша, референдум өткен және одан кейінгі апталарда туындаған қылмыстар  42 пайызға көбейіп, маусым айының 16-30 аралығында жиіркеніш әрекеттеріне қарсы 3198 шағым тіркелген.

Сондай-ақ осыдан біраз уақыт бұрын Нью-Йоркте бесінші көшеде ер адам бір мұсылман әйелдің мұсылмандық киімін өртеген. 35 жастағы Шотландия тұрғыны Намареқ әл-Хайанаи көшеден өтіп бара жатқан кезде киімінің сол жағының өртенгенін байқайды. Ол жалынды сөндірген соң бұл әрекетті ер адамның шақпақпен жасағанын түсінеді. Нью-Йорк полициясы бұл әрекетті жеккөрініштен туындаған қылмыс деп бағалады.

Нью-Йорктегі АҚШ исламдық қарым-қатынастары кеңесінің директоры Эфаф Нашир: «Нью-Йорк пен АҚШ-тың басқа аймақтарындағы мұсылмандар мен исламдық органдарға қарсы шабуылдардың артқанына куә болудамыз. Бұл мәселе барлық америкалықтардың алаңдаушылықтарына себеп болуы тиіс. Нью-Йорк қала әкімі мен полиция кеңсесінің мұсылмандарға қарсы әрекеттерді зерттеп, олардың алдын алу үшін қажет шара қолданатын уақыт келді»,- деді. Мұсылмандар мен олардың ұйымдарының шабуылдармен кезігіп отырғаны алғашқы рет емес. Діни және ұлттық топтарға қарсы жеккөрініштің артуы жаңа мәселе емес. Бұл мемлекеттердің көбін, әсіресе Батыс мемлекеттерін шырмаған  проблемалардың бірі саналады. Хабар мен басқа мәліметтерге жасаған шолу өткен жылдары  жеккөрінішке сүйенген қылмыстардың көбінің діни топтарға қатысты болғанын көрсетеді. Әртүрлі діндердің жақтастарының арасында мұсылмандар басқалардан көбірек қатыгездіктің құрбаны болуда. Өйткені Батыс мемлекеттерінде «Исламнан үркіту» деп аталған саяси ағым ұйымдастырылып, бұл ағым әр оқиғаның артында мұсылмандар тұрады деген уәждерді таратады. «Исламнан үркіту»  бұл елдердегі Исламға жиіркеніш білдіру қылмысының бір түрі болып табылады.

Мұсылмандарға қарсы шабуыл

2013-2014 жылдары ұлыбританиялық адамдардың Фейсбуктің 100 парақшасына жасаған зерттеулері Исламнан үркіту саясатынан туындаған  қорлықтың 494 рет орын алғанын көрсетті. Қатыгездіктердің көбі Ұлыбританияда орналасқан «Ұлыбританияны қорғайтын лига» және «Британия ферст» сынды экстремистік оңшыл  ұйымдардың қолдауына ие және осылардың сол елдегі жеккөрінішке қарсы заңдарды бұзатындықтарын көрсетті. Бірақ Фейсбуктің парақшаларына цензура жасап, заңды бұзғандарға қарсы полиция  шара қолданған емес. Осы мәлімет бойынша мұсылман әйелдер ерекше нысанаға алынған. «Жеккөрініштен» немесе «ырымшылдықтан» туындаған қылмыстар деген термин мемлекеттердің көбі мен халықаралық қоғамның құқықтық лексикасына енді. Бұл қылмыстардың басқа қылмыстардан айырмашылығы анық байқалады. Бұл қылмыс адамның қалауымен іске асырылады. Алайда шабуыл жасап, қирату, шығын келтіру, кісі өлтіру немесе тағы да басқа қылмыстар да жекккөрініштен туындауы мүмкін. Қылмыстың бұл түрінің орын алуы үшін ырымшылдық, қылмысты іске асыруға деген ынта мен қылмыстың материалдық факторы сынды үш фактор қажет.

«Жеккөрініштен» туындаған қылмыстар

Дін мен діни наным-сенімдерді кемсіту және ырымшылдықтың кез келген түрін жою мәлімдемесінің 4-ші бабында: «Үкіметтер дінді кемсітушіліктің алдын алу саласында әрекет жасауға міндетті және діни ырымшылдықпен күрес саласында қажет шара қолдануы тиіс»,- деп айтылған. Бұл мемлекеттердің көбі жеккөрініш білдіруді қылмыс деп санағандарымен, олардың алдын ала алмады. Франция, Германия, Чехия, Финляндия, Грекия, Венгрия, Италия, Ресей, Испания, АҚШ және Ұлыбритания  өздерінің ішкі заңдарында жеккөрінішті қылмыс деп санайтын елдерге жатады. Бірінші рет 1871-ші жылы АҚШ-тың азаматтық құқықтар заңында  жеккөрініштен туындағын әрекет қылмыс деп танылды. 1968-ші жылы АҚШ-ның азаматтық заңдарында бұл мәселе расталды. Бірақ мұндай шешім айтарлықтай нәтижеге жетпеді.

 «Лос-Анджелес таймс» газетінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың 20 штатынан  түскен мәліметтерге сәйкес, 2014-ші жылы мұсылмандарға қарсы жиіркеніштен туындаған қылмыстың саны 110 болса, 2015-ші жылы бұл сан 196-ға жетті. Мұндай қылмыстың ең көбі Калифорния штатында тіркеліп, 18-ден 40 қылмысқа артты, яғни 122 пайызға көбейді.

АҚШ-та мұсылмандардың құқылары бұзылуда

Мұсылмандарға қарсы жиіркеніштен туындаған қылмыстарды зерттеушілер бұл қылмыстардың санының көбеюін 2015-ші жылдағы Сан-Бернандинодағы лаңкестік әрекеттер мен АҚШ президенттік сайлауының республикашылдар партиясының үміткері Дональд Трамптың  мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу  уәждерімен байланыстырады. Айта кететін жайт, Трамптың уәждерінен кейін мұсылмандарға қарсы жиіркеніш сезімдеріне байланысты қылмыстар бес күннің ішінде 87 жарым пайызға артқан болатын. Бүгінде адамзат құқықтары туралы уәж айтатын үкіметтердің шынайы түрде елдеріндегі аз санды мұсылмандар қоғамының құқықтарына кепілдік беру туралы шешім қабылдайтын уақыт келді. Тек діни наным-сенімдері үшін ғана қатыгездік және азап-қорлықпен бетпе-бет келетін аз санды азаматтар  басқа да азаматтар сынды өмір сүру және қауіпсіздікпен қамтамасыз  құқықтарына ие. Бірақ Батыстың үгіт-насихаттары мен Исламнан үркіту саясаттарын жүргізуі және жазықсыз адамдардың құқықтарының бұзылуы қаланың қауіпсіздігі мен тұрғындарының тыныштығына  көптеген зиян келтіреді. Сондықтан Батыс саясаткерлері оңайлықпен жеккөрініш пен зұлымдық мақсаттарын көздейтін шабуылдарға көңіл бөлмей отыра алмайды.

 

 

 

 

 

Тегтер