Қар 15, 2016 16:34 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (9)

Алланың атымен бастаймыз! Эбола ауруымен күресуге бөлінген бюджеттің көлемі өткен бірнеше айдың ішінде АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын үміткерлердің бәсекелестігіне жұмсалған қаражаттың 41,84 пайызын құрайды.

Бір қарапайым салыстыру

Эбола – осы күнге дейін бес түрі анықталған өлімге әкеліп соқтыратын вирус. Бұл ауру жабайы жануарлардан адамға, сондай-ақ ауруға шалдыққан адамдармен тікелей қатынас арқылы басқа адамдарға таралады. Ауруға шалдыққандар арасындағы өлім-жітім деңгейі 25-тен 90 пайызға өзгеріп отырады.

 http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs103/en/ 

Эбола биылғы жылы Гвинея, Сьера-Леоне мен Либерияда 11310 адамды ажал құштырды. Байланыстардың кеңдігіне байланысты осы аурудың басқа елдерге таралу ықтималдығы халықаралық деңгейдегі алаңдаушылыққа айналып отыр. Эбола ауруын жоюға қажетті бюджеттің 37,5 пайызын өте кедей болып табылатын аталмыш елдердің өздері қамтамасыз етеді.  185 елдің арасында осы аурумен күресу деңгейі бойынша Сьера-Леоне 159-шы,  Либерия 182-ші, ал Нигерия 124-ші орында тұр.

https://www.gfmag.com/global-data/economic-data/worlds-richest-and-poorest-countries

Осы тұрғыдан Эбола ауруын жою үшін халықаралық көмектер қажет. БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі (OCHA) 2015 жылы желтоқсан айында Африканың батысындағы аталмыш 3 елде Эболамен кесімді түрде күресу үшін 988 млн доллар қажет деп жариялады. БҰҰ-на қарасты бұл кеңсе осы уақытқа дейін қажетті соманы толығымен алмаған.

https://www.theguardian.com/global-development/2014/oct/17/ebola-funding-how-much-where

Эбола ауруымен күресуге бөлінген бюджеттің көлемі өткен бірнеше айдың ішінде АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын үміткерлердің бәсекелестігіне жұмсалған қаражаттың 41,84 пайызын құрайды.

http://www.cdc.gov/vhf/ebola/outbreaks/2014-west-africa/case-counts.html

 

 

Тегтер