Қар 15, 2016 16:39 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (10)

Алланың атымен бастаймыз! АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын Республикашылдар партиясы мен Демократтар партиясының екі үміткерінің сайлау науқанына жұмсаған қаражаты 1 млрд 632 млн долларды құрайды. Бұл сома АҚШ-тың орта тобының ең төменгі сатыларында тұратын 415796 жанұяның айлық өмірін қамтамасыз етуге жетеді.

Бір қарапайым салыстыру

Кедейшілік АҚШ-та теріске шығаруға болмайтын құбылыс болып саналады. АҚШ экономикасының әлеуеті осы елде экономикалық  әділеттікті қамтамасыз ете алмады. 2014 жылы АҚШ-та 47 млн адам кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүрген.

http://www.povertyusa.org/the-state-of-poverty/poverty-facts/

Кедейшілік деңгейі деп белгіленген шектен тек 2 есе артық қаржы қабілетіне ие адамдардың саны – 91 млн 600 мың. Бұл АҚШ-тың бүкіл халқының 30 пайызын құрайды.

http://www.huffingtonpost.com/2014/09/16/poverty-household-income_n_5828974.html

АҚШ-тағы кедейлік

Осы жанұялардың бюджеті мен  АҚШ-та өтетін президенттік сайлау науқанына жұмсалатын қаражатпен салыстыру қызықты жайтты әшкерелеп берді. АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын Республикашылдар партиясы мен Демократтар партиясының екі үміткерінің сайлау науқанына жұмсаған қаражаты 1 млрд 632 млн долларды құрайды.

http://www.opensecrets.org/pres16/

Бұл сома АҚШ-тың орта тобының ең төменгі сатыларында тұратын 415796 жанұяның айлық өмірін қамтамасыз етуге жетеді. Бұл жанұяларда АҚШ-тың орта тобына жататын 1 млн 663 мың адам бар.  

Тегтер