Қар 15, 2016 16:51 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (12)

Алланың атымен бастаймыз! Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның 2016 жылы қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға жұмсаған қаражаты бір балалы 142 мың кедей жанұяның бір ай бойы өмір сүруге жұмсайтын максималды бюджетіне тең.

Бір қарапайым салыстыру

АҚШ жайлы статистикалық мәліметтерге негізделген сандарға шолу осы ел тұрғындары өмірінің әртүрлі қатпарларын айқындап береді.  Соның ішінде бұл елдің экономикалық көлемі 17350 млрд долларды құрайды. Бұл оны әлемдегі үшінші үлкен экономикаға айналдырды. Алайда тура осы статистикалық мәліметтер бұл елде 47 млн адамның кедейлік деңгейінен төмен өмір сүріп жатқанын  көрсетеді. Бұл 312 млн халқы бар АҚШ-тың 15 пайызын құрайды.

http://www.povertyprogram.com/usa.php

Мұнымен қоса, бұл елде кедей топта дүниеге келетін балалардың 35 пайызы ғана есейгенде орташа экономикалық топқа кіруге мүмкіндік алады. Мысалы, елде 2013 жылы жалғыз ана басқаратын 15 млн 600 мың жанұяның үштен бірі экономикалық тұрғыдан кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін отбасылар қатарына жатады. Осылайша АҚШ-та жалғыз ана басқаратын 5 млн 200 мың жанұя осы елдің федералдық үкіметінің  стандарттары бойынша кедей болып саналады. Қара нәсілді жалғыз аналар туралы айтар болсақ, олардың арасында кедейлік 33 пайыздан 42,5 пайызға дейін жетеді. АҚШ-та өз өмірі мен балаларын жалғыз басқаратын латынамерикалық әйелдер арасындағы кедейлік деңгейі осыған ұқсас қара нәсілді жанұямен салыстырғанда азырақ, 23,5 пайызды құрайды.  Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның 2016 жылы қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға жұмсаған қаражаты бір балалы 142 мың кедей жанұяның бір ай бойы өмір сүруге жұмсайтын максималды бюджетіне тең.

http://www.povertyusa.org/the-state-of-poverty/poverty-facts/

http://www.huffingtonpost.com/2014/09/16/poverty-household-income_n_5828974.html

http://www.povertyprogram.com/usa.php

Тегтер